logo
  • Атырау Су Арнасы КМК
  • Атырау Су Арнасы КМК
  • Атырау Су Арнасы КМК

«Атырау Су Арнасы» КМК Директорының м.а.
Кенжегалиев Арман Ізтілеуұлы


Жеке сұрақтар бойынша қабылдау күн сайын
(дүйсенбіден бастап жұмаға дейін)
сағ. 18.00-ден 19.00-ге дейін.

avariinaya
zayavka
center
news
obratnaya

«Атырау Су Арнасы» КМК-на  тұрақты  жұмысқа  жоғары білімді және жұмыс  өтілі 1 жылдан кем емес аудармашы - технигі (қазақ тілінен орыс тіліне, орыс тілінен қазақ тіліне) қажет.

Мына мекен-жайға хабарласу қажет: Атырау қаласы ,Әуезов көшесі,80.

Байланыс телефоны: 454712-454718 (+525). Кадр бөлімі.

«Атырау  Су  Арнасы»  КМК  «2013 жылға  арналған  қоршаған  ортаны  қорғау  бойынша  іс-шаралар  жоспарын  талқылау» тақырыбына  қоғамдық  тыңдаулар  өтетінін  хабарлайды.

Өтетін  күні  мен  орны:

2013 жылғы  23  ақпан,  сағ. 15-00

Атырау  қаласы, Әуезов  көшесі, 80  мекен-жайы  бойынша

«Атырау Су Арнасы»  КМК-ның  акт  залы.

Байланыс  телефоны: 8 (7122) 45-46-57.

«Атырау Су Арнасы» КМК, Д-700 мм магистралды болат су құбырының колданудан алып тасталуына байланысты 2013 жылдың 21 ақпанында сағат 1000-ден сағат 2200-ге дейін Белинский, Коммунарная, Әлиев көшелеріне су берудің уақытша тоқтатылатынын тұтынушылардың қаперіне береді.

«Атырау Су Арнасы» КМК ағымдағы жылғы 11 қазанда сағ. 24-00-ден бастап 12 қазандағы сағ. 06-00-ге дейін су тазарту құрылғылары мен қаланың су тарату желілерін маусымдық хлорлау бойынша жұмыстардың жүргізілуімен байланысты су берудің тоқтатылатынын хабарлайды.

«Атырау Су Арнасы» КМК   Су қысымын көтеру сорғы станциясын жаңа пластик   су құбырына   қайта қосуға   байланысты, 3 қазанда түнгі сағ. 23-00-ден бастап   сағ. 06-00-ге дейін Авангард, 4-ші шағын ауданға су берудің уақытша тоқтатылатынын хабарлайды.

«Атырау Су Арнасы» КМК-на   «Беларусь» тракторына экскаватор машинисі, «ГАЗ-3307»   вакуум автокөлігіне   3-кл. жүргізушілер, жеңіл автокөлік жүргізушілері қажет.

«Жеті Қазына» шағын ауданындағы Қаленов көшесі бойымен өзіаққыш канализация коллекторы жүргізілді. Аталған канализация коллекторына қосылғысы келетін абоненттерге жерге берілген мемлекеттік акті мен бас жоспардан масштабпен алынған көшіргі сызбаны қоса жалғай отырып, «Атырау Су Арнасы» КМК ӨТБ-не өтініш беру қажет.

«Атырау Су Арнасы» КМК Перетаска өзеншесінен Жайық өзені арқылы жүргізілген дюкерге дейін Құнанбаев, Қожақаев көшелері бойымен өтіп жатқан апаттық жағдайдағы диаметрі – 400-300 мм магистралды болат су құбырының 01.09.2012 ж. пайдаланудан шығарылатынын хабарлайды.

Тұтынушыларға техникалық шарттарды алып, жаңа полиэтилен су құбырына қайтадан қосылу қажет.

