Атырау қ., М.Ауэзов қ. 80
"Атырау облысы Су Арнасы" КМК басқармасы: 454017; 454022; 454023; 454026; 454027.
Орталық диспетчерлік қызмет (апаттық): 492002; 492003; 492009; +77011019805.

Құрметті қатысушылар!

"Атырау облысы Су Арнасы" КМК-ы Атырау облысы әкімінің 2019 жылғы 26 қазандағы №226 қаулысы негізінде құрылды. Кәсіпорын "Атырау облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" ММ қарамағына берілді.


"Атырау облысы Су Арнасы" КМК-ы реттелетін қызметтердің келесі түрлерін жүзеге асырады:
- суды магистральдық және таратушы құбырлар арқылы беру қызметі;
- ағынды суларды бұру, тазарту қызметі;
- І-ші учаскенің тұтынушыларын жылу энергиясымен жабдықтау, тарату және өндіру бойынша қызмет.

Қалаға және Мақат ауданына ауыз суды тазарту және беру І-ші учаске ауданында орналасқан Атырау қаласының су тазарту құрылғыларынан жүзеге асырылады.

"Атырау облысы Су Арнасы" КМК-ы Атырау қаласындағы және қала маңындағы кенттердегі, Мақат кентіндегі, Доссор кентіндегі су құбыры және кәріз желілерін пайдаланады:
- су құбыры - 16978,236 км, оның ішінде Атырау қаласы және қала маңындағы кенттер бойынша - 16 852,849 км, Мақат ауданында (Мақат және Доссор кенттері) - 125,387 км.
- кәріз құбыры - 310,67 км, оның ішінде Атырау қаласы бойынша - 297,35 км, Мақат кенті бойынша - 13,32 км.

Атырау қаласы және Мақат ауданы бойынша кәсіпорын:
- Су қысымын көтеру сорғы станциялары 45 бірлік.
- Кәріздік сорғы станциялары 89 бірлік.

   01.07.2021 ж. жағдайында қызметкерлердің тізімдік саны 1022 адамды құрады.

2021 жылдың 1-ші жартыжылдық кәсіпорынның көрсеткіштері:


Атауы

Өлшем бірлігі

2021 жылдың 1-ші жартыжылдық көрсеткіші

1

Су өткізу (сату)

мың м3

8 644,20

2

Сарқынды суларды бұру

мың м3

4 900,24

3

Жылумен жабдықтау

мың м3

739,76

4

Барлық табыс, соның ішінде:

млн.теңге

1 655,71

 

а) негізгі қызметтен табыс, соның ішінде,  

млн.теңге

1 585,12

 

сумен жабдықтау

млн.теңге

1 255,21

 

суды бұру және тазарту

млн.теңге

329,91

 

б) басқа да табыстар, соның ішінде,

млн.теңге

70,59

 

жылумен жабдықтау

млн.теңге

4,85

 

өзге де қызметтер

млн.теңге

65,74

5

Барлық шығындар, соның ішінде:

млн.теңге

1 782,44

 

а) негізгі қызмет бойынша шығындар, соның ішінде,

млн.теңге

1 691,67

 

сумен жабдықтау

млн.теңге

1 275,64

 

суды бұру және тазарту

млн.теңге

416,03

 

б) басқа да табыстар, соның ішінде,

млн.теңге

90,77

 

жылумен жабдықтау

млн.теңге

11,97

 

өзге де қызметтер

млн.теңге

78,80

6

Қаржылық нәтиже

млн.теңге

-126,73

2021 жылдың 1-ші жартыжылдық кәсіпорын бойынша табыс 1 млрд. 655 млн.713 мың теңгені, соның ішінде негізгі қызметтен - 1 млрд. 585 млн.120 мың теңгені құрады. Шығындар 1 млрд. 782 млн. 444 мың теңгені құрады. 2021 жылдың 1-ші жартыжылдық шығыны -126млн. 731 мың теңгені құрады.

