Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 15.12.2023 жылғы №90-НҚ және Атырау облысы бойынша Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының 20.12.2023 жылғы №203-Ө бірлескен бұйрығымен «Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ның Атырау қаласы мен Мақат ауданының тарату желілері және магистральдық құбырлар арқылы су беру, сарқынды суларды шығару және тазарту бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша 2024 жылғы 1 мамырдан 2025 жылғы 30 сәуірге дейінгі кезеңге ҚҚС-сыз жалпы сомасы 383 985 000 (үш жүз сексен үш миллион тоғыз жүз сексен бес мың) теңгеге инвестициялық бағдарламасы (бұдан әрі – Инвестициялық бағдарлама) бекітілді.
Бұл бағдарлама республикалық немесе жергілікті бюджеттерден қарыз қаражаты мен қаражатты тартпай, кәсіпорынның өз қаражатын пайдалануды көздейді.
Өндірістік қажеттілікке байланысты 2024 жылдың шілде айында бекітілген инвестициялық бағдарламаға өзгерістер енгізуге өтінім берілді.
Инвестициялық бағдарлама бойынша барлық жоспарланған іс-шаралар белгіленген мерзім аяқталғанға дейін орындалатын болады.