logo
  • Атырау Су Арнасы КМК
  • Атырау Су Арнасы КМК
  • Атырау Су Арнасы КМК

«Атырау Су Арнасы» КМК Директорының м.а.
Кенжегалиев Арман Ізтілеуұлы


Жеке сұрақтар бойынша қабылдау күн сайын
(дүйсенбіден бастап жұмаға дейін)
сағ. 18.00-ден 19.00-ге дейін.

avariinaya
zayavka
center
news
obratnaya

«Атырау Су Арнасы» КМК «Дренаж» КМК негізінде 1.06.2006 ж. Атырау қаласы әкімінің 22.06.206 ж.  № 213 каулысымен құрылды.
2018 жылы Атырау облысы әкімінің 27.02.2018 ж. № 23 қаулысы негізінде «Атырау Су Арнасы» КМК «Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-нің басқаруына берілді.

«Атырау Су Арнасы» КМК төмендегідей реттелетін қызмет түрлерін атқарады:
- магистралды және тарату құбырларымен су беру қызметі;
- сарқынды суларды әкету, тазарту қызметі;
- жылу энергиясын өндіру, беру, және тарату, онымен 1 бөлімше ауданындағы тұтынушыларды жабдықтау қызметі.
Кәсіпорын төмендегілерді пайдаланады:
1.Қалалық су тазарту құрылғылары кешені, оның құрамында:
-1-інші және 2-інші су көтеретін сорғы станциялары, жалпы өнімділігі – 22 510 м3/сағат.
-Сүзу  станциялары, өнімділігі 120 мың м3/ тәулігіне.
-жерасты таза су резервуарлары, жалпы сыйымдылығы 20 мың м3/ тәулігіне – 7 бірлік.
-Қазандық, 4 қазаны бар, жиынтық өнімділігі 13,23 Гкал/сағат.
Қазандар сұйық отынмен (мұнай) және газбен жұмыс істейді.
2. Су құбырлары және канализация желілері, жалпы ұзындығы 1604,17 км; соның ішінде:
-су құбыры – 1293,50 км, соның ішінде, Атырау қаласы және қала маңы кенттерінде – 1168,11 км; -канализация – 310,67 км, соның ішінде Атырау қаласында – 297,35 км.
3.Су қысымын көтеретін сорғы станциялары(ҚКСС) – 45 бірлік.
4.Канализациялық сорғы станциялары (КСС), саны - 90 бірлік.
5.Канализациялық тазарту құрылғылары, қаланың оң жақ бөлігінде буландырғыш тоғаны бар, жобалық өнімділігі 31 мың м3/тәулігіне.
01.01.2019 ж. жағдайында қызметкерлердің тізімдік саны 1010 адамды құрады.

2018 жылғы кәсіпорынның көрсеткіштері:

Атауы

Өлшем бірлігі

2018 ж.

1

Су өткізу (сату)

мың м3

14 948,30

2

Сарқынды суларды әкету

мың м3

10 058,10

3

Барлық табыс, соның ішінде:

млн.теңге

3426,03

 

а) негізгі қызметтен табыс, соның ішінде,  

млн.теңге

3 272,61

 

сумен жабдықтау

млн.теңге

2 475,39

 

суды әкету

млн.теңге

797,22

 

б) басқа да табыстар, соның ішінде,

млн.теңге

153,42

 

жылумен жабдықтау

млн.теңге

8,59

 

өзге де қызметтер

млн.теңге

144,83

4

Барлық шығындар, соның ішінде:

млн.теңге

3 317,67

 

а) негізгі қызмет бойынша шығындар, соның ішінде,

млн.теңге

2 958,64

 

сумен жабдықтау

млн.теңге

2 174,09

 

суды әкету

млн.теңге

784,55

 

б) жылумен жабдықтау

млн.теңге

24,94

 

в) өзге де қызметтер

млн.теңге

71,19

 

