Атырау қ., М.Ауэзов қ. 80

"Атырау облысы Су Арнасы" КМК басқармасы: 522008.

Орталық диспетчерлік қызмет (апаттық): 521537, 520522; 1313; +77011019805.

«Атырау облысы Су Арнасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – Кәсіпорын) реттеліп көрсетілетін қызметтер туралы туралы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша есеп беру 2026 жылы 24 шілде сағат 16.00-де Әуезов көшесі, 80 мекен жайында «Атырау облысы Су Арнасы» КМК әкімшілік ғимаратында өткізілді.

«Атырау облысы Су Арнасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның басқарушы директоры Б.Ж.Хамидуллаев 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету бағытында атқарылған жұмыстар туралы тұтынушыларға есеп берді.

Есеп беру жиынында қатысушыларды кәсіпорын қызметінің түрлерімен, реттелетін қызметтерді көрсету үшін пайдаланылатын объектілер санымен және олардың өндірістік қуатымен таныстырды.

"Атырау облысы Су Арнасы" КМК-ы Атырау облысы әкімінің 2019 жылғы 26 қазандағы №226 қаулысы негізінде құрылды. Кәсіпорын Атырау облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының қарамағында.

Қазіргі таңда "Атырау облысы Су Арнасы" КМК (бұдан әрі – Кәсіпорын) арқылы реттеліп көрсетілетін қызметтерді жүзеге асырып келеді.

Атап айтқанда:

- магистральдық және тарату құбырлары бойынша су беру қызметі;

- ағынды суларды бұру және тазарту қызметі;

-1-ші учаске тұтынушыларын жылу энергиясымен жабдықтау, суды беру және тарату бойынша өндірістік қызметтер.

«Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ы Атырау қаласындағы және қала маңындағы елді мекендердегі, Мақат ауданындағы сумен жабдықтау және су бұру желілерін пайдалануда:

- қалалық су тазарту құрылғыларының кешені өнімділігі 90 мың м3/тәулік;

- Амангелді селосында су тазарту құрылғылары өнімділігі 600 м3/тәулік;

- Алмалы селосында су тазарту құрылғылары өнімділігі 600 м3/тәулік;

- Береке кентіндегі №5 сүзгілеу станциясы, өнімділігі тәулігіне 50 мың м³;

- Қаланың оң жағалау бөлігіндегі өнімділігі тәулігіне 31 мың м³ болатын кәріздік тазарту құрылыстары және буландыру тоғаны (қазіргі уақытта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде)

- Қаланың сол жағалау бөлігіндегі өнімділігі тәулігіне 70 мың м³ болатын кәріздік тазарту құрылыстары;

- Мақат кентіндегі жобалық өнімділігі тәлігіне 3 мың м3 кәріздік тазарту құрылғылары;

- су құбыры-1467 км, оның ішінде Атырау қаласы мен қала маңындағы поселкелер бойынша -1313 км, Мақат поселкесі (Макат және Доссор кенті)-154 км;

- кәріз құбыры-329 км, оның ішінде Атырау қаласы бойынша-315 км , Мақат кенті бойынша-13 км;

- су қысымын көтеруші сорап станциясы -57 дана;

- кәріз сорап станциясы-90 дана;

01.07.2026 ж. жағдайымен қызметкерлердің тізімдік саны 1005 адамды құрайды.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығына кәсіпорынның көрсеткіштері:

Атауы

Өлшем бірлігі

2026 жылдың бірінші жартыжылдығына көрсеткіштер

1

Су өткізу көлемі

мың м3

9 874,401

2

Сарқынды суларды бұру

мың м3

5 738,645

3

Жылумен жабдықтау

Гкал

0,68

4

Барлық табыс, соның ішінде:

млн.теңге

3 118,897

 

а) негізгі қызметтен табыс, соның ішінде,

млн.теңге

2 462,925

 

Суды өткізу

млн.теңге

1 797,947

 

Сарқынды суларды бұру

млн.теңге

659,738

 

жылумен жабдықтау

млн.теңге

5,240

 

б) басқа да табыстар (негізгі емес қызмет)

млн.теңге

655,972

5

Барлық шығындар, соның ішінде:

млн.теңге

5 018,780

 

а) негізгі қызметтен

млн.теңге

3 559,411

 

Суды өткізу

млн.теңге

3 279,901

 

Сарқынды суларды бұру

млн.теңге

262,544

 

жылумен жабдықтау

млн.теңге

16,966

 

в) қаржыландыру шығындары

млн.тенге

7,103

 

г) басқа шығындар (негізгі емес қызмет)

млн.теңге

1 452,266

6

Қаржылық нәтиже

млн.теңге

-1 899,883

2026 жылдың бірінші жартыжылдығынакірістер 3 млрд. 118 млн. 897 мың теңгені құрады, оның ішінде негізгі қызметтен – 2 млрд. 462 млн. 925 мың теңге.

Шығыстар 5 млрд. 018 млн. 780 мың теңгені құрады.

