Атырау қ., М.Ауэзов қ. 80
"Атырау облысы Су Арнасы" КМК басқармасы: 454017; 454022; 454023; 454026; 454027.
Орталық диспетчерлік қызмет (апаттық): 492002; 492003; 492009; +77011019805.

Авангард 3-ші шағын ауданы, №24 үй аумағындағы Д-500 мм су құбырындағы апатты-жөндеу жұмыстарына байланысты Жеңіс саябағы аумағындағы, Авангард 2-ші және 3-ші шағын аудандарындағы №33-СуҚКСС-ы мен №41-СуҚКСС-ы қызмет көрсететін тұрғын үйлерде, сонымен қатар Облыстық аурухана жылу пункітіне 09.07.2021ж. сағат 00.00-ден бастап 07.00-ге дейін уақытша су беру тоқтатылады.

СуҚКСС-да электр кабелі үзілуі салдарынан электр энергиясы болмауына байланысты "Ауезов, 58"-СуҚКСС-ы қызмет көрсететін үйлерде (Азаттық, Ауезов даңғылы, Алтай көшесі бойы), сонымен қатар №10-СуҚКСС-ы қызмет көрсететін үйлерде (Мира даңғылы, Қожақаев, Құнанбаев, Хабиев, Вишневая көшелері бойы) су қысымы уақытша төмендетілетін болады. "Атырау Жарық" аталған ақауды жою жұмыстарын орындап жатыр.

Алмалы кентіндегі су тазарту құрылғыларында техникалық жұмыстар жүргізілуіне байланысты. 01.07.2021ж. сағат 09.00-ден сағат 12.00-ге дейін Алмалы кентіне су беруді уақытша тоқтатылады.

Жол жабындысын жөндеу кезінде су құбыры желілерін басқа жерге көшіру бойынша жұмыстарды орындауға байланысты Әуезов даңғылы бойындағы, №63-тен бастап Сельстройдағы сот ғимаратына дейінгі ауданда (жолдың сол жағы бойынша) су беру уақытша тоқтатылады. Су құбыры желілері учаскесін ауыстыру бойынша жұмыстардың аяқталу уақыты әзірге белгісіз.

"Атырау облысы Су Арнасы" КМК-ы жаңа Д-315 мм полиэтилен су құбырының іске қосылуына байланысты Д-300 мм болат су құбыры өшірілетіні жөнінде Атырау шағын ауданы (Асылгүл мейрамханасынан Тайманов көшесіне дейін) тұратын тұтынушылардың назарына жеткізеді.
Тұрғындар жаңа су құбырына қосылуға техникалық шарттарды (ТШ) жаңарту және 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін Д-315 мм жаңа полиэтилен су құбырына ауыстыруды орындау қажет.
2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Д-300 мм болат су құбыры өшіріледі.

Атырау қаласының Су тазарту құрылғыларында техникалық жұмыстарға байланысты Алмалы елді мекеніне 23.06.2021ж. сағ. 10.00-ден 14.00-ге дейін су беру уақытша тоқтатылады.

Егер Сіз біреудің ағыс айырылыссыз, су құбырына тікелей сорғы орнатылғанына куә болсаңыз, яғни біреу желідегі суды тікелей алып, басқаларды судың қысымынан айырса бұл заңсыз болып табылады, мұндай жағдайда телефоны арқылы хабарлауыңызды сұраймыз. Қоңырау жасырын болады.

Бүгін, 21.06.2021ж., сағат 14.00-де Дүтбаев көшесі аумағындағы су құбыры желісіндегі апатты жою бойынша  жұмыстар орындалуына байланысты су беру уақытша тоқтатылады. Апатты жөндеу жұмыстардың аяқталу уақыты әзірге белгісіз.

Бүгін, 21.06.2021ж., №11 үйдің аумағында өрт гидрантында апатты жөндеу жұмыстарды орындауға байланысты  сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін су беру уақытша тоқтатылады.

Судың төмен қысымы туралы хабарлама жібермес бұрын, алдымен көршілеріңізде су бар-жоғын тексеріңіз. Егер бар болса, мәселе Сіздің үйіңіздегі кіреберіс су құбырындағы су сүзгіңізде. Мұндай жағдайлар өте жиі кездеседі. Адам судың төмен қысымына шағымданады, дегенмен "Атырау облысы Су Арнасы» суды орталық су құбырында қажетті қысымды ұстап, қалыпты режимде жеткізеді. Мәселелер, әдетте, жеке су құбыры желілерінде. Бригадалар су құбыры желілерін тексеруге келгеннен кейін, желідегі жақын үйлерде судың қысымы бар екендігі белгілі болады. Мәселе үйдің тұрғыны су сүзгісін тазартпағандықта. Сондықтан, өтініш - судың қысымы туралы шағым жібермес бұрын, алдымен көрші үйлердегі судың қысымын, екіншіден, үйдің кіреберісіндегі су құбырындағы су сүзгісін тексеріп және де қажет болған жағдайда тазалау керек.

№7 үй аумағындағы Д-200 мм су құбырындағы апатты жою бойынша жұмыстарды орындауға байланысты Орталық шағын ауданына су беру уақытша тоқтатылады. Апатты жөндеу жұмыстардың аяқталу уақыты әзірге белгісіз.

«Атырау облысы Су Арнасы» КМК-на қажет қызметкерлер:
- су құбыры қызметінің слесарі;
- кәріз қызметінің слесарі;
- электриктер (жұмыс істеуге рұқсат етілген);
- жүргізушілер;
- темір жонушысы.
Жұмысқа орналасу туралы Әуезов даңғылы, 80, №1 кабинетке кадрлар бөліміне хабарласыңыз.
Телефон: 76-37-58 (+ішкі нөмірі 525).