Атырау қ., М.Ауэзов қ. 80
"Атырау облысы Су Арнасы" КМК басқармасы: 454017; 454022; 454023; 454026; 454027.
Орталық диспетчерлік қызмет (апаттық): 492002; 492003; 492009; +77011019805.

Сіздерді кәсіпорынның 2020 жылдың 1-ші жартыжылғы негізгі өндірістік-экономикалық көрсеткіштерімен таныстырып өтейін.

 «Атырау облысы Су Арнасы» КМК Атырау облысы Әкімінің 2019 ж.16 қазаны  № 226 каулысымен құрылды.

  «Атырау облысы Су Арнасы» КМК төмендегідей реттелетін қызмет түрлерін атқарады:

          - Атырау қаласы, Мақат ауданы, Махамбет ауданының Алмалы ауылы, Құрманғазы ауданы бойынша магистралды және тарату құбырлары арқылы су беру қызметі;

          - Атырау қаласы және Мақат ауданы бойынша ағынды суларды бұру, тазарту қызметі;

          - Атырау қаласының 1-ші учаскесі және Құрманғазы ауданы бойынша өндіру, беру, бөлу және жылу энергиясымен жабдықтау қызметі;

 

       Кәсіпорынның пайдаланымында:

  1. Қалалық Су тазарту құрылғылары кешені, ол:

- І-ші су көтеру сорғы станциясы, жалпы өнімділігі – 14 896 м3/сағ.

- ІІ-ші су көтеру сорғы станциясы, жалпы өнімділігі - 11 410 м3/сағ.

- Су сүзу  станциялары, жобалық өнімділігі 120 мың м3/ тәулік.

- Жерасты таза су резервуарлары, жалпы сыйымдылығы 20 мың м3 – 7 бірлік.

 - СуТҚ-ның жылу қазандығы, ол І-ші учаске аумағындағы екі қабатты 16 тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз етеді. Жылу қазандығында 4 қазан орнатылған, өнімділіктерінің қосындысы 13,18 Гкал/сағ. құрайды. Қазандар сұйық отынмен (мұнай) және газбен жұмыс жасайды.

  1. Су құбыры желілері, жалпы ұзындығы 1331,456 км, оның ішінде Атырау қаласы мен қала маңындағы елді мекендерде - 1206,069 км., Мақат ауданында - 125,387 км.
  2. Су құбырының су қысымын көтеру сорғы станциялары (СуҚКСС) Атырау қаласы мен Мақат ауданында - 45 бірлік.
  3. Кәріз құбыры желілері, жалпы ұзындығы - 310,67 км, оның ішінде Атырау қаласында – 297,35 км., Мақат кентінде - 13,32 км.
  4. Кәріздік сорғы станциялары (КСС) Атырау қаласы мен Мақат ауданында -90 бірлік.
  5. Кәріздік тазарту құрылғылары, қаланың оң жақ бөлігінде буландыру тоғанымен, өнімділігі 31 мың м3/тәулік.
  6. Береке кентіндегі (Память Ильича) Су тазарту құрылғылары, өнімділігі 50 мың м3/тәулік.

 

Атырау қаласы, Мақат ауданы және Алмалы ауылы бойынша көрсеткіштер:

2020 жылдың 1 –ші жартыжылдық кәсіпорынның көрсеткіштері:

п/п

Атауы

Өлшем бірлігі

2020 ж. 1-ші жартылыдық

1

Су өткізу (сату)

мың м3

7 895,76

2

Сарқынды суларды әкету

мың м3

4 585,64

3

Барлық табыс, соның ішінде:

млн.теңге

1 496,35

 

а) негізгі қызметтен табыс, соның ішінде,  

млн.теңге

1 429,97

 

сумен жабдықтау

млн.теңге

1 106,87

 

суды әкету

млн.теңге

323,1

 

б) басқа да табыстар, соның ішінде,

млн.теңге

66,38

 

жылумен жабдықтау

млн.теңге

4,81

 