Теріс қаржылық нәтиженің себептері:

2. Жалақы бойынша нақты шығыстар бекітілген сомадан анағұрлым көп. Бап бойынша асыра орындаудың себебі қызметкерлердің орташа айлық жалақысының төмен деңгейде бекітілуі болып табылады.

3. Бекітілген жанар-жағармай шығындары нақты шығындармен салыстырғанда анағұрлым аз. Себебі, тарифтік смета бойынша шығындар бабы негізінде белгіленген сома қажетті сомадан едәуір төмен.

4. Қазіргі таңда елдегі және әлемдік нарықтағы орын алған инфляция деңгейінде кәсіпорынның мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес көптеген материалдар мен қызметтер жоғары бағамен сатып алынуда.

Осы атап өтілген мән-жайлар кәсіпорынның қаржылық жағдайына теріс әсерін тигізуде.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығына нақты су өткізу көлемі 9 млн. 871 мың 400 м3 құрады, оның ішінде:

- Атырау қаласы және Мақат ауданы: 9 млн. 524 мың 021 м3;

- Алмалы ауылы: 68 мың 798 м3;

- Исатай ауылы: 281 мың 581м3.

Есепті кезеңде суды өткізу қызметтерінен түскен кіріс-1 млрд. 797 млн. 947 мың 298 теңгені құрады, оның ішінде:

- Атырау қаласы және Мақат ауданы: 1 млрд. 720 млн. 612 мың 154 теңге;

- Алмалы ауылы: 10 млн. 025 мың 615 теңге;

- Исатай а.: 67 млн. 309 мың 529 теңге.

Атырау қаласы және Мақат ауданы, Алмалы ауылы, Исатай ауданы бойынша суды өткізу қызметтері бойынша нақты шығындар 3 млрд. 279 млн. 901 мың. 448 теңгені құрады.

Есепті кезеңде сарқынды суларды бұру көлемі 5 млн. 738 мың 645 м3 құрады, соның ішінде:

- Атырау қаласы және Мақат ауданы: 5 млн. 652 мың 098 м3;

- Исатай ауылы: 86 мың 547 м3.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығына сарқынды суларды бұрудан түскен қаражат 659 млн. 738 мың 532 теңгені құрады, оның ішінде:

- Атырау қаласы және Мақат ауданы: 650 млн. 193 мың 474 теңге;

- Исатай а.: 9 млн. 545 мың 058 теңге.

Атырау қаласы және Мақат, Исатай аудандары бойынша сарқынды суларды бұру қызметіне нақты шығындар – 262 млн. 543 мың 967 теңгені құрады.

Есепті кезеңде жылумен жабдықтау көлемі 1474,38 Гкал құрады, соның ішінде:

- Атырау қаласы: 681,21 Гкал;

- Исатай ауылы: 793,17 Гкал.

2026 жылдың бірінші жарты жылдығына жылумен жабдықтау бойынша қызмет көрсетуден түскен кірістер -1 млн. 899 мың 882 теңгені құрады, оның ішінде:

- Атырау қ.: 1 млн. 386 мың 914 теңге;

- Исатай а: 512 мың 968 теңге.

Атырау қаласы және Исатай ауданы бойынша жылумен жабдықтау қызметі бойынша нақты шығындар 16 млн. 965 мың 801 теңгені құрады.

«Атырау облысы Су Арнасы КМК қызметтерінің тарифтері

Атырау қаласы және Мақат ауданы бойынша:

Тұтынушылар атауы

тенге/м3, ҚҚС-сыз

Магистралды құбырлар және тарату желілерімен су беру

Тұрғындар

99,00

Өзге тұтынушылар

394,43

Сарқынды суларды бұру, тазарту

Тұрғындар

59,08

Өзге тұтынушылар

208,01

Исатай ауданы Аққыстау, Томан, Х.Ерғалиев ауылдары бойынша:

Тұтынушылар атауы

тенге/м3, ҚҚС-сыз

Тарату желілерімен су беру

Тұрғындар

301,21

Өзге тұтынушылар

370,36

Исатай ауданы Жанбай, Зинеден, Нарын, Исатай ауылдары бойынша:

Тұрғындар

377,84

Өзге тұтынушылар

476,68

Сарқынды суларды бұру, тазарту

Тұрғындар

97,97

Өзге тұтынушылар

160,33

Алмалы бойынша:

Тұтынушылар атауы

тенге/м3, ҚҚС-сыз

Магистралды құбырлар және тарату желілерімен су беру

Тұрғындар

108,98

Өзге тұтынушылар

234,86

Атырау қаласы 1- участок бойынша жылумен жабдықтау:

Тұтынушылар атауы

тенге/Гкал, ҚҚС-сыз

Тұрғындар және өзге тұтынушылар

7825,93

Исатай ауданы бойынша жылумен жабдықтау:

Тұтынушылар атауы

тенге/Гкал, ҚҚС-сыз

Тұрғындар және өзге тұтынушылар

7042,86

оның ішінде:

оның ішінде:

«Атырау облысы Су Арнасы» КМК дебиторлық берешекті қысқарту бойынша жүйелі түрде жұмыстар жүргізілуде. Су пайдалану саласындағы бұзушылықтарды анықтау мақсатында жыл сайын су ресурстарына түгендеу жүргізіледі.

