logo
  • Атырау Су Арнасы КМК
  • Атырау Су Арнасы КМК
  • Атырау Су Арнасы КМК

«Атырау Су Арнасы» КМК Директорының м.а.
Кенжегалиев Арман Ізтілеуұлы


Жеке сұрақтар бойынша қабылдау күн сайын
(дүйсенбіден бастап жұмаға дейін)
сағ. 18.00-ден 19.00-ге дейін.

avariinaya
zayavka
center
news
obratnaya

«Атырау Су  Арнасы» КМК 2006 жылғы 1 шілдеде  Атырау  қаласы  әкімдігінің  2006 ж.22.06. №213  қаулысымен  «Дренаж» КМК  базасында құрылды.


«Атырау Су Арнасы» КМК  реттеліп  көрсетілетін   қызметтердің  төмендегідей  түрлерін  жүзеге  асырады:

  • магистралды және  таратушы  құбырлар  бойымен  су  беру  бойынша  қызмет көрсету;
  • сарқынды  сұйықтарды бұрып  әкету,  тазарту  бойынша қызмет көрсету;
  • жылу қуатын өндіру, беру және  тарату, 1-ші учаске тұтынушыларын  жылу  қуатымен жабдықтау бойынша қызмет  көрсету.

Кәсіпорын:

  • Төмендегі  құрамда  қалалық  су  тазарту құрылғылары  кешенін:
  • Жалпы өнімділігі 22510 м3/сағ. 1-ші және 2-ші  су  көтеру  сорғы  станциялары.
  • Өнімділігі 120 мың м3/тәу. Сүзу  станциялары.
  • Жалпы  сыйымдылығы  20 мың м3 7 таза суға  арналған  жерасты  резервуарлары.
  • Жалпы ұзындығы 1281,623 км, су құбыры  және  канализация  желілерін,  оның ішінде:

–    су құбыры- 973,063 км., оның ішінде Атырау қаласында және  қала  маңайындағы   
поселкелерде-749,34 км.;

  • Канализация-308,56 км., оның ішінде Атырау қаласында-295,24 км.
  • Су құбыры су қысымын  көтеру  сорғы  станциялары (СуҚКСС)- 45 бірлік.
  • Канализациялық  сорғы  станциялары (КСС)- 89 бірлік.
  • Қаланың  оң  жақ  жағалауындағы буландыру тоғаны  бар німділігі 31 мың м3/тәу.канализациялық  тазарту  құрылғылары.
  • Жиынтық өнімділігі 14,7 Гкал/сағ. 6  қазаны  бар қазандық  бөлімшесін  пайдаланады. Қазандар  сұйық  отынмен –(мұнаймен) және  газбен  жұмыс жасайды.

Қызметкерлердің  тізімдік  саны  2016 ж. 01.01.  944  адамды  құрайды.
2015 жылы  кәсіпорын  бойынша  кіріс 2 млрд.698 млн.740 мың  теңгені, оның  ішінде  негізгі қызметтен-2 млрд.542 млн.490 мың теңгені құрады.
Шығындар 2 млрд.500 млн.830 мың теңгені құрады.
2015 жылы  нақты  өткізілген  судың  көлемі 14 млн.034 мың м3 құрады. Су  өткізу қызметінен  түскен  кіріс  есептік  кезеңге 1 млрд.804 млн.810 мың теңге,  бұл   2014 жылмен  салыстырғанда 314 млн. 590 мың  теңгеге артық.
Сумен  жабдықтау қызметі бойынша  нақты шығындар  1 млрд. 634 млн. 780 мың теңгені  құрады.
Есептік  кезең ішінде  сарқынды  суларды бұру 11 млн.591 мың м3. Құрады.  Канализация қызметінен  түскен  кіріс 2015 жылы   737 млн.690 мың теңгені құрады, 2014 жылмен  салыстырғанда өсу 42 млн.700 мың  теңгені  құрайды.
Суды бұру қызметі бойынша нақты шығындар  -719 млн.230 мың  теңге.
Жылу қуатымен  жабдықтау бойына  көрсетілген  қызметтен  түскен   кіріс  2015 жылы 7 млн. 380 мың  теңгені  құрады.
Нақты  шығындар  12 млн. 920 мың  теңгені құрады.
2015 жылғы 1 тамыздан  бастап Қазақстан  Республикасы Ұлттық  экономика  министрлігінің  табиғи  монополияларды  реттеу  және  бәсекелестікті  қорғау жөніндегі  комитетінің Атырау  облысы  бойынша  департаментінің  2015 жылғы 22  маусымдағы № 104-ОД  бұйрығымен  реттеліп  көрсетілетін сумен жабдықтау және суды  бұру қызметтерінің  тұтынушылар  топтары  бойынша  тарифтері  енгізілді.


