Атырау қ., М.Ауэзов қ. 80
76-37-58, 76-37-75, 76-37-71(факс)
76-37-70 (апаттық диспетчерлік қызмет)

2021 жылдың 8 желтоқсанында "Атырау облысы Су Арнасы" КМК Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт кәсіпорын директоры А.и. Кенжеғалиевтің, бас инженердің, бөлім және қызмет бастықтарының қатысуымен дәріс өткізді.

Дәріс барысында сыбайлас жемқорлық фактілерімен соқтығысу жағдайларында көмекке жүгіну, 2021 жылдан бастап ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына енгізілген толықтырулар мен өзгерістер, Атырау облысында жемқорлық бұзушылықтар бойынша орындалған жұмыстар мен анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыстарының статистикасы, кәсіпорын қызметіне байланысты, оның ішінде мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, халықпен жұмыс барысында және кәсіпорын қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары, квазимемлекеттік сектордың лауазымды тұлғаларының этикасы мен мінез-құлық нормалары және т. б. мәселелер қозғалды.
Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің бірінші орынбасарына комплаенс қызметіне, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі мониторингіне және мемлекеттік сатып алу саласындағы өзекті мәселелерді шешу кезінде кәсіпорынның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарымен одан әрі бірге жұмыстануға қатысты мәселелер түсіндірілді. Су бұру және сумен жабдықтау, материалдық-техникалық жабдықтау қызметтерінің қызметіне қатысты мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша ұсынымдар берілді.