Жалпы өнімділігі 120 мың м3/тәул. болатын қаланың Су тазарту құрылғылары (СуТҚ) тиісті сапада және қажетті мөлшерде қамтамасыз ету үшін арналған құрылғылар кешенін құрайды.
СуТҚ келесі негізгі құрылғылардан тұрады:
1. Станционарлық станция мен жүзбелі сорап станциясынан тұратын І-ші су көтергіш сорап станциясы – өңделмеген су көтеру үшін.
2. №1, №2, №3, №4 сүзгілеу станциялары – ауыз суын дайындау үшін.
3. №1 ,2 ,3 ,4 ,5 ,6 ,7 таза су резервуарлары – тазалған суды жинау және сақтау үшін, жалпы көлемі 20 мың м3.
4. ІІ-ші су көтергіш сорап станциясы – тұтынушыларға таза суды беру.
5. СуТҚ-ң жылу қазаны – СуТҚ-ң ғимараттары мен құрылғыларын, 1-ші участок аумағындағы 16 көппәтерлі тұрғын үйлерін жылумен жабдықтау.
І-ші су көтергіш сорап станциясы – жалпы өнімділігі 14 896 м3/сағ., өзінің құрамында келесілер бар:
Станционарлық сорап станциясы – 1939 жылы пайдалануға берілді, 3 сорап агрегатымен жабдықталған, өнімділігі – 7448 м3/сағ.
«Суперблок» жүзбелі сорап станциясы – 1994 жылы пайдалануға берілген, 3 сорап агрегатымен жабдықталған, өнімділігі – 7448 м3/сағ.№1 сүзгілеу станциясы – жобалық өнімділігі 30000 м3/тәул.
Нақты өнімділігі шамамен 25 мың м3/тәул., суды тазалау сапасы бойынша ГОСТ 2874-82, ҚР СанЕжН 18.01.2012ж. сәйкес келеді.№2 сүзгілеу станциясы – жобалық өнімділігі 20000 м3/тәул.
Нақты өнімділігі шамамен 15 мың м3/тәул.№3 сүзгілеу станциясы – жобалық өнімділігі 30000 м3/тәул.
Станция жобалық өнімділігін береді, тазаланған су сапасы ГОСТ 2874-82, ҚР СанЕжН 18.01.2012ж. сәйкес келеді.№4 сүзгілеу станциясы – жобалық өнімділігі 30000 м3/тәул.,
Станция жобалық өнімділігін береді, тазаланған су сапасы ГОСТ 2874-82, ҚР СанЕжН 18.01.2012ж. сәйкес келеді.Таза су резервуарлары сүзгілеу станцияларынан таза суды жинауға арналған. Содан кейін камералар арқылы су ІІ-ші су көтергіш сорап станциясынан, ары қарай тұтынушыларға беріледі. ІІ-ші су көтергіш сорап станциясы жалпы өнімділігі 11 410 м3/сағ.
«Атырау облысы Су Арнасы» Атырау қаласы мен қала маңындағы поселкелерде, Мақат, Доссор кенттерінде су және кәріз желілерін пайдаланады:
- Су құбыры – 1331,456 км, оның ішінде Атырау қаласы мен қала маңындағы поселкелер бойынша – 1107,739 км, Мақат поселкесі (Мақат және Доссор кенті) – 223,717 км.
- Кәріз құбыры – 310,67 км, оның ішінде Атырау қаласы бойынша – 297,35 км, Мақат кенті бойынша – 13,32 км.Сонымен қатар мекеме Атырау қаласы бойынша пайдаланады:
- Су қысымын көтеруші сорап станциясы – 41 дана.
- Кәріз сорап станциясы – 85 дана.
Мекеме Атырау қаласы мен қала маңындағы поселкелерде 15 ауыз су резервуарларын пайдаланады, оның ішінде:
1. Қалалық СуТҚ-да жеті резервуарлар, жалпы сыйымдылығы 20 000 м3 (3 дана әрқайсысы 5 мың м3/тен, 4 дана әрқайсысы 1250 м3-тен);
2. «Онкология» СуҚКСС-да екі резервуар, жалпы сыйымдылығы 300 м3 (әрқайсысы 150 м3);
3. Талқайран селосы СуҚКСС-да екі резервуар, жалпы сыйымдылығы 300 м3 (әрқайсысы 150 м3);
4. Жұмыскер поселкесі СуҚКСС-да екі резервуар, жалпы сыйымдылығы 200 м3 (әрқайсысы 100 м3);
5. Еркінқала селосы СуҚКСС-да екі резервуар, жалпы сыйымдылығы 1000 м3 (әрқайсысы 500 м3).