Атырау қ., М.Ауэзов қ. 80
"Атырау облысы Су Арнасы" КМК басқармасы: 454017; 454022; 454023; 454026; 454027.
Орталық диспетчерлік қызмет (апаттық): 492002; 492003; 492009; +77011019805.

Асанов көшесі, №39 үй аумағындағы өрт гидрантындағы апатты жағдайға байланысты Еркінқала кентіне су беру уақытша төқтатылады. Апаттық жөндеу  жұмыстардың аяқталу уақыты әзірге белгісіз.

№8 көше аумағындағы өрт гидрантындағы апатты жағдайға байланысты Нұрсая-3 шағын ауданына су беру уақытша тоқтатылады. Жұмыстардың аяқталу уақыты әзірге белгісіз.

Құрметті қатысушылар!

"Атырау облысы Су Арнасы" КМК-ы Атырау облысы әкімінің 2019 жылғы 26 қазандағы №226 қаулысы негізінде құрылды. Кәсіпорын "Атырау облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" ММ қарамағына берілді.

№2 көшесі аумағындағы Д-160 мм су құбырындағы апатты жағдайға байланысты Балауса ықшам ауданы су беру уақытша тоқтатылады. Апаттық жөндеу жұмыстардың аяқталу уақыты әзірге белгісіз.

Қаланың су тазарту құрылғыларындағы су құбыры учаскесінің диаметрін үлкейту бойынша жұмыстар жоспарлануына байланысты бейсенбіден жұмаға қараған түні, яғни 30 шілдеде сағ. 24.00-ден бастап сағ.06.00-ге дейін Мақат су құбырында су қысымы төмендетілетін болады.

"Атырау облысы Су Арнасы" КМК-ның келісімінсіз жеке тұлға қазу жұмыстарын жүргізген кезде Уәлиханов көшесі, №74 үй аумағындағы Д-200 мм су құбырына зақым келтіруіне байланысты Мақат, Доссор, Заводской өткелдеріне су беру уақытша тоқтатылады. Апатты жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстардың аяқталу уақыты әзірге белгісіз.

"Нұр" ЖЖМС-ы аумағындағы Д-300 мм су құбырындағы апатты жою бойынша жұмыстарды орындауға байланысты Привокзальный шағын ауданына су беру уақытша тоқтатылады. Апатты жөндеу жұмыстарының уақыты-шамамен 2-3 сағат.

«Атырау облысы Су Арнасы» КМК Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігі табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Атырау облысы бойынша Департаменті 2021 ж. 13 шілдеде №39-НҚ бұйрығымен бекітілген 2021 жылғы 1 тамыздан бастап Алмалы ауылына суды таратушы желілер арқылы беру реттеліп көрсетілетін қызметіне тарифі келесі мөлшерінде (ҚСС-сыз) енгізілетінін тұтынушылардың назарына жеткізеді:

Тұтынушылар атауы

теңге/м3

Суды таратушы желілер арқылы беру

Тұрғын

83,25

Басқа тұтынушылар

174,47

«Атырау облысы Су Арнасы» КМК Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігі табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Атырау облысы бойынша Департаменті 2021 ж. 8 шілдеде бекіткен №37-НҚ бұйрығымен 2021 жылғы 1 тамыздан бастап жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне тарифті келесі мөлшерде (ҚСС-сыз) енгізілетінін тұтынушылардың назарына жеткізеді:

Тұтынушылар атауы

теңге/Гкал

Жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау

Тұрғын және басқа тұтынушылар

6546,46

 

Атырау облысы Су Арнасы КМК келесі қызметкерлер қажеттілігі туралы хабарлайды:

- кәріз желілері, канализация сорғы станциялары қызметінің АКҚЖ слесерлері, жөндеуші слесерлерінің - 15 бірлігі;

- су жабдықтау және желілер диагностика қызметінің бақылаушысының АКҚЖ слесерлері, жөндеуші слесерлерінің - 15 бірлігі;

- автоматтандырылған жүйелер және ақпараттық технологиялар бөліміне БӨАжА слесарінің - 3 бірлігі.

Барлық сұрақтарызбен Әуезов даңғылы, 80 мекен жайы бойынша мамандар бөліміне жолығуыңыз сұралады.

Байланыс нөмері: 76-37-58 (+ішкі нөмірі 525).

№21 үй аумағындағы апатты су құбыры учаскесін ауыстыруға байланысты "Алмагүл-2" СуҚКСС-ы (Алмагүл шағын ауданындағы 16 қабатты үйлер және перзентхана) қызмет көрсететін үйлерде сағ.14.00-ден бастап сағ.18.00-ге дейін су беру уақытша тоқтатылады.

№26 көше бойындағы, №3 үй аумағындағы су құбырындағы апатты жағдайға байланысты Балауса ықшам ауданына сағат 14.30-дан бастап су беру уақытша тоқтатылады. Жұмыстардың аяқталу уақыты әзірге белгісіз.

Күзгі-қысқы кезеңге дайындық жоспарындағы апатты су құбыры учаскелерін ауыстыру бойынша жұмыстарды орындауға байланысты №15-СуҚКСС-ға (Достық көшесі, №№11, 13, 15, 15а, 17а, 19, 21 үйлер, Махамбет көшесі, №116а,б,в, №118а,б,в үйлер, №13 мектеп, военкомат, балабақша, №21 мектеп, М.Өтемісұлы атындағы драма театр, Достық жылу пункіті, №2 полиция пункіті, Жилстройбанк, Стат. басқармасы), №35-СуҚКСС-ға (С.Датов көшесі, №№29, 31, 35б,в) және "Томирис" ТК тұрғын үйлеріне 2021 жылдың 12 шілдесі күні сағат 14.00-ден сағат 18.00-ге дейін уақытша су беру тоқтатылады.