Басқа да шығындар

млн.теңге

262,90

5

Қаржылық нәтиже

млн.теңге

108,37

2018 жылы кәсіпорын бойынша табыс 3 млрд. 426 млн.032 мың теңгені, соның ішінде негізгі қызметтен - 3 млрд. 272 млн.615 мың теңгені құрады. Шығындар 3 млрд. 317 млн. 659 мың теңгені құрады. 2018 жылы пайда 108 млн. 373 мың теңгені құрады.
2018 жылы нақты су өткізу (сату) 14 млн. 948,30 мың м3-ті құрады.Су сату қызметінен түскен табыс есепті кезең ішінде – 2 млрд. 475 млн. 394 мың теңге.
Сумен жабдықтау қызметі бойынша нақты шығындар 2 млрд. 174 млн. 087 мың теңгені құрады.

2018 жылы сарқынды суларды әкету 10 млн. 058,10 мың м3 құрады. 2018 жылы канализация қызметінен табыс - 797 млн. 221 мың теңгені құрады. Суды әкету қызметі бойынша нақты шығындар 784 млн. 549 мың теңге.

 2018 жылы жылу энергиясымен жабдықтау қызметінен табыс - 8 млн. 585 мың теңгені (1311,65 Гкал) құрады. Нақты шығындар 24 млн. 936,45 мың теңгені құрады. 2018 жылы жылу энергиясымен жабдықтау қызметінен зиян шегу 16 млн. 351 мың теңгені құрады.

    ҚР Ұлттық экономика министрлігінінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қолдау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 22.06.2015 ж. № 104-ОД бұйрығымен 1.08.2015 ж. – 31.07.2020 ж. аралығына тұтынушылар топтары бойынша реттелетін сумен жабдықтау және суды әкету қызметіне төмендегідей мөлщерде тарифтер енгізілді:

Тұтынушылар атауы

 1.08.2015 ж. бастап теңге/м3  (ҚҚС-сыз)

Магистралды құбырлар және тарату желілерімен су беру

Тұрғындар

101,33

Өзге тұтынушылар

316,72

Сарқынды суларды әкету, тазарту

Тұрғындар

35,0

Өзге тұтынушылар

151,98

    ҚР Ұлттық экономика министрлігінінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қолдау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 29.06.2018 ж. № 82-ОД бұйрығымен 1.08.2018 ж. – 31.07.2019 ж. аралығына тұтынушылар топтары бойынша реттелетін сумен жабдықтау және суды әкету қызметіне төмендегідей мөлщерде уақытша өтемақылық тарифтер (ҚҚС-сыз) енгізілді:

Тұтынушылар атауы

1.08.2018 ж. бастап теңге/м3  (ҚҚС-сыз)

Магистралды құбырлар және тарату желілерімен су беру

Тұрғындар

97,50

Өзге тұтынушылар

307,69

Сарқынды суларды әкету, тазарту

Тұрғындар

32,0

Өзге тұтынушылар

140,64

«Атырау Су Арнасы» КМК-ның 13.12.2018 ж. № 230-п бұйрығымен 1.01.2019 ж. – 31.07.2019 ж. аралығына тұтынушылар топтары бойынша реттелетін сумен жабдықтау және суды әкету қызметіне төмендегідей мөлщерде уақытша төмендетілген тарифтер (ҚҚС-сыз) енгізілді:

Тұтынушылар атауы

1.01.2019 ж. бастап теңге/м3  (ҚҚС-сыз)

Магистралды құбырлар және тарату желілерімен су беру

Тұрғындар

92,63

Өзге тұтынушылар

291,63

Сарқынды суларды әкету, тазарту

Тұрғындар

30,40

Өзге тұтынушылар

135,75

  01.01.2019 ж. жағдайында абоненттер саны 106 мың 079-ды құрады, соның ішінде, жеке тұлғалар - 101 мың 488 абонент:
Қала – 95 мың 270 абонент
Мақат кенті – 3 мың 637 абонент
Доссор кенті – 2 мың 581 абонент
заңды тұлғалар - 4 мың 591 абонент:  
Қала – 4 369 абонент
Мақат кенті – 142 абонент
Доссор кенті – 80 абонент