«Атырау Су Арнасы» КМК жаңа полиэтилен су құбырының іске қосылуына байланысты Огородная көшесі, 39-дан «Объедененный» б/қ, Водозаборная көшесі және Ардагер шағын ауданы арқылы темір жолға дейін өтіп жатқан апаттық жағдайдағы диаметрі-300 мм СуТҚ-ДСК болат магистралды су құбырының 01.09.2012 ж.  бастап түпкілікті ажыратылатынын қаперіңізге береді.

Тұрғындарға техникалық шарттар алып, жаңа полиэтиен су құбырына қосылу қажет.

«Атырау  Су  Арнасы»  КМК   16  тамызда сағ. 24-00-ден  бастап   17  тамыз  сағ. 03-00-ге  дейін  жөндеу-қалпына  келтіру  жұмыстарының  жүргізілуіне  байланысты  қаланың  оң жағалау бөлігіне  салқын су  берудің  тоқтатылатынын  хабарлайды.

«Атырау Су Арнасы» КМК су тазарту құрылғыларында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 7 тамызда сағат 24.00-ден бастап 8 тамызда сағ. 03-00-ге дейін салқын су берудің тоқтатылатынын хабарлайды.

«Атырау Су Арнасы» КМК, 25 шілде 24.00 сағ. бастап 26 шілде 06.00 сағ. дейін, Верхняя Садовая көшесі аумағында магистралды су құбырын қайта қосу жұмыстарына байланысты, қаланың оң жақ жағалауына уақытша су беру тоқтатылатынын хабарлайды.

Құрметті атыраулықтар!

«Атырау Су Арнасы» КМК 5 маусым сағ. 23.00-ден бастап 6 маусым сағ. 06.00-ге дейін қаланың су тазарту құрылғылары мен су таратушы желілерін хлорлау бойынша жұмыстардың жүргізілуіне байланысты су берудің тоқтатылатынын хабарлайды.

Полиэтилен су құбырларының енгізілуіне байланысты бірінші кезекте ажыратылатуға жататын көшелік болат су құбырларының тізімі

Толығырақ...

2012 жылдың мамыр және қыркүйек айлары аралығындағы жазғы мезгілде жасыл желектерді (үй іргесіндегі телімдер, жасыл желектер, ағаштар мен көгалдар) суару сағ. 00-ден бастап 06-ға дейін жүргізіледі. Суару су есептеу құралы арқылы жүргізіледі, яғни, суаратын құбырда есептеу құралы болуы тиіс.
«Атырау Су Арнасы» КМК өзінің ресми сайтының ашылғаны туралы хабарлайды.

Мұнда Сіздер «Атырау Су Арнасы» КМК желілеріндегі жоспарлы ажыратулар, қайта қосулар және апаттық-қалпына келтіру жұмыстары туралы біле аласыз, ұсынылатын қызметтермен танысуға, апаттық қызметтің телефондарын білуге болады, сайтта апаттық қызметке берілетін тапсырысты рәсімдеуге болады, тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтары, «Атырау Су Арнасы» КМК құрамындағы қызметтер туралы, сондай-ақ, осы салада жұмыс жасайтын өзге де қызметтер туралы ақпарат ала аласыздар.

Сайтта қызметтерге шарт жасасу, қызметтердің тарифтері, кәсіпорынмен ұсынылып отырған қызметтер үшін ақы төлеу тәсілдері туралы ақпарат және сондай-ақ, бланкілер мен арыздардың үлгілері берілген.

Біз су дайындау процесі, қаланың канализациялық және сорғы станциялары туралы ақпарат береміз.

Сайтта Сіздер, өздеріңізді қызықтыратын мәселелер бойынша сұрақтар қоя аласыздар.

Бізде Сіздер, бос орындар туралы ақпаратпен таныса отырып, тіпті жұмыс та таба аласыздар.

Бұдан басқа, мұнда «Атырау Су Арнасы» КМК қызметінің барлық спектрін қамтитын басқа да ақпарат берілген.

Біз Сіздер үшін жұмыс жасаймыз!

Тіл ауыстыру

kazakh     russian

check
photo-video
o-vode

Іздеу

Ауа райы болжамы

Погода в Атырау