өзге де қызметтер

млн.теңге

61,57

4

Барлық шығындар, соның ішінде:

млн.теңге

1 636,96

 

а) негізгі қызмет бойынша шығындар, соның ішінде,

млн.теңге

1 569,0

 

сумен жабдықтау

млн.теңге

1 166,99

 

суды әкету

млн.теңге

402,01

 

б) жылумен жабдықтау

млн.теңге

16,75

 

в) өзге де қызметтер

млн.теңге

51,21

5

Қаржылық нәтиже

млн.теңге

-140,6

2020 жылдың 1-ші жартыжылдығына кәсіпорын бойынша табыс 1 млрд.  496 млн.теңгені, соның ішінде негізгі қызметтен - 1 млрд. 429 млн.теңгені құрады.

Шығындар 1 млрд. 636 млн. теңгені құрады.

Нақты шығын  -140 млн.теңгені құрады.

 

2020 жылдың 1-ші жартыжылдығына нақты су өткізу (сату) 7 млн. 895 мың м3-ті құрады. Сумен жабдықтау қызметінен түскен табыс есепті кезең ішінде – 1 млрд. 106 млн. 876 теңге. Сумен жабдықтау қызметі бойынша нақты шығындар 1 млрд.166 млн. 998 мың теңгені құрады.

Шығындар - 60 млн. 122 теңгені құрады.

 

2020 жылдың 1-ші жартыжылдығына сарқынды суларды әкету 4 млн. 585 мың м3 құрады. Канализация қызметінен табыс - 323 млн. 98 мың теңгені құрады.

Суды бұру қызметі бойынша нақты шығындар – 402 млн. 13 мың теңге.

Шығындар - 78 млн.915 мың.теңге.

 

2020 жылдың 1-ші жартыжылдығына жылу энергиясымен жабдықтау қызметінен табыс - 4 млн. 811 мың теңгені құрады. Көрсетілген қызметтер көлемі – 734,89 Гкал.

Шығындар - 16 млн. 744 мың теңгені құрады.

Жылу энергиясымен жабдықтау қызметінен нақты шығын -11 млн. 933 мың теңгені құрады.

 

  01.07.2020 ж. қызметкерлердің тізімдік саны 1011 адамды құрады.

 

     2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 20.01.2020 ж. № 6-03/70 хаты және 26.06.2019 ж.             № 79-НҚ бұйрығы негізінде кәсіпорын төмендегі тарифтер бойынша суды тарату желілері мен магистральдық құбыр жолдары, сарқынды суларды бұру және тазарту, жылумен жабдықтау бойынша қызметтер көрсетті:

 

Тұтынушылар атауы

теңге/м3  (ҚҚС-сыз)

Атырау қаласы мен Мақат ауданына магистральды

құбырлар және тарату желілерімен су беру

Тұрғындар

92,63

Өзге тұтынушылар

297,62

Атырау қаласы мен Мақат ауданының сарқынды суларын бұру және тазарту

Тұрғындар

32,0

Өзге тұтынушылар

150,95

Магистральды құбырлар және тарату желілерімен су беру

с.Алмалы

Тұрғындар

86,0

Өзге тұтынушылар

178,92

 

1 учаске тұтынушыларды жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен

жабдықтау

Тұрғындар және өзге тұтынушылар

6 546,46 теңге/Гкал

 

Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 23 наурыздағы карантин және төтенше жағдай кезеңінде халықтың Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу мөлшерін төмендету жөніндегі кеңесте берген тапсырмасы негізінде Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі №23-НҚ бұйрығымен 2020 жылғы 1 сәуірден 2020 жылғы 31 мамырға дейін төмендетілген тарифтер бекітілді. Халық үшін тарифтер 10% - ға төмендетіліп,: су беру қызметі бойынша-83,37 теңге/м3 ҚҚС-сыз. Ағынды суларды бұру және тазарту қызметі бойынша-28,8 теңге/м3 ҚҚС-сыз.