  01.01.2018 ж. жағдайында абоненттер саны 100 мың 974-ті құрады, соның ішінде, жеке тұлғалар - 96 мың 703 абонент:
Қала – 90 мың 667 абонент
Мақат кенті – 3 мың 549 абонент
Доссор кенті – 2 мың 487 абонент
заңды тұлғалар - 4 мың 271 абонент: 
Қала – 4 071 абонент
Мақат кенті – 127 абонент
Доссор кенті – 73 абонент

   «Атырау Су Арнасы» КМК дебиторлық берешектерді азайту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Жыл ішінде 975 абонентке 4 млн. 601 мың 300 теңге сомасына дебиторлық берешектерді өтеу жөнінде хабарламалар таратылды, соның ішінде, 731 абонент 3 млн. 973 мың 200 теңге сомасына ақыларын төледі. 176 абонентке су беру тоқтатылып, 2 млн. 524 мың 700 теңге сомасына қосымша есептеу жүргізілді. Бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты түрде су тұтыну қызметі бойынша борышкерлер тізімі жарияланады. (Қазіргі уақытта – 273 абонент 11 млн. 033 мың 225 теңге сомасына). Тізімдер қарыздар мөлшеріне байланысты топтарға бөлінген.

Ай сайын сотқа борышкерлерге қатысты талап-арыздар беріледі.Оның нәтижесінде соттың шешімі бойынша аталған істер берешектерді өндіру үшін сот орындаушыларына берілді, бұл өз кезегінде, олардың өндірілуін жеделдетті. 2018 жылы 26 млн. теңге сомасына 68 талап-арыз берілді.

  Жыл сайын су пайдалану саласындағы бұзушылықтарды анықтау мақсатында объектілерді түгендеу жүргізіледі.
2018 жылы тұтынушылардан анықталғаны:
1.заңды тұлғалар

  • Есептеу құралында пломбаларды жұлудың 69 фактісі;
  • Өз бетімен су пайдаланудың 53 фактісі;
  • Су есептеу сызбасын бұзудың 21 фактісі;
  • Тұтынушының сумен жабдықтау жүйесінен су ағудың 12 фактісі;
  • Абоненттің ақау туралы хабардар етпеудің 19 фактісі;
  • 23 айналма желі.

2.жеке тұлғалар

  • Қызметтер көрсету шартын жасаспай су пайдаланудың 92 фактісі;
  • Су есептеу сызбасын бұзудың 71 фактісі;
  • Есептеу құралында пломбаларды жұлудың 313 фактісі;
  • Тұтынушының сумен жабдықтау жүйесінен су ағудың 9 фактісі;
  • Есептеу құралын соқпай өткен 71 айналма желі.
  • Абоненттің есептеу құралының ақауы туралы хабардар етпеуінің 65 фактісі;
  • Суға есептеу құралдарын орнатпаудың 7 фактісі.
  •  Суға есептеу құралына  қол жетімділіктің болмауының 1 фактісі.

Барлығы: 826 бұзушылық: заңды тұлғалар объектілерінде – 197 және жеке тұлғаларда – 629.

