Атырау қ., М.Ауэзов қ. 80
76-37-58, 76-37-75, 76-37-71(факс)
76-37-70 (апаттық диспетчерлік қызмет)

2015 жылы «Атырау Су Арнасы» КМК жабдықтарды жаңартудың және энергия үнемдейтін технологиялар енгізудің екінші кезеңін жалғастырды. Аталған кезең өзіне мыналарды қамтиды:

1.Тозған жабдықты ауыстыру және жөндеу

  • СТҚ-да 6 бірлік мөлшерінде мөлшерлегіш сорғыларды ауыстыру.

 

2.Энергия үнемдеу бағдарламасы бойынша жабдықтарды ауыстыру:

  • 10 ҚКСС-та 31 бірлік мөлшерінде энергия үнемдейтін сорғылық жабдықтар;
  • 27 КСС-та 54 бірлік мөлшерінде энергия үнемдейтін сорғылық жабдықтар.

 

Қазіргі уақытта төмендегідей жұмыстар жүргізілді:

 

СТҚ

Су тазарту құрылғыларының  № 4 сүзу станциясында  мыналар орнатылды:

  • Орнатылған қадамдық қозғалтқышы бар күкірт қышқылды аллюминииге арналған сандық диафрагмалық мөлшерлегіш сорғылар -3 дана.

                Дейін                               Кейін

 

 

  • Орнатылған қадамдық қозғалтқышы бар полиакриламидке арналған сандық диафрагмалық мөлшерлегіш сорғылар -3 дана.

Ол мыналарды қамтиды:

-қолдық мөлшерлеу
-сыртқы импульстық басқару
-бірдей басқару
-уақыт бойынша мөлшерлеу (орнатылған таймер)
-сорғыны орнатқанда бірден калибрлеу мүмкіндігі;
-газдармен қаныққан жағдайда немесе сорғыш келте құбыр ұзын болған жағдайда тұтқырлығы жоғары сұйықтықтарға арналған антикавитациялық функция;
-ең жоғарғы шығынды азайту
-жүрістер санын, жұмыс уақытын және қосулар/ажыратулар санын есептеу;
-екі деңгей дабылына арналған кірмесі бар деңгейді бақылайтын құрал;
-апаттық дабыл беру релесі

               Дейін                               Кейін

 

Су тазарту құрылғыларының қазандығында мыналар орнатылды:

«Viessmann VITOMAX 200-LW типі М62 В» маркалы болат үш жүрісті су ысытқыш қазан.

Қазан – тұтастай құйылған, отынның сұйық немесе газ тәрізді түрін пайдалануға арналған.
Қазанның өнімділігі – 4,5 МВт.
Қазандықтың ішінде екі жылу алмастырғыш орнатылған. Қазан мен жылу алмастырғыштар арасын және жылу алмастырғыштарды желімен байланыстыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Сорғылар орнатылды – 2 бірлік.
Химиялық су тазарту жүйесі орнатылды, бұл қазандардың қызмет ету мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді, яғни, қақ пайда болуын болғызбайды, сол арқылы, апатты жағдайлардың алдын алады.

               Дейін                               Кейін

 

 

          ҚКСС

  • «Көркем» қысымды көтеретін сорғы станциясында (Алмагүл 2 ш/а) жиілікті түрлендіргіші бар қуаты 11 кВт, 3 дана энергия үнемдейтін сорғы агрегаты, сондай-ақ, салқын су есептеу құралы орнатылды.

             Дейін                               Кейін

 

 

  • № 2 қысымды көтеретін сорғы станциясында (Алмагүл ш/а) жиілікті түрлендіргіші бар қуаты 15 кВт, 4 дана энергия үнемдейтін сорғы агрегаты, сондай-ақ, салқын су есептеу құралы орнатылды.

             Дейін                               Кейін

 

 

  • «Онкология» қысымды көтеретін сорғы станциясында (Облыстық аурухана маңы) жиілікті түрлендіргіші бар қуаты 5,8 кВт, 6 дана энергия үнемдейтін сорғы агрегаты, сондай-ақ, салқын су есептеу құралы орнатылды.

             Дейін                               Кейін

 

 

  • № 7 қысымды көтеретін сорғы станциясында (Сәтбаев к. № 5 үй маңы) жиілікті түрлендіргіші бар қуаты 5,8 кВт, 2 дана энергия үнемдейтін сорғы агрегаты, сондай-ақ, салқын су есептеу құралы орнатылды.

             Дейін                               Кейін

 

 

  • Мақат кентіндегі қысымды көтеретін сорғы станциясында жиілікті түрлендіргіші бар қуаты 22 кВт, 4 дана энергия үнемдейтін сорғы агрегаты, сондай-ақ, салқын су есептеу құралы орнатылды.

             Дейін                               Кейін

 

 

  КСС

  • Мақат кентіндегі канализациялық сорғы станциясы – 2. Энергия үнемдейтін сорғы агрегаттары орнатылды – 2 дана.
  • Мақат кентіндегі канализациялық сорғы станциясы – 1. Энергия үнемдейтін сорғы агрегаттары орнатылды – 2 дана.

             Дейін                               Кейін

 

 

  • «Сәтбаев, 48» канализациялық сорғы станциясы (Сәтбаев к. № 48 үй маңы). Энергия үнемдейтін сорғы агрегаты орнатылды – 1 дана.

             Дейін                               Кейін

 

 

  • «Жағалау Лермонтов 84» канализациялық сорғы станциясы (Балықшы кентінде).  Энергия үнемдейтін сорғы агрегаты орнатылды – 1 дана.

            Дейін                               Кейін