 

                   2020 жылдың 1 шілдесіне абоненттер саны 119 мың 368 абонентті құрайды, оның ішінде жеке тұлғалар бойынша 114 мың 537 абонент:

                     Қала – 107 мың 047 абонент

                     Мақат кенті – 3 мың 617 абонент

                     Доссор кенті – 2 мың 627 абонент

                     Алмалы ауылы – 669 абонент

                     Береке ауылы – 577 абонент

 

         заңды тұлғалар - 4 мың 831 абонент: 

                     Қала – 4 мың 591 абонент

                     Мақат кенті – 135 абонент

                     Доссор кенті – 85 абонент

                     Алмалы ауылы – 10 абонент

                     Береке ауылы – 10 абонент

 

                 «Атырау облысы Су Арнасы» КМК дебиторлық берешектерді азайту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.

01.07.2020 ж. жағдай бойынша 420 абонент 2 миллион 230 мың теңге сомасындағы дебиторлық берешекті өтеу туралы хабарлама алды, оның ішінде 380 абонент 1 миллион 356 мың теңге көлемінде төлем жасады.

 

Жыл сайын су пайдалану саласындағы бұзушылықтарды анықтау мақсатында объектілерді түгендеу жүргізіледі.

2020 жылдың 1-ші жартыжылдығында тұтынушылардан анықталғаны:

1.заңды тұлғалар -20 бірлік

  • Есептеу құралында пломбаларды жұлудың 3 фактісі;
  • Өз бетімен су пайдаланудың 5 фактісі;
  • Тұтынушының сумен жабдықтау жүйесінен су ағудың 7 фактісі;
  • Абоненттің ақау туралы хабардар етпеудің 2 фактісі;
  • 3 айналма желі.

 

2.жеке тұлғалар – 70 бірлік

● Пломбаларды бұзудың 13 фактісі;        

● Қызметтер көрсету шартын жасапай су пайдаланудың 39 фактісі;        

 ● Тұтынушының сумен жабдықтау жүйесінен  су ағудың 8 фактісі;        

● Есертеу құралын соқпай өткен 9 айналма желі;        

● Өлшеу құралына рұқсат жоқ 1;

 

Барлығы: 90 бұзушылық: заңды тұлғалар объектілерінде – 20 және жеке тұлғаларда – 70

      

Желілердегі судың шығыны 2020 жылдың 6 айында 44,46% құрады, бекітілген нормасы 17,03%.        2020 жылдың 6 айында «Атырау облысы Су Арнасы» МКК келесі жұмыстарды орындады:

            Жалпы ұзындығы - 692 м су құбырының апатты учаскелерін жөндеу, оның ішінде:

  1. Рембаза кенті, Исаев көшесінде ұзындығы 46 метр Д-110 мм су құбырының учаскесі ауыстырылды.
  2. Рембаза кенті, Спутник көшесіндегі ұзындығы 417 метр Д-110 мм су құбырының учаскесі ауыстырылды.
  3. Балауса ықшам ауданы аумағында Д-110 мм су құбыры учаскесі салынды, яғни ұзындығы 186 метр Жұмыскер-СуҚКСС мен поселке ішілік су құбыры арасында, Д-100 мм - 2 дана ысырма орнатылды және Д-150 мм – 1 дана, Д-100 мм 2 дана және Д-150 мм 1 дана ысырмалар (затвор) орнатылды, Д-100 мм 1 дана су есептеу құралы орнатылды.
  4. Ауезов көшесі, №53-57 үйлер арасындағы ұзындығы 36 метр Д-225 мм су құбырының учаскесі ауыстырылды.
  5. Береке ықшам ауданы (Контейнерная) ұзындығы 3 метр Д-630 мм апатты су құбырының учаскесі ауыстырылды, Д-630 мм ысырма орнатылды.