2018 жылы инвестициялық бағдарламаға сәйкес арнайы техника сатып алынды, соның ішінде:
автомашина-вакуум - 2 бірлік, «Газель» а/машинасы – 2 бірлік, пісіру аппараты бар «Зил» а/машинасы – 1 бірлік. 
Арнайы техникаларды сатып алу «Атырау Су Арнасы» КМК -ына тұрбаларды, арнайы жабдықтарды тасымалдау; апаттық-жөндеу жұмыстары, сумен жабдықтау және суды әкету жүйелеріне қызмет көрсету, сумен жабдықтау және суды әкету желілерінде пайда болған апатты жағдайларды жедел шешу үшін, ҚКСС-тарға және КСС-тарға қажет.  Аталған техникаларды сатып алу «Атырау Су Арнасы» КМК-ына Атырау қаласының тұтынушыларын сумен жабдықтау және суды әкету қызметімен сенімді және тоқтаусыз қамтамасыз етуге және оның сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. 
Желілердегі су ысырабы 2018 жылы  16,7% –ды құрады, ал бекітілген нормасы 17,7%; 2017 жылмен салыстырғанда 1,4 %-ға азайды. 

2018 жылы «Атырау Су Арнасы» КМК-ында төмендегідей жұмыстар орындалды:
- «СТҚ – Балықшы» Д-500 мм магистралды су құбырынан «Мирный» ҚКСС-ына дейін ұзындығы 60 метр, Д-250 мм қосымша су құбыры салынды.
-Мирный кентінде орналасқан қысымды көтеретін сорғы станциясында Құрсай ауылы, Құрсай-2 а., Курилкино а., Көкарна-2,3 ауылдары, Зарослый а.,Жаңаталап а.,Жаңаталап-2 а., Құрманғазы а.,Атырау а., Атырау-2 а., Дамба а., Дамба-2 а., Водников-2,3 ауылдары, Тасқала-2,3,4 ауылдары, «Химик» Б/Қ, «Железнодорожник» Б/Қ, «Судоремонтник» Б/Қ секілді ауылдарға су қысымын көтеру үшін өнімділігі 120 м3/сағ 2 сорғы агрегатын ауыстыру жүргізілді, өйткені, жыл сайын жаңа шағын аудандар мен кенттер пайда болып, тұтынушылар саны өсуде.

 -тұтынушылар саны өсуіне байланысты Еркінқала, Еркінқала-2 ауылдарында су қысымын көтеру үшін  Еркінқала селосында  орналасқан қысымды көтеретін сорғы станциясында өнімділігі 90 м3/сағ 3 сорғы агрегатын ауыстыру жүргізілді.
-Владимирский к.,  № 6 мекенжайындағы 5 қабатты тұрғын үй маңында Д-350 мм өздігінен ағатын канализациялық коллектордің апатты отырып кетуі жойылды, бұл Авангард-3 ш/ауданында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйлердің сарқынды суларын тұрақты түрде әкетуге мүмкіндік берді.
- Уәлиханов к.,  «Томирис» тұрғын үй кешені маңында Д-500 мм қысымды канализациялық коллектордің жіктік қосылысындағы апаттық жағдай жойылды, бұл «Томирис» тұрғын үй кешенінен сарқынды суларын тұрақты түрде әкетуге мүмкіндік берді.
- КСС орынжайларында белгіленген микроклиматтық санитарлық және гигиеналық нормаларын және ауа тазалығын қамтамасыз ету үшін мынадай объектілерде соратын желдету орнатылды: «Насиха» базары маңындағы КСС-1-де, Лесхоз ш/ауданындағы КСС-2-де,  Махамбет-Уәлиханов көшелері қиылысындағы КСС-10-да, Азаттық даңғылы № 72-Б үй маңындағы КСС-14а-да, Авангард-4 ш/ауданындағы КСС-18-де.
- «Атырау Су Арнасы» КМК-ның су тазарту құрылғыларында (СТҚ) 6 кВ жиынтық тарату құрылғысын (ЖТҚ) күрделі жөндеу жобасы әзірленді. Қалалық СТҚ-дағы қолданыстағы ЖТҚ 1987 жылы пайдалануға берілген, қазір апатты жағдайда.
Қазіргі уақытта жоба сараптамадан өтіп, оң қорытынды алынды. Мемлекеттік сатып алулардың электронды порталында 6 кВ ЖТҚ жеткізу және оны Атырау қаласындағы СТҚ-да орнату жөнінде конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылды.
-қала маңы кенттерінің су құбыры желілеріне 75 бірлік мәліметтерді жинақтап, беруге арналған инженерлік терминалы бар салқын сумен жабдықтауды есептеу жүйесін орнату жұмыстары жүргізілуде.

