«Атырау облысы Су Арнасы» КМК Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2024 жылғы 11 шілдедегі №34-НҚ бұйрығы негізінде 2024 жылғы 1 тамыздан бастап, Атырау облысы Исатай ауданы бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер келесі мөлшерде енгізілетінін тұтынушылардың назарына жеткізеді:
1. 2024 жылдың 1 тамыздан бастап кәсіпорынның Атырау облысы Исатай ауданы Аққыстау, Тұщықұдық, Томан және Х.Ерғалиев ауылдарына суды таратушы желілер арқылы беру реттеліп көрсетілетін қызметіне тариф жеке тұлғалар үшін – 182,16 теңге/м3 ҚҚС-сыз, басқа да заңды тұлғалар үшін – 242,14 теңге/м3 ҚҚС-сыз.
2. 2024 жылдың 1 тамыздан бастап кәсіпорынның Атырау облысы Исатай ауданы Жанбай, Зинеден, Нарын және Исатай ауылдарына суды таратушы желілер арқылы беру реттеліп көрсетілетін қызметіне тариф жеке тұлғалар үшін – 229,26 теңге/м3 ҚҚС-сыз, басқа да заңды тұлғалар үшін – 309,91 теңге/м3 ҚҚС-сыз.
