«Атырау Су Арнасы» КМК 2016 жылдың 12 мамыры түнгі сағат 24.00-ден бастап 13 мамыры сағат 6.00-ге дейін Атырау, Контейнерный, Мирас, Көктем, Жұлдыз-1, Жұлдыз-2, Жұлдыз-3, Бірлік, Бірлік-2 шағын аудандарындағы, Огородная, Амандосов, Берғалиев көшелеріндегі, Геолог, Геолог-2, Томарлы, Томарлы-2, Ақсай, Ақжар, Талқайраң, Ақсай-2, Ақжар-2, Талқайраң-2, Бесікті, Аспа ауылдарындағы, Мақат су ағарының «Атырау-Ескене» учаскесінде қалалық су тазарту құрылғылары мен желілерінде жоспарлы жұмыстар жүргізілетінін қаланың барлық тұрғындарына, кәсіпорындар мен мекемелер басшыларына хабарлайды.
Осыған байланысты аталған уақытта су беру уақытша тоқтатылады.
«Атырау Су Арнасы» КМК Директорының м.а.
Кенжегалиев Арман Ізтілеуұлы
Жеке сұрақтар бойынша қабылдау күн сайын
(дүйсенбіден бастап жұмаға дейін)
сағ. 18.00-ден 19.00-ге дейін.