«Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ның 2022 жылдың 1 тоқсанына арналған инвестициялық бағдарламасының орындалу барысы туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 07.10.2021 жылғы №72-НҚ және Атырау облысы бойынша энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының 22.10.2021 жылғы №134-Д бірлескен бұйрығымен "Атырау облысы Су Арнасы" КМК-ң Атырау қаласы мен Мақат ауданы суды таратушы желілер және магистральдық құбырлар арқылы, сарқынды суларын бұру және тазарту бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтеріне 2021-2022 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы (бұдан әрі-инвестициялық бағдарлама) жалпы сомасы 513 888 306 (бес жүз он үш миллион сегіз жүз сексен сегіз мың үш жүз алты) теңгеге ҚҚС-сыз бекітілді.
Инвестициялық бағдарлама бойынша барлық жоспарланған іс-шаралар іске асырудың әртүрлі сатыларында және ағымдағы жылдың соңына дейін орындалатын болады.
11.04.2022 ж.