-«Антитеррор» бағдарламасы шеңберінде СТҚ нысандарын күзетуді күшейту жұмыстары орындалды.
-бейнебақылау камералары орнатылды – 75 бірлік,
-СТҚ-ның периметрі бойынша арнайы инфрақызыл қозғалысты сезгіштер орнатылды.
- бақылау-өткізу пунктінде техниканың санкцияланбаған өтуінің алдын-алу үшін таранға қарсы шлагбаум орнатылды.

2018 жылдың қарашасынан бастап Махамбет ауданының Алмалы және Береке ауылдарындағы су тазарту құрылғылары және су құбырлары желілерін ақысыз пайдалану шарты негізінде «Атырау Су Арнасы» КМК    
Алмалы және Береке ауылдарының тұрғындарын сумен жабдықтайды және осы ауылдардағы СТҚ мен су құбыры желілерін пайдаланады.
Береке ауылындағы СТҚ жарамсыз жағдайда болуына байланысты Береке ауылының тұрғындарына ауыз су орталық коммуналдық су құбырынан беріледі. Алмалы ауылының тұрғындарына ауыз су Алмалы ауылындағы СТҚ-дан беріледі.
Кәсіпорын мамандары ауылдардың сумен жабдықтау желілеріндегі және Алмалы СТҚ-ындағы апатты жағдайларды жойып, желілердегі ашық құдықтарды жабу жұмыстарын жүргізеді.
Алмалы ауылындағы СТҚ-да таза су резервуарларын тазарту жұмыстары орындалды.
Береке ауылындағы СТҚ-да тазалау үшін таза су резервуарларының ішін босату жұмыстары орындалды.
«Атырау Су Арнасы» КМК өз қаражаты есебінен Алмалы және Береке ауылдарындағы су құбыры желілерінің атқару сызбасын орындады, Алмалы ауылындағы гидромелиоративті жүйелер мен су шаруашылығы құрылғыларының паспортын ресімдеді, Алмалы ауылындағы СТҚ-ға Жайық өзенінен арнайы су пайдалануға рұқсатты ресімдеді.