 

 

            Атырау қаласының және шалғайдағы елді мекендердің сумен жабдықтау желілерін сумен қамтамасыз етуді жақсарту үшін келесі жұмыстар орындалды:

  1. Жұмыскер-Су ҚКСС-да ұзындығы 52 метр Д-160 мм аралық су құбыры салынды,      2 дана қосымша сорап агрегаты орнатылды.
  2. Мирный-Су ҚКСС-да Д-200 мм 2 дана клапан ауыстырылды, басқару шкафымен қосымша 2 дана сорап агрегаты орнатылды.
  3. Махамбет көшесі, №114, 121, 121А, Типографская көшесі, №1,2,3, Сәтпаев даңғылы, №32, 34, 36, Гословский көшесі, №99, Канцев көшесі, №1, 3, Азаттық даңғылы, №5, 5А, 5Б, Авангард 4 ықшам ауданы, №8 үй, СМП-163 ауданы, №5Б көппәтерлі тұрғын үйлердің жертөлеішілік су қысымын көтеру сораптары ауыстырылды. 
  4. Коммунарская-Пушкин көшелеріндегі дюкерлік құдықтағы Д-630 мм фланец ауыстырылды.
  5. Пушкин көшесі, №32 аумағындағы Д-630 мм фланецтегі ескі болат бітеме (заглушка) ауыстырылды.

 

            Кәріз құбырларында келесі жұмыстар орындалды:

  1. Кәріздік тазарту құрылғылары аумағындағы Черная речка каналы арқылы ұзындығы 50 метр (әрқайсысы 25 метр) болатын Д-720 мм арынды кәріз кұбырының 2 гильзасы салынды және де арынды кәріз құбырына Д-500 мм 4 дана ысырма орнатылды. Аталған жұмыстар Черная речка каналына сарқынды сулардың ағып кетуін болдырмау үшін орындалды.
  2. Аптекоуправление аумағындағы ұзындығы 70 метр Д-500 мм өзіаққыш кәріз құбыры салынды. Аталған жұмыстар Лесхоз ықшам ауданындағы, Авангард 2 ықшам ауданындағы және "Көктем" базары аумағындағы көппәтерлі тұрғын үйлерден сарқынды сулардың кетуін жақсартты.
  3. Азаттық даңғылы-Ауезов көшесі қиылысында орналасқан КСС-3А-дан шығатын ұзындығы 30 метр Д-100 мм арынды кәріз құбыры ауыстырылды.
  4. Балықшы кенті, Полковников көшесі, №6 аумағындағы ұзындығы 1 метр Д-225 мм өзіаққыш кәріз құбыры ауыстырылды.
  5. Авангард 3 ықшам ауданы №6 үй аумағындағы ұзындығы 7 метр Д-500 мм және Д-225 мм өзіаққыш кәріз құбыры ауыстырылды.
  6. Алмагүл-КСС-дан шығатын арынды кәріз құбырының Д-400 мм 2 дана ысырма ауыстырылды.
  7. Контейнерный көшесі, автокөлік базары аумағындағы Д-225 мм арынды кәріз құбырына қысқыш (хомут) орнатылды және де ұзындығы 1 метр Д-219 мм кәріз құбыры ауыстырылды.

 

      Кәріздік сорғы станцияның шахталарын тазалау жұмыстар келесі мекен-жайлар бойынша орындалды:

            - темір жол емханасы аумағындағы КСС-60;

            - Ауезов көшесі, 80 мекен-жайдағы КСС-"Атырау облысы Су Арнасы" КМК базасы;

            - Гайдар көшесіндегі КСС-Гайдара;

            - Владимирского көшесіндегі КСС-Интернат.

 

       2020-2021 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық жоспары бойынша «Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ы келесі жұмыстарды орындады:

 - СуҚКСС-ғы сорап агрегаттарын тексеру - 40 дана.

 - СуҚКСС-ғы және су құбырындағы ысырмалар жөнделді – 109 дана.         

 - СуҚКСС-ғы және су құбырындағы ысырмалар ауыстырылды – 19 дана.

- "Жұмыскер" және "Мирный" СуҚКСС-ғы жеткізуші су құбырындағы сүзгілерді тазалау - 4 дана.