2021 жылдың 1-ші жартыжылдығында нақты суды өткізу (сату) 8 млн. 644,20 мың м3-ті құрады.Су сату қызметінен түскен табыс есепті кезең ішінде – 1 млрд. 255 млн. 208 мың теңге.
Сумен жабдықтау қызметі бойынша нақты шығындар 1 млрд. 275 млн. 644 мың теңгені құрады.

2021 жылдың 1-ші жартыжылдығында сарқынды суларды бұру және тазарту бойынша 4 млн. 900,24 мың м3 құрады. 2021 жылдың 1-ші жартыжылдық сарқынды суларды әкету қызметінен түскен табыс -329 млн. 912 мың теңгені құрады. Суды әкету қызметі бойынша нақты шығындар 416 млн. 034 мың теңге.

 2021 жылдың 1-ші жартыжылдығында жылу энергиясымен жабдықтау қызметінен табыс -              4 млн. 854 мың теңгені (739,76 Гкал) құрады. Нақты шығындар 11 млн. 968,33 мың теңгені құрады.

Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2020 жылдың 7 шілдедегі №42-НҚ, №43-НҚ, №44-НҚ, №45-НҚ бұйрықтарымен сумен жабдықтау және сарқынды суларды бұру, жылу энергиясымен жабдықтаубойынша реттеліпкөрсетілетін қызметтеріне 2020 жылдың 1 тамыздан бастап төмендегідей мөлшерде тарифтер бекітілді:

Атырау қаласы бойынша


Тұтынушылар атауы

теңге/м3(ҚҚС-сыз)

Магистралды құбырлар және тарату желілерімен су беру

Тұрғындар

89,00

Өзге тұтынушылар

294,76

Сарқынды суларды бұру, тазарту

Тұрғындар

28,1

Өзге тұтынушылар

133,08

Мақат ауданы бойынша

Тұтынушылар атауы

теңге/м3(ҚҚС-сыз)

Магистралды құбырлар және тарату желілерімен су беру

Тұрғындар

90,79

Өзге тұтынушылар

296,0

Сарқынды суларды бұру, тазарту

Тұрғындар

31,28

Өзге тұтынушылар

149,77

Алмалы ауылы бойынша

Тұтынушылар атауы

теңге/м3(ҚҚС-сыз)

Магистралды құбырлар және тарату желілерімен су беру

Тұрғындар

83,25

Өзге тұтынушылар

174,47

Атырау қаласы 1 учаске бойынша жылумен жабдықтау


Тұтынушылар атауы

теңге/Гкал(ҚҚС-сыз)

Тұрғындар және өзге тұтынушылар

6546,46

01.07.2021 ж. жағдайында абоненттер саны 116 мың 124-ті құрады, соның ішінде, жеке тұлғалар - 110 мың 823 абонент:
Қала – 103 мың абонент
Мақат кенті – 3 мың 364 абонент
Доссор кенті – 2 мың 702 абонент
Алмалы ауылы – 747 абонент
Береке ауылы – 740 абонент
заңды тұлғалар - 5 мың 301 абонент: 
Қала – 5 007 абонент
Мақат кенті – 160 абонент
Доссор кенті –111 абонент
Алмалы ауылы – 14 абонент
Береке ауылы – 9 абонент

01.01.2021 ж. жағдайында абоненттер саны 114 мың 139-ды құрады, соның ішінде, жеке тұлғалар - 109 мың 044 абонент:
Қала – 101 мың 413 абонент
Мақат кенті – 3 мың 630 абонент
Доссор кенті – 2 мың 675 абонент
Алмалы ауылы – 704 абонент
Береке ауылы – 622 абонент
заңды тұлғалар - 5 мың 095 абонент:
Қала – 4 822 абонент
Мақат кенті – 152 абонент
Доссор кенті – 98 абонент
Алмалы ауылы – 14 абонент
Береке ауылы – 9 абонент

   «Атырау облысы Су Арнасы» КМК дебиторлық берешектерді азайту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. 2021 жылдың 1-ші жартыжылдығында 745 абонентке 62 млн. 696 мың сомасына дебиторлық берешектерді өтеу жөнінде хабарламалар таратылды, соның ішінде, 530 абонент 31 млн. 140 теңге сомасына ақыларын төледі.

