Атырау қ., М.Ауэзов қ. 80
"Атырау облысы Су Арнасы" КМК басқармасы: 454017; 454022; 454023; 454026; 454027.
Орталық диспетчерлік қызмет (апаттық): 492002; 492003; 492009; +77011019805.

Қысқы кезеңге дайындық аясында Агропромная көшесіндегі апатты су құбыры учаскесін ауыстыру бойынша жұмыстарға байланысты сәрсенбі күні 29.09.2021ж. сағ. 14.00-ден бастап сағ. 18.00-ге дейін Геолог кентіне және Томарлы кентінің бөлігіне (Московская көшесі) су беру уақытша тоқтатылады.

«Атырау облысы Су Арнасы» КМК Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігі табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Атырау облысы бойынша Департаменті 2021 ж. 15 қыркүйекте №58-НҚ бұйрығымен бекітілген 2021 жылдың 1 қазаннан бастап Исатай ауданы жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне тарифті 5 050,60 теңге/Гкал (ҚСС-ны есепке алмағанда) мөлшерінде енгізілетінін тұтынушылардың назарына жеткізеді.

"Атырау Жарық" тарапынан СуҚКСС-ға электр энергиясы берілмеуіне байланысты, яғни аталған мекемемен техникалық жұмыстар жүргізілетіндіктен 1-ші және 2-ші Алмагүл шағын аудандарына сенбі күні 2021ж.18.09. сағ. 07.00-ден сағ. 12.00-ге дейін су беру уақытша тоқтатылады.

Сағ. 10.00-ден бастап сағ.18.00-ге дейін техникалық жұмыстарды жүргізетіндіктен "Атырау Жарық" тарапынан "Алмалы" СуҚКСС-ға элект энергиясы берілмеуіне байланысты Алмалы ауылына 2021ж.16.09. су беру уақытша тоқтатылады.

Жеңіс паркі аумағында Д-500 мм магистральдық су құбырында апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетіндіктен 2021 жылдың 16 қыркүйегінде сағат 14.00-ден бастап. сағат 18.00-ге дейін "Атырау облысы Су Арнасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны 2-ші және 3 Авангард шағын аудандары және Жеңіс саябағы аумағында орналасқан барлық тұрғындар мен кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларының назарына жеткізеді.

Жиренше шешен көшесіндегі Д-630 мм су құбырында апатты жөндеу жұмыстарына байланысты бүгін, 2021ж.14.09. сағ. 14.30-дан бастап сағ.18.00-ге дейін Элеватор аумағынан бастап Атамбаев көшесіне дейін су беру уақытша тоқтатылады.

№4 көше, №10 үй аумағындағы өрт сөндіру гидрантындағы апатты жағдайға байланысты бүгін, 2021ж.13.09. сағ. 14.00-ден бастап сағ.20.00-ге дейін Балауса ықшам ауданына су беру уақытша тоқтатылады.

"Сарайшық" базары аумағындағы Д-630 мм айналмалы су құбырындағы апатты жағдайға байланысты Атырау қаласында судың қысымы уақытша төмендетіледі. Апаттық жөндеу жұмыстардың аяқталу уақыты әзірге белгісіз.

Сағ. 10.00-ден бастап сағ.17.00-ге дейін техникалық жұмыстарды жүргізетіндіктен "Атырау Жарық" тарапынан СуҚКСС-ға элект энергиясы берілмеуіне байланысты №6 СуҚКСС-ы (Дом быта аумағы) қызмет көрсететін үйлерге су беру уақытша тоқтатылады.

"Айгерім" дүкені аумағындағы Д-225мм су құбырында апатты жағдайға байланысты 31.08.2021ж. сағ.14.00-ден бастап сағ.20.00-ге дейін Балауса шағын ауданына су беру уақытша тоқтатылады.

Күзгі-қысқы кезеңге дайындық бойынша жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 26.08.2021ж. сағ.10.00-ден бастап сағ.20.00-ге дейін Лесхоз шағын ауданына (жеке секторге), Нұрсая-3 және Нұрсая шағын аудандарына (кеңсе ғимараттарына) және де аэропорт аумағына су қысымы уақытша төмендетіледі.

Тлендиев көшесі, №19 үй аумағындағы су құбырындағы апатты жағдайды жою мақсатында "Жеңіс Саябағы" СуҚКСС-ы тоқтатылуына байланысты "Жеңіс Саябағы" аумағындағы үйлерге су беру уақытша тоқтатылады. Апатты жөндеу жұмыстардың аяқталу уақыты әзірге белгісіз.