 - КСС-ғы сорап агрегаттарын тексеру – 32 дана.

 - кәріз желілеріндегі ысырмаларды жөндеу – 9 дана.

 - кәріз желілеріндегі ысырмаларды ауыстыру  – 4 дана.

- жылу қазандығындағы ысырмаларды тексеру - 16 дана.

- "Уникал" №1   және  "Висман" қазандарын тазалау  - 3 дана.

- "Уникал" №1 и №2 қазандарының жылу алмастырғышын тазалау – 4 дана.

- жылу қазандығындағы құбырлық жылу алмастырғыштарды тазалау – 4 дана.

 - жылу қазандығындағы құбырлық жылу алмастырғыштарды қысымға сынау  – 1 дана.

 - СуТҚ-ғы сораптарды тексеру  – 9 дана.

 - СуТҚ-ғы ысырмаларды тексеру – 52 дана.

 - КТҚ-ғы тазартылатын сарқынды судың сорабын және жылытқыштың сорабын тексеру –7 шт.

 - КТҚ-ғы ілмекті арматура жөндеу – 9 дана.

 - кәріз желілеріндегі және КТҚ-ғы ілмекті арматураны ауыстыру – 1 дана.

 -су және кәріз құбыры желілеріне 608 бетонды қақпақтар жасалды және орнатылды.

- КСС-ы жөндеу - 6 бірлік.

- Су ҚКСС-ы жөндеу - 3 бірлік.

- ГСМ ғимаратының шатыры жөнделді – 35,1 м2.

Су құбыры құдықтарын жөндеу орындалды  – 72 дана.

Кәріз құбыры құдықтарын жөндеу орындалды – 60 дана.

         

Құрмангазы ауданы бойынша көрсеткіштер:

 

2020  жылы  6 айда  атқарылған жүмыстар туралы мәлімдеме

 

       «Атырау облысы Су Арнасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының Құрманғазы  аудандық филиалы, Құрманғазы ауданы елді мекендері тұрғындарына және мекемелеріне ауыз суды таратушы желілер арқылы беру және Құрманғазы ауылына жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау қызметтерін көрсетеді. 

      Кәсіпорын 2020 жылыдың 6 айында Құрманғазы ауданының Құрманғазы, Бірлік, Кудряшов, Жасталап, Шортанбай және Орлы ауылдарының тұрғындарына және мекемеріне ауыз суды таратушы желілер арқылы дайындап жеткізіп берді.

      Ауыз- су дайындау , тұтынушыларға жеткізіп беруден түскен табыс 33,67 мың тенге. Жалпы су тазарту қондырғыларына 2020 жылдың  6 айында 245738 квт/сағ электрэнергия жұмсалды,  4 659 200 тенге  қаржы төленді.

     Орталық жылу қазандығы бойынша:

     Жалпы жылыдың 6 айында 2434,96 Г/кал жылу энергиясы өндірілді. Жылу энергиясын өндіру үшін 43365 кВт/сағ элетр энергиясы пайдаланып, 822 200 тенге қаржы төленді. Жылу жүйесін пайдаланатын абоненттер 179 үй жеке тұлға, 22-  заңды  тұлға.

      Жылу энергиясын өндіріп таратудан  түскен табыс 5174,29 мың тенге.

      Кәсіпорынның жалақы табысы 39268,6 мың тенге.

      Кәсіпорынның жалақы шығыны 45537,8 мың тенге.

 

Кәсіпорынның 2020 жылыдың 6 айында қаржылық нәтижесі 6269,2 мың тенге зиянмен қорытындыланды.

   

           

     "Атырау облысы Су Арнасы" КМК алдағы уақытта да кәсіпорынды жаңарту, суды әкету бойынша түрғындарға ұсынылатын қызметтер көрсетудің сапасын жақсарту жөніндегі жұмыстарын жалғастырады.

 

Директор Кенжеғалиев А.І.