Атырау қ., М.Ауэзов қ. 80
"Атырау облысы Су Арнасы" КМК басқармасы: 454017; 454022; 454023; 454026; 454027.
Орталық диспетчерлік қызмет (апаттық): 492002; 492003; 492009; +77011019805.

Бүгін, 21.06.2021ж., сағат 14.00-де Дүтбаев көшесі аумағындағы су құбыры желісіндегі апатты жою бойынша  жұмыстар орындалуына байланысты су беру уақытша тоқтатылады. Апатты жөндеу жұмыстардың аяқталу уақыты әзірге белгісіз.

Бүгін, 21.06.2021ж., №11 үйдің аумағында өрт гидрантында апатты жөндеу жұмыстарды орындауға байланысты  сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін су беру уақытша тоқтатылады.

Судың төмен қысымы туралы хабарлама жібермес бұрын, алдымен көршілеріңізде су бар-жоғын тексеріңіз. Егер бар болса, мәселе Сіздің үйіңіздегі кіреберіс су құбырындағы су сүзгіңізде. Мұндай жағдайлар өте жиі кездеседі. Адам судың төмен қысымына шағымданады, дегенмен "Атырау облысы Су Арнасы» суды орталық су құбырында қажетті қысымды ұстап, қалыпты режимде жеткізеді. Мәселелер, әдетте, жеке су құбыры желілерінде. Бригадалар су құбыры желілерін тексеруге келгеннен кейін, желідегі жақын үйлерде судың қысымы бар екендігі белгілі болады. Мәселе үйдің тұрғыны су сүзгісін тазартпағандықта. Сондықтан, өтініш - судың қысымы туралы шағым жібермес бұрын, алдымен көрші үйлердегі судың қысымын, екіншіден, үйдің кіреберісіндегі су құбырындағы су сүзгісін тексеріп және де қажет болған жағдайда тазалау керек.

№7 үй аумағындағы Д-200 мм су құбырындағы апатты жою бойынша жұмыстарды орындауға байланысты Орталық шағын ауданына су беру уақытша тоқтатылады. Апатты жөндеу жұмыстардың аяқталу уақыты әзірге белгісіз.

«Атырау облысы Су Арнасы» КМК-на қажет қызметкерлер:
- су құбыры қызметінің слесарі;
- кәріз қызметінің слесарі;
- электриктер (жұмыс істеуге рұқсат етілген);
- жүргізушілер;
- темір жонушысы.
Жұмысқа орналасу туралы Әуезов даңғылы, 80, №1 кабинетке кадрлар бөліміне хабарласыңыз.
Телефон: 76-37-58 (+ішкі нөмірі 525).

"Атырау облысы Су Арнасы" КМК-ы жаңа Д-315 мм полиэтилен су құбырының іске қосылуына байланысты Д-300 мм болат су құбыры өшірілетіні жөнінде Атырау шағын ауданы, Дүтбаев көшесінде (Асылгүл мейрамханасынан Тайманов көшесіне дейін) тұратын тұтынушылардың назарына жеткізеді.
Тұрғындар 3 күн ішінде жаңа су құбырына қосылуға техникалық шарттарды (ТШ) жаңарту және 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін Д-315 мм жаңа полиэтилен су құбырына ауыстыруды орындау қажет.
2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Д-300 мм болат су құбыры өшіріледі.

Су тазарту қондырғылары мен қаланың тарату желілерін маусымдық хлорлануына байланысты 16 маусымға қараған түні сағ. 24.00-ден бастап 17 маусым сағ. 07.00-ге дейін су беру уақытша тоқтатылатындығын «Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ы хабарлайды, сонымен қатар Атырау-Мақат су құбырының су өткізгіштігін арттыру бойынша жұмыс орындалады.

№1 көше, №19 үй аумағындағы Д-300 мм су құбырындағы апатты жағдайға байланысты Водниково-2 кентіне су беру уақытша тоқтатылады. Апатты жөндеу жұмыстардың аяқталу уақыты әзірге белгісіз.

"Мирный" СуҚКСС-да техникалық жұмыстарға байланысты 2021ж. 09.06. сағат 14.00-ден сағат 18.00-ге дейін Мирный, Водников, Тасқала, Көкарна (Курилкин), Ширина, Құрсай, Дамбы, Зарослый кенттеріне су беру уақытша тоқтатылады.

Нұрсая ықшам ауданы, №5 өткел, №17 үй аумағындағы су құбырындағы апатты жағдайға байланысты "Нұрсая" СуҚКСС-ға, "Ескене" СуҚКСС-ға және "Тұлпар" СуҚКСС-ға 2021ж.02.06. сағ. 10.00-ден сағ. 12.00-ге дейін су беру уақытша тоқтатылады.

Д-315 мм су құбырындағы апатты жағдайға байланысты Геолог, Мирас ықшам аудандарына 2021ж.02.06. сағ. 01.00-ден сағ. 03.00-ге дейін су беру уақытша тоқтатылады.

Жұлдыз шағын ауданы, №12 көшесі, №56 үй аумағындағы Д-225 мм су құбырындағы апатты жағдайға байланысты Жұлдыз шағын ауданына уақытша су беру тоқтатылады. Жұмыстардың аяқталу уақыты әзірге белгісіз.