Атырау қ., М.Ауэзов қ. 80
"Атырау облысы Су Арнасы" КМК басқармасы: 454017; 454022; 454023; 454026; 454027.
Орталық диспетчерлік қызмет (апаттық): 492002; 492003; 492009; +77011019805.

"Атырау облысы Су Арнасы" КМК-ы жаңа Д-315 мм полиэтилен су құбырының іске қосылуына байланысты Д-300 мм болат су құбыры өшірілетіні жөнінде Атырау шағын ауданы, Дүтбаев көшесінде (Асылгүл мейрамханасынан Тайманов көшесіне дейін) тұратын тұтынушылардың назарына жеткізеді.
Тұрғындар 3 күн ішінде жаңа су құбырына қосылуға техникалық шарттарды (ТШ) жаңарту және 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін Д-315 мм жаңа полиэтилен су құбырына ауыстыруды орындау қажет.
2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Д-300 мм болат су құбыры өшіріледі.

Су тазарту қондырғылары мен қаланың тарату желілерін маусымдық хлорлануына байланысты 16 маусымға қараған түні сағ. 24.00-ден бастап 17 маусым сағ. 07.00-ге дейін су беру уақытша тоқтатылатындығын «Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ы хабарлайды, сонымен қатар Атырау-Мақат су құбырының су өткізгіштігін арттыру бойынша жұмыс орындалады.

№1 көше, №19 үй аумағындағы Д-300 мм су құбырындағы апатты жағдайға байланысты Водниково-2 кентіне су беру уақытша тоқтатылады. Апатты жөндеу жұмыстардың аяқталу уақыты әзірге белгісіз.

"Мирный" СуҚКСС-да техникалық жұмыстарға байланысты 2021ж. 09.06. сағат 14.00-ден сағат 18.00-ге дейін Мирный, Водников, Тасқала, Көкарна (Курилкин), Ширина, Құрсай, Дамбы, Зарослый кенттеріне су беру уақытша тоқтатылады.

Нұрсая ықшам ауданы, №5 өткел, №17 үй аумағындағы су құбырындағы апатты жағдайға байланысты "Нұрсая" СуҚКСС-ға, "Ескене" СуҚКСС-ға және "Тұлпар" СуҚКСС-ға 2021ж.02.06. сағ. 10.00-ден сағ. 12.00-ге дейін су беру уақытша тоқтатылады.

Д-315 мм су құбырындағы апатты жағдайға байланысты Геолог, Мирас ықшам аудандарына 2021ж.02.06. сағ. 01.00-ден сағ. 03.00-ге дейін су беру уақытша тоқтатылады.

Жұлдыз шағын ауданы, №12 көшесі, №56 үй аумағындағы Д-225 мм су құбырындағы апатты жағдайға байланысты Жұлдыз шағын ауданына уақытша су беру тоқтатылады. Жұмыстардың аяқталу уақыты әзірге белгісіз.

"Атырау облысы Су Арнасы" КМК-ның келісімінсіз жеке тұлға жер қазу жұмыстарын жүргізген кезде Д-225 мм су құбырына зақым келтіруіне байланысты Сары өзек аумағына су беру уақытша тоқтатылады. Жұмыстардың аяқталу уақыты әзірге белгісіз.

Д-300мм су құбырындағы апатты жағдайға байланысты Сары өзек аумағына су беру уақытша тоқтатылады. Жұмыстардың аяқталу уақыты әзірге белгісіз

СМП-163 шағын ауданы, №2 үй аумағындағы су құбырындағы апатты жағдайға байланысты СМП -163 шағын ауданына уақытша су беру тоқтатылады. Жұмыстардың аяқталу уақыты әзірге белгісіз.

Жылу пункітінде апатты жөндеу жұмыстарына байланысты Привокзальный 5 ықшам ауданына су беру уақытша тоқтатылады. Жұмыстардың аяқталу уақыты әзірге белгісіз.

Соңғы уақытта судың төмен қысымы туралы өтініштеріңіз жиілеп кетті.