Жыл сайын су пайдалану саласындағы бұзушылықтарды анықтау мақсатында объектілерді түгендеу жүргізіледі.
2021 жылдың 1-ші жартыжылдығында тұтынушылардан анықталғаны:
1.заңды тұлғалар

  • Су есептегіштегі пломбаларды жұлып алу 45 фактісі;
  • Өрт сөндіргі гидрантындағы пломбаны жұлып алу 6 фактісі;
  • Өз бетімен су пайдалану 33 фактісі;
  • Сумен жабдықтау жүйесінен ысырап анықталған 3 фактісі;
  • Есептеу құралының ақауларын хабарламау 23 фактісі;
  • Айналмалы желі анықтау 29 фактісі;
  • Су сорғы үзіліссіз 2 фактісі;
  • Қол жетімді емес 4 фактісі;
  • Есепке алу аспабынсыз суарудың 3 фактісі;

2.жеке тұлғалар

  • Жеке тұлғалар, қызмет көрсетуге шарт жасаспай су пайдаланудың 93 фактісі;
  • Есептеу аспабында пломбаның істен шығу фактілерінің 84-і;
  • Тұтынушының сумен жабдықтау жүйелерінен ағып кету фактілерінің 3-і;
  • Айналмалы желі анықталу факті -68;
  • Есепке алу аспабының ақаулығы- 62 факті;
  • Есепке алу аспабына қолжетімділік жоқ- 7 факті;
  • Есепке алу аспабынсыз суарудың -4 фактісі;

Барлығы: 469 бұзушылық: заңды тұлғалар объектілерінде – 148 және жеке тұлғаларда –321.

2021 жылдың бірінші жартыжылдығында "Атырау облысы Су Арнасы" КМК келесі жұмыстарды орындады:
Атырау қаласының су тазарту құрылғыларында:
І-ші су көтеру сорғы станциясында:
- стационарлық сорғы станциясының вакуумдық сорғыларын жөндеу-2 дана және жүзбелі сорғы станцниясында-2 дана.
- стационарлық сорғы станциясының сорғы қондырғыларын алып тастау - 2 дана және қалқымалы сорғы станциясында-3 дана.
- жүзбелі сорғы станциясында балық қорғау торларын жөндеу - 1 дана және стационарлық сорғы станциясында-6 дана.
- ауданы 280 м2 дефектоскопия жүргізу үшін жүзбелі сорғы станциясының түбін тоттан және қоқыстан тазарту.

ІІ-ші су көтеру сорғы станциясында:
- дренажды сорғыларды жөндеу-2 дана .
-Д- 400 мм ысырманы Мақат кентіне су беретін су құбыры желісіне орнату-1 дана.
- сорғыларды басқару шкафының қуатын күшейту үшін толық трансформаторлық қосалқы станциядан басқару шкафына қосымша кабель тарту жұмыстары жүргізілді.
- жиынтық трансформаторлық қосалқы станцияны тексеруден өтті.

№ 1 су сүзу станциясында:
-бекіту арматурасын жөндеу Д-200 мм-2 дана, Д-300 мм-12 дана, Д-400 мм-4 дана.
- жуу агрегаттарын жөндеу және орталықтандыру-1 дана .
- мөлшерлегіш сорғыларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету-1 дана .
- бекіту арматурасының электр жетегіндегі редукторларды жөндеу-8 дана .
- кәріз желілерінде тексеру терезелерін дайындау бойынша жұмыстар орындалды-6 дана.
- тұндырғыштарды жуу бойынша жұмыстар орындалды-4 дана .

