logo
  • Атырау Су Арнасы КМК
  • Атырау Су Арнасы КМК
  • Атырау Су Арнасы КМК

«Атырау облысы Су Арнасы» КМК Директоры
Кенжегалиев Арман Ізтілеуұлы


Жеке сұрақтар бойынша қабылдау күн сайын
(дүйсенбіден бастап жұмаға дейін)
сағ. 18.00-ден 19.00-ге дейін.

avariinaya
zayavka
center
news
obratnaya
«Атырау Су Арнасы» КМК-ы Д-110-160 мм жаңа полиэтиленді су құбыры іске қосылуына байланысты, Д-100 мм болат су құбыры ажыратылатыны жөнінде Бірлік селосындағы Буровиков және Рабочая көшелеріндегі және Ақжар селосындағы Мұнайшы, Достық, Момышұлы, Бейбітшілік, С.Датов, Уәлиев, Жастар, Ақжайық, Хисметов көшелеріндегі тұрғындардың қаперіне береді.
Осыған орай, тұрғындар 3 күннің ішінде жаңа су құбырына қосылуға техникалық шартты (ТШ) жаңартулары қажет болады және 2017 жылдың 10 мамырына дейін Д-110-160 мм жаңа полиэтиленді су құбырына қайта қосылуды орындаулары керек.
ТШ алу үшін тұрғындар "Атырау Су Арнасы" КМК-ның ӨТҚ бөліміне хабарласулары қажет болады (байланыс телефон: 45-47-12 / ішкі №518, 537/) және өздерімен бірге келесі құжаттардың көшірмелері болуы тиіс:
- жер теліміне жекеменшік құқығын беретін акті;
- әкімнің шешімі және меншік иесі туралы мәлімет;
- үйдің орналасқан жері көрсетілген қаланың бас жоспарынан алынған көшірме-сызба.
- бұрын алынған техникалық шарт.
2017 жылдың 10 мамырынан бастап Д-100 мм болат су құбыры ажыратылады.

Тіл ауыстыру

kazakh     russian

check
photo-video
o-vode

Іздеу

Ауа райы болжамы

Погода в Атырау