Атырау облысы бойынша Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) басшысының 2023 жылғы 16 наурыздағы №36-Ө және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) басшысының 2023 жылғы 16 наурыздағы №24-НҚ «Атырау облысы Су Арнасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының Атырау қаласы және Атырау облысы Мақат ауданы бойынша суды таратушы желілер және магистралдық құбырлар арқылы, сарқынды суларды бұру және сарқынды суларды тазарту реттеліп көрсетілетін қызметтеріне 2023-2028 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасын бекіту туралы» бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Басқарманың 27.08.2024 жылғы №151-НҚ және Департаменттің 23.08.2024 жылғы №46-НҚ бірлескен бұйрығы негізінде реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша 2024 жылғы 1 мамырдан 2025 жылғы 30 сәуірге дейінгі кезеңге ҚҚС-сыз жалпы сомасы 415 815 000,0 (төрт миллион сегіз жүз он бес мың) теңгеге инвестициялық бағдарламасы (бұдан әрі – Инвестициялық бағдарлама) бекітілді.
Бұл бағдарлама республикалық немесе жергілікті бюджеттерден қарыз қаражаты мен қаражатты тартпай, кәсіпорынның өз қаражатын пайдалануды көздейді.
Қазіргі таңда тауарлар мен жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша порталда конкурстық шаралар жүргізілуде.
Нәтижесінде 2 дана жарықтандыру діңгектері сатып алынып, сонымен қатар, Д-225 мм. гравитациялық коллекторды Алмагүл ы/а №23 тұрғын үймен №22 тұрғын үйдің гравитациялық коллекторын перзентханаға дейін ауыстыру жобасы бойынша 50 м. полиэтиленді құбыр сатып алуға екі жақты келісім шарттар жасалды.
Инвестициялық бағдарлама бойынша барлық жоспарланған іс-шаралар белгіленген мерзім аяқталғанға дейін жүргізілетін болады.