Тұтынушылар атауы

2015 жылғы 1 тамыздан бастап теңге/м3, ҚҚС-сыз

Магистралды  құбырлар және  таратушы  желілер бойымен су  беру

Тұрғындар

101,33

Өзге тұтынушылар

316,72

Сарқынды сулар бұру және тазарту

Тұрғындар

35,0

Өзге тұтынушылар

151,98

     2015 жылғы 1 қаңтарға  абоненттер  саны 88617 құрады, оның ішінде 85047 абонент жеке тұлғалар және 3570 абонент заңды тұлғалар бойынша.
2016 жылғы 1 қаңтарға  абоненттер  саны 93428 құрады, оның ішінде 89912 абонент жеке тұлғалар және 3516 абонент заңды тұлғалар бойынша.
Көрсетілген қызметтерге  төлем  ақы  төлеу  тек қана орталық  кеңседе емес және  сонымен  қатар  9  филиалда  жүргізіледі.  Сонымен бірге, тек  қана  қалада  ғана  емес, сонымен  қатар алыстағы  поселкелерде  де  жұмыс  жасайтын  8 көшпелі касса бар. Көрсетілген қызметтер  үшін   ақы  төлеу
сәттік  төлемдердің біріктірілген  жүйесі (СТБЖ) бойынша  да  жүргізіледі.
Жыл сайын  су пайдалану  саласында бұзушылықтарды  анықтау  мақсатымен нысандарға  түгендеу  жүргізіледі.
2015 жылы   барлығы 232 бұзушылық  анықталды:заңды  тұлғалар  нысандары бойынша-158 және  жеке  тұлғаларда-74.  Ұсынылған   сумен жабдықтау және суды  бұру  қызметтері  бойынша  анықталған  бұзушылықтар  үшін  қосымша  төлем көлемі жалпы  алғанда 250 млн.588 мың теңгені құрады.
2015-2020 жылдарға бекітілген инвест.бағдарламаға сәйкес  2015-2016 жылдары «Атырау Су Арнасы» КМК жабдықтарды  жаңарту және энергия үнемдеуші технологияларды  енгізуді  жалғастыруда.
Су тазарту құрылғыларында  сорғы  жабдықтарын  орнату және  энергия  үнемдеушіге алмастыру бойынша  жұмыстар  орындалды,  оның  ішінде төмендегі нысандарда:

  • №4 сүзу  станциясында  3 мөлшерлегіш  сорғылар  күкірт қышқыл алюминийге және  3-уі полиакриламидке.

Су тазарту құрылғыларының  жылу  қазандық  бөлімшесінде «Viessmann VITOMAX 200-LW  тип М62В» маркалы қазаны ауыстырылды, қазанның  өнімділігі-4,5 МВт,  бөлімше  ішінде   2  жылуалмастырғыш  орнатылды, 2  айналмалы сорғы  орнатылды, суды химиялық  тазарту  жүйесі  құрастырылды. Қазан  пайдалануға  берілді.
10-СуҚКСС-да 31 энергия  үнемдеуші сорғы  жабдығы  орнатылды.
21-КСС-да   25   энергия  үнемдеуші сорғы  жабдығы  орнатылды Жұмыстар жалғасуда.
2015-2016 жылдары «НеоИнтелКомп» ЖШС-мен  жасалған келісім-шарт бойынша «Атырау Су    Арнасы» КМК  нысандарына  1075 бірлік энергия  үнемдегіш жарықдиодты  жарықтандыру  жабдығы  жеткізіліп, орнатылды. Жеткізіп  берілген  жабдықтар үшін  төлем ақы  екі жыл ішінде  төленетін  болады.
2015 жылы желілердегі  су  ысырабы 19,3 пайызды  құрады, яғни, 2014 жылмен салыстырғанда, 2,4 пайызға немесе 606,7 мың м3-ге азайды.
Желілердегі су ысырабының  азаюына  төмендегідей іс-шараларды  жүргізудің есебінен  қол  жеткізілді:

  • жалпы ұзындығы -4,55 км апатты су құбыры бөліктерін жөндеу;
  •  су құбырындағы 118  ілмекті арматураны жөндеу;
  • су құбырындағы  150 ілмекті арматураны ауыстыру;
  • СуҚКСС-да  24  ілмекті арматураны ауыстыру;
  • СуҚКСС-да 56 сорғы агрегеттарын жөндеу;
  • СуҚКСС-да 92 сорғы  агрегаттарын  тексеру.

Көрсетілген  жұмыстарды атқару 2015 жылды  залалсыз, оңды  көрсеткіштермен  аяқтауға, инвест.бағдарлама бойынша алынған  барлық міндеттемелерді  орындауға және  төмендегідей нәтижелерге  қол  жеткізуге  мүмкіндік берді
-      Энергия үнемдегіш  жабдықтар  есебінен электр қуатын  үнемдеу 2014 және 2015 жылдар кезеңінде  жыл  сайын 30 пайызға  дейін құрады.
-      Топтық  есептегіш құралдарды  қондыру (су құбыры  желілерінде, жылу беру пункттерінде, СуҚКСС-да  және  заңды  тұлғаларда жалпы  үйлік) есебінен су ысырабын  азайту;
-  адами  факторлардың  автоматтандырылған  жүйелерге  аз  әсер  етуі;
-    сорғы  қондырғылар  бойынша мамандардың  жұмыс  орындарын қысқартудан  болған  үнемдеу;
-    сумен жабдықтау және  суды бұру  бойынша  көрсетілетін  қызметтер  сапасын көтеру.
Облыстық және  қалалық  әкімдіктердің  ауқымды  қолдауынсыз  аталған  кең  масштабты жұмысты  жүргізу мүмкін еместігін айтып  өткім келеді.

Тіл ауыстыру

kazakh     russian

check
photo-video
o-vode

Іздеу

Ауа райы болжамы

Погода в Атырау