Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Департамент) 16.03.2023 жылғы №24-НҚ және Атырау облысы бойынша Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) 16.03.2023 жылғы №36-Ө бірлескен бұйрығымен «Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ның Атырау қаласы мен Мақат ауданының тарату желілері және магистральдық құбырлар арқылы су беру, сарқынды суларды шығару және тазарту бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша 2023 жылғы 1 мамырдан 2024 жылғы 30 сәуірге дейінгі кезеңге жалпы сомасы ҚҚС-сыз 426 674 000 (төрт жүз жиырма алты миллион алты жүз жетпіс төрт мың) теңгенің инвестициялық бағдарламасы (бұдан әрі – Инвестициялық бағдарлама) бекітілді.
2023 жылы инвестициялық бағдарлама бойынша Департаменттің 15.12.2023 жылғы №90-НҚ және Басқарманың 20.12.2023 жылғы №203-Ө бірлескен бұйрығымен 2023 жылғы 1 мамырдан 2024 жылғы 30 сәуірге дейінгі кезеңге жалпы ҚҚС-сыз сомасы 284 311 000 (екі жүз сексен төрт миллион үш жүз он бір мың) теңгеге өзгеріс енгізілді.
2024 жылдың I-тоқсанында сатып алынды:
«№1 және 2 сүзгі станцияларынан бастап ВОС-тағы таза су резервуарларына дейін Д-630 мм құбыржолын күрделі жөндеу» тармағы бойынша:
- бұрғыш, саны – 2 дана, ҚҚС-сыз сомасы 348 890,0 теңге;
- жалғастырғыш, саны – 10 дана, ҚҚС-сыз сомасы 5 164 000,0 теңге.
«Жұмыскер кентіндегі Д-159 мм. болат су құбырын күрделі жөндеу» тармағы бойынша:
- ысырма, саны – 1 дана, ҚҚС-сыз сомасы 37 000,0 теңге;
- ысырма, саны – 1 дана, ҚҚС-сыз сомасы 57 000,0 теңге;
- ернемек арқылы жалғастыруға арналған түйреуіш, саны – 11, ҚҚС-сыз сомасы 16 300,0 теңге;
- ернемек арқылы жалғастыруға арналған түйреуіш, саны – 11, ҚҚС-сыз сомасы 18 920,0 теңге;
- сумен жабдықтауға арналған құбыр, саны – 1000 метр, ҚҚС-сыз сомасы 2 470 000,0 теңге;
- шеңбер, саны – 2 дана, ҚҚС-сыз сомасы 50 000,0 теңге;
- құдыққа арналған тақта, саны – 1 дана, ҚҚС-сыз сомасы 15 000,0 теңге;
- құдыққа арналған тақта, саны – 1 дана, ҚҚС-сыз сомасы 15 000,0 теңге;
"Амангелді кентіндегі Д-250 мм. болат су құбырын Д-250 мм су құбырына дейін күрделі жөндеу" тармағы бойынша.:
- сумен жабдықтауға арналған құбыр, саны – 260 метр, ҚҚС-сыз сомасы 1 633 000,0 теңге;
- ернемек арқылы жалғастыруға арналған түйреуіш, саны – 45, ҚҚС-сыз сомасы 83 700,0 теңге;
- ернемек, саны – 8 дана, ҚҚС-сыз сомасы 75 200,0 теңге;
- бұрғыш, саны – 2 дана, ҚҚС-сыз сомасы 340 000,0 теңге;
- бұрғыш, саны – 4 дана, ҚҚС-сыз сомасы 228 000,0 теңге;
- ернемек арқылы жалғастыруға арналған түйреуіш, саны – 45, ҚҚС-сыз сомасы 82 560,0 теңге.
"Ассенизаторлық автомобиль сатып алу (көлемі кемінде 3,8 текше метр вакуум)" тармағы бойынша:
- автокөлік, саны – 2 бірлік, ҚҚС-сыз сомасы 47 320 000,0 теңге.
"Жылжымалы автокөлік шеберханасының автокөлігін сатып алу" тармағы бойынша:
- автокөлік, саны – 1 бірлік, ҚҚС-сыз сомасы 32 589 000,0 теңге.
"№4 сүзгі станциясын электрмен жабдықтау үшін 400/6/0,4 трансформаторлық қосалқы станция сатып алу " тармағы бойынша:
- кернеу трансформаторы, саны – 2 дана, ҚҚС-сыз сомасы 4 850 650,0 теңге.
"Мирный кентінің ПНС электрмен жабдықтау үшін 250/6/0,4 трансформаторлық қосалқы станция сатып алу" тармағы бойынша:
- кернеу трансформаторы, саны – 1 дана, ҚҚС-сыз сомасы 1 959 520,0 теңге.
"Жылжымалы автокөлік шеберханасының автокөлігін сатып алу" тармағы бойынша:
- автокөлік, саны – 1 бірлік, ҚҚС-сыз сомасы 25 417 000,0 теңге.
Инвестициялық бағдарлама бойынша жоспарланған барлық іс-шаралар жүзеге асырудың әртүрлі кезеңдерінде және инвестициялық бағдарламаның бекітілген мерзіміне дейін орындалатын болады.