Атырау – Қазақстан Республикасының мұнайлы астанасы, еліміздің айрықша серпінмен дамушы қалаларының бірі.
«Атырау облысы Су Арнасы» КМК 2019 жылы құрылды. Бүгінгі таңда Атырау қаласының сумен жабдықтау және су бұру жүйелері қаланың, қала маңайындағы поселкелер мен Мақат ауданының 250 мыңнан астам халқына қызмет көрсетеді.
«Атырау облысы Су Арнасы» КМК өз қызметін айқындылық, қолданыстағы заңнамалар талаптарын бұлжытпай орындау және барлық тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне тең қолжетімділік беру ұстанымы негізінде құрып отыр.