Атырау қ., М.Ауэзов қ. 80
"Атырау облысы Су Арнасы" КМК басқармасы: 454017; 454022; 454023; 454026; 454027.
Орталық диспетчерлік қызмет (апаттық): 492002; 492003; 492009; +77011019805.

Жеңіс паркі аумағында Д-500 мм магистральдық су құбырында апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетіндіктен 2021 жылдың 16 қыркүйегінде сағат 14.00-ден бастап. сағат 18.00-ге дейін "Атырау облысы Су Арнасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны 2-ші және 3 Авангард шағын аудандары және Жеңіс саябағы аумағында орналасқан барлық тұрғындар мен кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларының назарына жеткізеді.

Осыған байланысты көрсетілген уақытта Авангард 2-ші және 3-ші шағын аудандардағы және Жеңіс саябағы аумағындағы тұрғын үйлер мен әлеуметтік-тұрмыстық нысандарға су беру уақытша тоқтатылады, оның ішінде:
- Авангард 2-ші шағын ауданындағы, №№1, 3, 4, , 13, 14, 15, 17 тұрғын үйлерге.
- Авангард 3-ші шағын ауданындағы, №№6, 7, 8, 9, 24, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 39а, б, в, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 53, 73, 74, 75, 76.
- әлеуметтік-тұрмыс нысандары (№6 "Гүлдер", №8 "Ақбота" бала-бақшалары және №1 бөбекжай-бала-бақшасы, №30 мектеп-интернаты, Атырау медициналық колледжі, Рим-Католик шіркеуі, "Сулпак" СҮ).
- Прибойная көшесіндегі жеке сектор және Жеңіс саябағы ауданындағы "Ривьера" ТК.
- Құрманғазы көшесіндегі, №1 тұрғын үй.
- Н.Тілендиев көшесі, №94 мекен-жайдағы "ҚазТрансОйл" АҚ.
- Н.Тілендиев көшесі, №96 мекен-жайдағы Х.Досмұхамедов атындағы АМУ студенттеріне арналған жатақхана.