№2 су сүзу станциясында:
-бекіту арматурасын жөндеу Д-300 мм-8 дана, Д-400 мм-2 дана, Д-500мм-2 дана.
- жуу агрегаттарын жөндеу және орталықтандыру-2 дана .
- мөлшерлегіш сорғыларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету-1 дана .
- дренажды сорғыларды жөндеу-1 дана .
- бекіту арматурасының электр жетегіндегі редукторларды жөндеу -12 дана.
- кәріз желілерінде қарау терезелерін дайындау бойынша жұмыстар орындалды-8 дана.
-тұндырғыштардың кәріз желілерінде қарау терезелерін дайындау бойынша жұмыстар орындалды-4 дана.
- хлор мөлшерлегіштерін жөндеу және техникалық қызмет көрсету-6 дана .
- тұндырғыштарды жуу бойынша жұмыстар орындалды-4 дана .
-№2 су сүзу станциясының хлорлау бөліміндегі электр селферінде тозған жүк арқандарын ауыстыру бойынша жұмыстар орындалды.
-№2 су сүзгі станциясының алюминий күкірт қышқылы қоймасындағы электр сөрелерін ауыстыру бойынша жұмыстар орындалды-2 дана.
- техникалық су желісіндегі сорғы агрегаттарын тексеру-1 дана.

№3 су сүзу станциясында:
-бекіту арматурасын жөндеу Д-100 мм-12 дана, Д-150 мм-24 дана, Д-200 мм-16 дана, Д-300 мм-4 дана, Д-500 мм-2 дана, Д-600 мм-2 дана.
- жуу агрегаттарын жөндеу және орталықтандыру-2 дана .
- мөлшерлегіш сорғыларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету-8 дана ;
- ұзындығы 85 метр күкірт қышқылды алюминий желісін жөндеу бойынша жұмыстар орындалды.
- бекіту арматурасының электр жетегіндегі редукторларды жөндеу -10 дана.
- кәріз желілерінде қарау терезелерін дайындау бойынша жұмыстар орындалды-8 дана.
- ағартылған ағындардың кәріз желілерінде қарау терезелерін дайындау бойынша жұмыстар орындалды-6 дана.
- тұндырғыштарды жуу бойынша жұмыстар орындалды-6 дана.
- техникалық су желісіндегі сорғы агрегаттарын тексеру-1 дана.

№4 су сүзу станциясында:
-бекіту арматурасын жөндеу Д-100 мм-4 дана, Д-125 мм-10 дана, Д-150 мм-8 дана, Д-200 мм-6 дана.
-мөлшерлегіш сорғыларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету-4 дана ;
-ұзындығы 46 метр күкірт қышқылды алюминий желісін жөндеу бойынша жұмыстар орындалды.
-араластырғыштардағы редукторларды жөндеу-10 дана .
-ұзындығы 8 метр Д-110 мм жаңа хлор су құбырын орнату бойынша жұмыстар орындалды.
- хлор мөлшерлегіштерін жөндеу және техникалық қызмет көрсету-2 дана .
- тұндырғыштарды жуу бойынша жұмыстар орындалды-10 дана.
- техникалық су желісіндегі сорғы агрегаттарын тексеру-2 дана .
- жиынтық трансформаторлық қосалқы станцияны тексеру.

Алмалы ауылының су тазарту құрылғыларында:
- сорғы станциясында сорғы агрегаттарын жөндеу бойынша жұмыстар орындалды-2 дана.
- таза су резервуарларын жуу бойынша жұмыстар орындалды-3 дана.
- тұндырғыштарды тазалау бойынша жұмыстар жүргізілді-1 дана.

2021 жылдың наурыз айында "Энергоучет Казахстан" ЖШС-нің мамандары магистральдық су құбырлары бойынша қалаға берілген суды есепке алу үшін ІІ-ші су көтеру сорғы станциясынан шығатын Д-600 мм және Д-800 мм су құбырлары желілеріндегі су есептегіштерді орнату және пайдалануға енгізу бойынша жұмыстарды орындады.

2021 жылдың сәуір айында "Иртышподводсервис" ЖШС-мен жасалған шарт бойынша қаланың су тазарту құрылғыларындағы жүзбелі сорғы станциясының суасты бөлігіне сүңгуірлік тексеру жүргізілді.

Атырау қаласының және шалғайдағы кенттердің су құбыры желілеріне су беруді жақсарту үшін жалпы ұзындығы 7 км 25 метр су құбыры желілерінің апаттық учаскелерін ауыстыру бойынша жұмыстар орындалды, оның ішінде келесі учаскелерде: Нұрсая шағын ауданы, Құрсай селосының Алатау көшесі, Тасқала-3 селосы, Атырау ықшам ауданы, Студенттер көшесі, Еркінқала селосы, Томарлы селосы, Сарықамыс шағын ауданындағы Лашын көшесі, Афанасьев көшесі, Белинский көшесі.

