2015 жылы «Атырау Су Арнасы» КМК жабдықтарды жаңартудың және энергия үнемдейтін технологиялар енгізудің екінші кезеңін жалғастырды. Аталған кезең өзіне мыналарды қамтиды:
1.Тозған жабдықты ауыстыру және жөндеу
- СТҚ-да 6 бірлік мөлшерінде мөлшерлегіш сорғыларды ауыстыру.
2.Энергия үнемдеу бағдарламасы бойынша жабдықтарды ауыстыру:
- 10 ҚКСС-та 31 бірлік мөлшерінде энергия үнемдейтін сорғылық жабдықтар;
- 27 КСС-та 54 бірлік мөлшерінде энергия үнемдейтін сорғылық жабдықтар.
Қазіргі уақытта төмендегідей жұмыстар жүргізілді:
СТҚ
Су тазарту құрылғыларының № 4 сүзу станциясында мыналар орнатылды:
- Орнатылған қадамдық қозғалтқышы бар күкірт қышқылды аллюминииге арналған сандық диафрагмалық мөлшерлегіш сорғылар -3 дана.
Дейін Кейін
- Орнатылған қадамдық қозғалтқышы бар полиакриламидке арналған сандық диафрагмалық мөлшерлегіш сорғылар -3 дана.
Ол мыналарды қамтиды:
-қолдық мөлшерлеу
-сыртқы импульстық басқару
-бірдей басқару
-уақыт бойынша мөлшерлеу (орнатылған таймер)
-сорғыны орнатқанда бірден калибрлеу мүмкіндігі;
-газдармен қаныққан жағдайда немесе сорғыш келте құбыр ұзын болған жағдайда тұтқырлығы жоғары сұйықтықтарға арналған антикавитациялық функция;
-ең жоғарғы шығынды азайту
-жүрістер санын, жұмыс уақытын және қосулар/ажыратулар санын есептеу;
-екі деңгей дабылына арналған кірмесі бар деңгейді бақылайтын құрал;
-апаттық дабыл беру релесі
Дейін Кейін
Су тазарту құрылғыларының қазандығында мыналар орнатылды:
«Viessmann VITOMAX 200-LW типі М62 В» маркалы болат үш жүрісті су ысытқыш қазан.
Қазан – тұтастай құйылған, отынның сұйық немесе газ тәрізді түрін пайдалануға арналған.
Қазанның өнімділігі – 4,5 МВт.
Қазандықтың ішінде екі жылу алмастырғыш орнатылған. Қазан мен жылу алмастырғыштар арасын және жылу алмастырғыштарды желімен байланыстыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Сорғылар орнатылды – 2 бірлік.
Химиялық су тазарту жүйесі орнатылды, бұл қазандардың қызмет ету мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді, яғни, қақ пайда болуын болғызбайды, сол арқылы, апатты жағдайлардың алдын алады.
Дейін Кейін
ҚКСС
- «Көркем» қысымды көтеретін сорғы станциясында (Алмагүл 2 ш/а) жиілікті түрлендіргіші бар қуаты 11 кВт, 3 дана энергия үнемдейтін сорғы агрегаты, сондай-ақ, салқын су есептеу құралы орнатылды.
Дейін Кейін
- № 2 қысымды көтеретін сорғы станциясында (Алмагүл ш/а) жиілікті түрлендіргіші бар қуаты 15 кВт, 4 дана энергия үнемдейтін сорғы агрегаты, сондай-ақ, салқын су есептеу құралы орнатылды.
Дейін Кейін
- «Онкология» қысымды көтеретін сорғы станциясында (Облыстық аурухана маңы) жиілікті түрлендіргіші бар қуаты 5,8 кВт, 6 дана энергия үнемдейтін сорғы агрегаты, сондай-ақ, салқын су есептеу құралы орнатылды.
Дейін Кейін
- № 7 қысымды көтеретін сорғы станциясында (Сәтбаев к. № 5 үй маңы) жиілікті түрлендіргіші бар қуаты 5,8 кВт, 2 дана энергия үнемдейтін сорғы агрегаты, сондай-ақ, салқын су есептеу құралы орнатылды.
Дейін Кейін
- Мақат кентіндегі қысымды көтеретін сорғы станциясында жиілікті түрлендіргіші бар қуаты 22 кВт, 4 дана энергия үнемдейтін сорғы агрегаты, сондай-ақ, салқын су есептеу құралы орнатылды.
Дейін Кейін
КСС
- Мақат кентіндегі канализациялық сорғы станциясы – 2. Энергия үнемдейтін сорғы агрегаттары орнатылды – 2 дана.
- Мақат кентіндегі канализациялық сорғы станциясы – 1. Энергия үнемдейтін сорғы агрегаттары орнатылды – 2 дана.
Дейін Кейін
- «Сәтбаев, 48» канализациялық сорғы станциясы (Сәтбаев к. № 48 үй маңы). Энергия үнемдейтін сорғы агрегаты орнатылды – 1 дана.
Дейін Кейін
- «Жағалау Лермонтов 84» канализациялық сорғы станциясы (Балықшы кентінде). Энергия үнемдейтін сорғы агрегаты орнатылды – 1 дана.
Дейін Кейін