2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша тұтынушылар тарапынан келесідей бұзушылықтар анықталды.

1. Өзге тұтынушылар тарапынан:

- 1 есепке алу құралдарының ақаулы болуының фактісі;

- 1 өрт гидрантындағы пломбаның бұзылуының фактісі;

- 3 есепке алу құралдарын өз бетінше пайдаланудың фактісі;

2. Тұрғындар тарапынан:

- 3 есепке алу құралдарын өз бетінше пайдаланудың фактісі;

- 59 есепке алу құралдарындағы пломбалардың бұзылуының фактісі;

- 15 есепке алу құралдарын айналып өту арқылы пайдаланудың фактісі;

- 93 есепке алу құралдарының ақаулы болуының фактісі;

- 1 сыйымдылықсыз сорғыны пайдаланудың фактісі;

- 1 тұтынушылардың сумен жабдықтау жүйелеріндегі су ағуының фактісі;

- 1 жасыл желектерді күндіз суарудың фактісі.

Барлығы 176 бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: өзге тұтынушылар – 4 факт, тұрғындар – 172 факт.

«Атырау облысы Су Арнасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының Атырау қаласы мен Мақат ауданына суды таратушы желілер және магистральдық құбырлар арқылы беру, сарқынды суларды бұру және тазарту бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтеріне 2023-2028 жылдарға бекітілген инвестициялық бағдарламаның

2026 жылғы I-ші жартыжылдыққа орындалысы туралы

«Атырау облысы Су Арнасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен 2023 жылғы желтоқсанда бекітілген бірлескен бұйрық негізінде 2026-2027 жылдарға бекітілген инвестициялық бағдарлама бойынша тиісті жұмыстар атқарылды.

Инвестициялық бағдарламаны жүзеге асырудың жалпы сомасы 132 141 000,0 (жүз отыз екі миллион жүз қырық бір мың) теңге.

Инвестициялық бағдарлама негізінен құралдарды жаңғыртуға, нысандарды жөндеуге, техникалар мен жабдықтарды ауыстыруға, сондай-ақ кәріз және су берілісін арттыру сорғы станцияларының жәй-күйін техникалық-экономикалық зерттеуге бағытталған.

Атқарылатын іс-шараларға қарыз қаражатын және республикалық немесе жергілікті бюджеттерден қаражат тартпай, Кәсіпорынның өз қаражаты пайдаланылады.

Кәсіпорын сумен жабдықтау және сарқынды суларды бұру бағыттары бойынша келесідей іс-шаралар жүзеге асырылды:

  • Мостовая көшесінен Құрманғазы көшесіне дейінгі (мұсылман зираты маңы) диаметрі 300 мм болат су құбырына күрделі жөндеу жүргізілді;
  • су құбыры желілерін күрделі жөндеуге қажетті құбырлар, төлкелер, ысырмалар, темірбетон сақиналар, ауыстырғыштар, құдық жабын плиталары, полиэтилен бұрмалары және басқа да материалдар сатып алынды;
  • «Болашақ» тұрғын үй кешенінің қысымды насос станциясындағы сорғы агрегаттары ауыстырылды;
  • кәріздік тазарту құрылыстарындағы қуаттылығы 400 кВт электр қозғалтқыштары жаңартылды;
  • 3 сүзгілеу станциясына күрделі жөндеу жүргізіліп, бекіту арматурасы, шпилькалар, гайкалар және басқа да қосалқы бөлшектер ауыстырылды.

Су бұру бағыты бойынша келесі жұмыстар атқарылды:

  • Гагарин көшесіндегі өздігінен ағатын кәріз коллекторының апатты учаскесі ауыстырылды;
  • Әліпов көшесіндегі өздігінен ағатын кәріз коллекторының апатты учаскесі ауыстырылды;
  • кәріз желілерін жөндеуге қажетті құбырлар, темірбетон сақиналар, люктер және басқа да материалдар сатып алынды;
  • су бұру нысандарын пайдалануға арналған арнайы техника сатып алынды;
  • 5 кәріз сорғы станциясына реконструкция жүргізілді;
  • 1 кәріз сорғы станциясына реконструкция жүргізілді;
  • «Геолог» кәріз сорғы станциясына реконструкция жүргізілді;
  • «Алмагүл» кәріз сорғы станциясына реконструкция жүргізілді.

Аталған іс-шараларды іске асыру сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің сенімді әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге, апаттық жағдайлардың алдын алуға, инженерлік желілердің сенімділігін арттыруға және тұтынушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік берді.

Кәсіпорын алдағы уақытта да коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және тұрғындарды сапалы сумен жабдықтау мен су бұру қызметтерімен тұрақты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

Назарларыңызға рақмет!