Өткен кезең ішінде кәсіпорынның өз күшімен Атырау қаласының сумен жабдықтау және канализация объектілерінде төмендегідей іс-шаралар орындалды:
-апатты су құбыры учаскелері жөнделді, жалпы ұзындығы – 2,894 км; соның ішінде: инвестициялық бағдарламаға сәйкес ұзындығы - 2,227 км, мынадай объектілер бойынша: Баймұқанов көшесі бойында  Киров көшесінен Махамбет көшесіне дейін;  Сарықамыс ш/ауданында Ақтанов көшесі бойында, Нұрсая ш/ауданында «Аджип центр» маңында; «Еркінқала» ҚКСС-нан орталық су құбырына дейін, Балықшы кентіндегі Құнанбаев көшесі бойында, Махамбет көшесі бойында Статбасқарма маңында; Балықшы кентіндегі ҚКСС-10-18-ден Әлиев көшесі – Құрманғазы көшесі бойымен, Томарлы ауылындағы Бекболатов көшесі бойында, Сәтбаев көшесі бойында № 50а үй маңында; Тасқала ауылы «Мирный» ҚКСС-да; Авангард-2 ш/ауданындағы  № 19 мектеп маңында; Атырау ауылындағы жылыжай маңында; Жұлдыз ш/ауданында.
- ҚКСС жөндеу – 2 бірлік.
- су құбырларындағы және ҚКСС-тардағы бұрандаларды жөндеу және ауыстыру – 127 дана.
- ҚКСС-тарда сорғы агрегаттарын қарап-тексеру – 43 дана.
- су құбыры құдықтарын жөндеу – 167 дана.
- канализацияның апатты учаскелерін жөндеу, жалпы ұзындығы – 1,282 км, соның ішінде: инвестициялық бағдарламаға сәйкес ұзындығы - 0,882 км, мынадай объектілер бойынша: Смағұлов көшесі бойында «Атырау шипажайы» маңында, Баймұқанов көшесі бойында № 35 үй маңында, Исатаев көшесі бойында № 2 мектеп маңында, КСС-59-дан Баймұқанов көшесі бойымен, Балықшы кентіндегі Абай атындағы мектеп маңында; Авангард-3 ш/ауданындағы № 47 және № 74 тұрғын үйлер арасында; Лесхоз ш/ауданындағы № 49 үй маңында, КСС-1-ден «А4» мейрамханасына дейін, Авангард-2 ш/ауданында № 4 үй маңында, КТҚ аумағында, КСС-14 және КСС-37 маңында, КСС-57-ден «Асар» ДКСС-не дейін, Исатаев көшесі бойында № 69 үй маңында, Балықшы кентіндегі Құнанбаев көшесі бойындағы № 17 үй маңында, Нұрсая ш/ауданында  № 107 үй маңында, Абай көшесі бойында № 21-Б үй маңында, авангард-2 № 3,4,5,13 үйлер маңында, Вокзал маңы ш/ауданында № 16а, 20а, 21в, 3а үйлер маңында, КСС-17 маңында, КСС-3 маңында, С.Датов көшесі бойында № 13 үй маңында.
-  КСС-ты жөндеу – 20 бірлік.
- КСС-тағы сорғы агрегаттарын қарап-тексеру – 46 дана.
- канализация желілеріндегі бұрандаларды жөндеу және ауыстыру – 31 дана.
- канализация құдықтарын жөндеу – 183 дана.
- пластиналы жылу алмастырғыштарды қысыммен байқау – 2 бірлік.  
- 1 бөлімше ауданындағы жылу трассасындағы бұрандаларды қарап-тексеру – 40 дана.
- қазандықтағы бұрандаларды қарап-тексеру – 12 дана.
- № 1 және № 2 «Уникал» қазандарындағы бұрандаларды қарап-тексеру – 6 дана.
- СТҚ цехтары аумағындағы бұрандаларды қарап-тексеру – 18 дана.
- апаттық-қалпына келтіру жұмыстары учаскесіндегі бұрандаларды ауыстыру – 2 дана.
- қазандықтағы бұрандаларды ауыстыру – 2 дана.
- жылу желілерін жылы оқшаулау – 0,2 км.
- жылу алмастырғыштарды тазалау – 12 бірлік.
- су құбыры және канализациялық құдықтарда 840 бетонды қақпақ дайындалып, орнатылды.

  Алмалы ауылындағы СТҚ-да мынадай жұмыстар орындалды:
-сүзгіштерді жөндеу, тазарту және жуу – 6 бірлік.
- СТҚ-да жанып кеткен электр қозғалтқыштарының орамдарын қайтадан орау – 2 дана.
- жылытатын айналмалы сорғы агрегаттарын ауыстыру – 2 дана.
- СТҚ жылу жүйесін қарап-тексеру.
- көлемі 200 м3 3 таза су резервуарын тазалау, жуу және дезинфекциялау.
- 2 су көтеретін сорғы станциясында көлемі 150 литр кеңейткіш бак және сорғы агрегаттарының релесі орнатылды.

«Атырау Су Арнасы» КМК алдағы уақытта да кәсіпорынды жаңарту; сумен жабдықтау және суды әкету бойынша тұрғындарға ұсынылатын қызметтер көрсетудің сапасын жақсарту жөніндегі жұмыстарын жалғастырады.

Тіл ауыстыру

kazakh     russian

check
photo-video
o-vode

Іздеу

Ауа райы болжамы

Погода в Атырау