Әуезов көшесі бойындағы №58 үй ауданында орналасқан Әуезов көшесіндегі СуҚКСС-ға су беруді жақсарту үшін ұзындығы 25 метр болатын Д-160 мм-ден Д-225 мм-ге су құбырын  ауыстыру бойынша жұмыстар орындалды.

Атырау және Дамба ауылдық округтерінің қала маңындағы кенттеріндегі су қысымын қалыпқа келтіру үшін Мирный-СуҚКСС-да өнімділігі 150 м3/сағ. қосымша сорғы орнату бойынша жұмыстар орындалды.

Еркінқала-1, Еркінқала-2 ауылдарында су қысымын қалыпқа келтіру үшін ұзындығы 145 метр боатын таза су резервуары мен Еркінқала-СуҚКСС-ы арасында Д-160 мм су құбырының айналма желісінің құрылысы бойынша жұмыстар орындалды.

Азаттық даңғылы бойындағы №119 үй ауданында орналасқан Ұшқын-СуҚКСС-ның Д-219 мм апаттық болат су құбырын Д-110 мм полиэтилен су құбырына ауыстыру бойынша жұмыстар орындалды, ұзындығы 240 метр.

Ауыз судың қысымын көтеру сорғы станциялары мен су құбыры желілерінде келесі жұмыстар орындалды:
-Мирный-СуҚКСС-нда су қысымын автоматты түрде реттеуге арналған 30 кВт жиілік түрлендіргішін орнату.
-Мирный-СуҚКСС-нда қуатты күшейту үшін кешенді трансформаторлық қосалқы станциядан басқару шкафына дейін кабельді жүргізу орындалды.
- Еркінқала-СуҚКСС-да Д-150 мм ысырманы ауыстыру.
-Мирный-СуҚКСС-нда және Бірлік-СуҚКСС-нда кешенді трансформаторлық қосалқы станциясын тексеру.
-сорғы қондырғыларын тексеру-27 дана.
-"Сауран" сауда үйі ауданындағы және Жұлдыз шағын ауданындағы су құбырындағы Д-200 мм ысырманы ауыстыру -2 дана.
- су құбыры желілеріндегі тиек арматурасын ауыстыру-16 дана.
- су құбыры желілеріндегі тиек арматурасын жөндеу-23 дана.

Кәріздік тазарту құрылғылары мен кәріздік сорғы станцияларында келесі жұмыстар орындалды:
Кәріздік тазарту құрылғылары (оң жағалау):
-сорғы қондырғысын тексеру-1 дана.
-электр қозғалтқышын тексеру-1 дана.
-тазартылған ағындылар резервуарын тұнбадан тазарту-1 дана .

Кәріздік сорғы станцияларында:
-сорғы агрегаттарын тексеру -32 дана.
-басты кәріздік сорғы станцияларында ысырмаларды тексеру-40 дана.
-Сельхозтехникум-КСС, Химпоселок-КСС, Алмагүл шағын ауданы-КСС шахтаны тазарту жұмыстар орындалды.
-Нұрсая шағын ауданы-КСС, 14-КСС, 10-КСС, Вокзал маңы-КСС науалар тазаланды.

Кәріз құбырларында келесі жұмыстар орындалды:
-жалпы ұзындығы 391 метр арынды және өзіаққыш кәріз құбырлары учаскелерін күрделі жөндеу.
-Нұрсая шағын ауданындағы,  Торговая база ауданынан Махамбет көшесіндегі 10-КСС-ға дейін, Вокзал маңы шағын ауданы, Береке шағын ауданы, Геолог кенті, Балықшы кентіндегі жалпы ұзындығы 780 метр болатын өзіаққыш кәріз құбырын тазалау орындалды.
- бекіту арматурасын ауыстыру және орнату-2 дана .
- кәріз құдығын орнату-1 дана.
Су құбыры және кәріз құдықтарында 275 бетон қақпақтар жасалып, орнатылды.