Сумен жабдықтау және сарқынды суларды әкету қызметіне шарт жасасу
Жеке тұлғалармен шарттар жасасу үшін қажетті құжаттар тізбесі (жеке сектор)
1. Сумен жабдықтау және сарқынды суларды әкету қызметін ұсынуға арналған шарт жасасуға «Атырау Су Арнасы» КМК директоры атына арыз;
2. Жеке куәлік (ЖСН);
3. Жер учаскесіне немесе жылжымайтын мүлікке меншік құқығы актісі;
4. Мекен жай анықтамасы;
5. Су есептеу құралын қабылдау актісі;
6. Сумен жабыдқтау және суды әкету желілеріне қосылуға техникалық шарттар;
7. Ойым жасау бойынша орындалған жұмыстар актісі;
8. Сумен жабдықтау және суды әкету желілеріне қосылуға рұқсат;
9. Сатып алу-сату, сыйға беру шарты, мұрагерлік құқығы туралы куәлік (қайта ресімдегенде).
Жеке тұлғалармен шарттар жасасу үшін қажетті құжаттар тізбесі (көппәтерлі сектор)
1. Сумен жабдықтау және сарқынды суларды әкету қызметін ұсынуға арналған шарт жасасуға «Атырау Су Арнасы» КМК директоры атына арыз;
2. Жеке куәлік (ЖСН);
3. Мекен жай анықтамасы;
4. Меншік иесі туралы мәліметтер;
5. Су есептеу құралын қабылдау актісі;
6. Сатып алу-сату, сыйға беру шарты, мұрагерлік құқығы туралы куәлік (қайта ресімдегенде).
Заңды тұлғалармен шарттар жасасу үшін қажетті құжаттар тізбесі
1. «Атырау Су Арнасы» КМК директоры атына арыз;
2. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (БСН);
3. Ауыз судың қажеттілігі есебі;
4. Су пайдалану нормаларының сақталуына жауапты тұлға туралы бұйрық;
5. Су есептеу құралын қабылдау актісі;
6. Жер учаскесіне немесе жылжымайтын мүлікке меншік құқығы актісі;
7. Қарыздардың жоқтығы туралы анықтама, өзара есептесулердің салыстыру актісі;
8. Өрт сөндіру гидрантының бар-жоқтығын көрсету;
9. Меншік иесі туралы мәліметтер;
10. Әкімдік шешімі (қаулысы);
11. Сатып алу-сату, жалдау, сыйға беру шарты; қабылдау-тапсыру актісі (жаңадан салынған нысандар үшін);
12. Шекаралардың бөлінуі актісі;
13. Сумен жабдықтау және суды әкету желілеріне қосылуға техникалық шарттар;
14. Сумен жабдықтау және суды әкету желілеріне қосылуға рұқсат (жаңа нысандар үшін);
15. Ойым жасағандығы үшін ақы төленгендігі туралы түбіртек;
16. Ойым жасау бойынша орындалған жұмыстар актісі;
17. Деректемелер.
Заңды тұлғалармен 2 ай мерзімге уақытша шарт жасасу үшін қажетті құжаттар тізбесі
1. «Атырау Су Арнасы» КМК директоры атына арыз;
2. Деректемелер;
3. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (БСН);
4. Су есептеу құралын қабылдау актісі.
Заңды тұлғалармен шарттарды бұзу үшін қажетті құжаттар тізбесі
1. «Атырау Су Арнасы» КМК директоры атына арыз;
2. Қарыздардың жоқтығы туралы анықтама, су есептеу құралының соңғы көрсеткіштері көрсетілген өзара есептесулердің салыстыру актісі;
3. Сатып алу-сату, жалдау, сыйға алу шарты, қабылдау тапсыру актісі (жаңадан салынған нысандар үшін).
Бұзушылықтар анықталған жағдайдағы ұсынылған қызметтер көлемдерінің есебі
«Атырау Су Арнасы» КМК ҚР Құрылыс істері және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы агенттігі төрағасының 26.09.2011ж. №354 бұйрығымен бекітілген «Сумен жабдықтау және су бұру қызметінің көрсетілген көлемін анықтау Әдістемесіне» сәйкес абоненттерде төмендегідей бұзушылықтар анықталған жағдайда қосымша есептеу жүргізіледі:
1. шарт жасаспай елді мекеннің (қызмет көрсетушінің) сумен жабдықтау желілерінен су пайдалану фактісі анықталғанда (өз бетімен су пайдалану, айналма желі), 22т., 7 т-ша;
2. есептеу құралында пломбалардың жұлынуы (тұтастығы бұзылуы) анықталғанда, 22 т., 4 т-ша;
3. есептеу құралының көрсеткіштерін бұрмалаушы бұйымдарды айқындаған жағдайда (сорғы), 22т., 1 т-ша;
4. сумен жабдықтау жүйесінен ысырап (су ағулар) анықталғанда, 22 т., 2 т-ша;
5. есептеу құралын тексеру үшін қызмет көрсетушінің лауазымды адамын тұтынушы (оның өкілдері) жібермеген кезде, 22 т., 3 т-ша;
6. Қызмет көрсетушіге есептеу құралының ақаулары туралы хабарламаған кезде, 22 т., 6 т-ша;
7. есептеу құралын орнатуға негізсіз кедергі келтіргенде, 22т., 5 т-ша;
8. Өртке қарсы жүйелерінен су пайдалану фактісі анықталғанда, 22т., 8 т-ша;
9. су құбыры арқылы суару фактісі анықталғанда, кірмеде есептеу құралы болмағанда (суару, есептеу құралынсыз құрылысқа), 22 т., 9 т-ша.
3 тармаққа қатысты ескерту: ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2015ж. №163 бұйрығымен бекітілген «Елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану Ережесінің» 22 тармағына сәйкес: «Тұтынушының сумен жабдықтау және суды әкету жүйесін қайта орналастыру Қызмет көрсетушінің келісі болған жағдайда жүргізіледі». Яғни, су құбыры желісінде сорғы орнатуды «Атырау Су Арнасы» КМК-мен келісу қажет. «Атырау Су Арнасы» КМК-ның келісімінсіз су құбыры желісінде өз бетімен сорғы орнату жұмыстарын орындауға тыйым салынады.
Жеке тұлғаларға сорғы орнатуға рұқсат алу үшін қажетті құжаттар тізбесі
1. «Атырау Су Арнасы» КМК директоры атына арыз;
2. Сумен жабдықтау және суды әкету желілеріне қосылуға техникалық шарттар;
3. Су есептеу құралын қабылдау актісі.
Заңды тұлғаларға сорғы орнатуға рұқсат алу үшін қажетті құжаттар тізбесі
1. «Атырау Су Арнасы» КМК директоры атына арыз;
2. Сумен жабдықтау және суды әкету желілеріне қосылуға техникалық шарттар;
3. Су есептеу құралын қабылдау актісі;
4. Су құбыры, канализация желілері мен жабдықтарына қызмет көрсетудің шекараларын және оның жай-күйі үшін жауапкершілікті белгілеу актісі.