Атырау қ., М.Ауэзов қ. 80
"Атырау облысы Су Арнасы" КМК басқармасы: 454017; 454022; 454023; 454026; 454027.
Орталық диспетчерлік қызмет (апаттық): 492002; 492003; 492009; +77011019805.

Қонарбев көшесі бойындағы апатты су құбыры учаскесін ауыстыру бойынша жұмыстарына байланысты Рембаза шагын ауданына бүгін, 2021ж.19.04. сағ. 14.00.-ден бастап 20.00-ге дейін су беру уақытша тоқтатылатыны жөнінде "Атырау облысы Су Арнасы" КМК-ы қаперлеріңізге береді.

СуҚКСС-да техникалық жұмыстар жүргізілуіне байланысты 2021ж.13.04. сағ. 14.00-ден бастап сағ.18.00-ге дейін "Болашақ" СуҚКСС-ы қызмет көрсететін Нұрсая ықшам ауданындағы кейбір үйлерінде судың қысымы төмендетілетін болады.

Кәсіпорынның орталық диспетчерлік қызметінің телефон желісіндегі уақытша техникалық ақаулыққа байланысты +77011019805 нөміріне қоңырау шала аласыздар.

"Мирный" СуҚКСС-да техникалық жұмыстарға байланысты 2021ж. 12.04. сағат 14.00-ден сағат 18.00-ге дейін Мирный, Водников, Тасқала, Көкарна (Курилкин), Ширина, Құрсай, Дамбы, Зарослый кенттеріне су беру уақытша тоқтатылады.

"Мирный" СуҚКСС-да техникалық жұмыстарға байланысты Дамбы, Көкарна (Курилкино), Зарослый, Мирный, Водников поселкелеріне 2021ж. 07.04. сағат 14.00-ден бастап уақытша су беру тоқтатылады. Жұмыстардың аяқталу уақыты әзірге белгісіз.

Д-110мм су құбырларының түйіскен жерінде апатты жағдайға байланысты Авангард  4 ықшам ауданындағы №7 СуҚКСС-ы қызмет көрсететін үйлерге су беру уақытша тоқтатылады. Қазіргі уақытта апатты жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстардың аяқталу уақыты әзірге белгісіз.

№1 өткелдегі, №1 үй аумағындағы Д-110 мм су құбырындағы апатты жағдайды орындауға байланысты Өркен шағын ауданына су беру уақытша тоқтатылады. Жергілікті тұрғын "Атырау облысы Су Арнасы" КМК-ның келісімінсіз жер қазу жұмыстарын жүргізіп, су құбырына зақым келтірген болатын. Қазіргі уақытта апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстардың аяқталу уақыты әзірге белгісіз.

Құлманов көшесі, №37 үй аумағындағы Д-200 мм су құбыры желісінде апаттық жөндеу бойынша жұмыстарға байланысты бүгін, 2021ж.01.04. сағат 14:00-ден 18:00-ге дейін Сары Арқа шағын ауданына және Сәтпаев көшесі, №13 үйге су беру уақытша тоқтатылады.

Шамин көшесі, №3а үй аумағындағы су құбырындағы апатты жөндеу жұмыстарына байланысты Мұқанов, Шарипов, Шамин көшелеріне уақытша су беру тоқтатылады. Жұмыстардың аяқталу уақыты әзірге белгісіз.

Д-630 мм су құбыры желісінде жазғы кезеңге дайындық бойынша техникалық жұмыстарға байланысты бүгін, 2021ж.30.03. сағат 14:00-ден 18:00-ге дейін Самал және Жерұйық шағын аудандарына су беру уақытша тоқтатылатыны жөнінде "Атырау облысы Су Арнасы" КМК-ы хабарлайды.

"Атырау облысы Су Арнасы" КМК-ы "Восток" СуҚКСС-да техникалық жұмыстар жүргізуіне байланысты, бүгін 2021ж.29.03. сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін "Арын" СҮ ауданында қызмет көрсететін үйлерге (Азаттық даңғылы, Махамбет көшесі, Атамбаев көшесі) су беру уақытша тоқтатылатыны жөнінде хабарлайды.

Атырау қ.                                                                                       2021ж.29.03.

«Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ы «Атырау қаласында 60 000 м3/тәул. сүзгілеу стансасының құрылысы» жұмыс жобасын іске асыру шеңберінде, ҚР-ң 2015ж.16.03. №209 СанЕжН-мен белгіленген судың сапасын алу үшін суды тазартудың технологиясын таңдау мақсатында (алдын ала тазарту технологиясын қоса) технологиялық іздестірулерді (сынамалы байқауларды) өткізу жоспарланатынын хабарлайды.