Атырау қ., М.Ауэзов қ. 80
"Атырау облысы Су Арнасы" КМК басқармасы: 454017; 454022; 454023; 454026; 454027.
Орталық диспетчерлік қызмет (апаттық): 492002; 492003; 492009; +77011019805.

Сыртқы канализация желілері қаланың барлық негізгі көшелері бойымен өтіп жатыр. Қаланың оң жағалау бөлігіндегі негізгі коллекторлар сарқынды сұйықты канализациялық тазарту құрылғыларына тасымалдайды, қаланың сол жағалау бөлігіндегі коллекторлар сарқынды сұйықты табиғи буландыру далаларына тасымалдайды.

Қаланың оң жағалау бөлігіндегі канализациялық тазарту құрылғыларында сарқынды сулар механикалық қосындылардан, құм мен лайдан тазартылады.

Өнімділігі тәулігіне 30 мың текше метр канализациялық тазарту құрылғылары 1974-1978 жылдар аралығында салынған.

Құрылғылар:

  • №1 қабылдау камерасынан;
  • апаттық жағдайларда сарқынды суларды ағызып жіберетін камерадан;
  • ұнтағыш-тордан;
  • айналма қозғалысты көлденең құмтұтқыштардан;
  • бастапқы радиалды тұндырғыштардан;
  • құм алаңшалардан;
  • ағартылған сұйықтарға арналған резервуарлардан;
  • ағартылған сарқынды сулардың сорғы станциясынан тұрады.
  1. Буландыру тоғанының ауданы - 520, 13 га.
  2. Жобалық толтыру көлемі – 19, 13 млн. м3. Нақты толтыру шамамен жобалық көлемнің 20 пайызын құрайды.