2020-2021 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындығы тұрғысынан 2,68 км. су құбырларының және 0,4 км. кәріз құбырларының апаттық учаскелерін, қалалық су тазарту құрылғыларындағы сорғы қондырғыларын өз күшімен жөндеу көзделуде.
«Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ы келесі жұмыстарды орындады:
- су құбырының апатты учаскелерін жөндеу, жалпы ұзындығы – 2,684 км.
- кәріз құбырының апатты учаскелерін жөндеу, жалпы ұзындығы - 0,435 км.
- СуҚКСС-ғы сорғы агрегаттарын тексеру - 87 дана.
- су құбырындағы және СуҚКСС-ғы ысырмаларды жөндеу – 164 дана.
- су құбырындағы және СуҚКСС-ғы ысырмаларды ауыстыру – 28 дана.
- "Жұмыскер" және "Мирный" СуҚКСС-ғы су құбырындағы сүзгілерді тазалау - 4 дана.
- КСС-ғы сорғы агрегаттарын тексеру – 89 дана.
- кәріз желілеріндегі ысырмаларды жөндеу – 24 дана.
- кәріз желілерінде ысырмаларды ауыстыру – 7 дана.
- жылу қазандығындағы ысырмаларды тексеру - 12 дана.
- "Уникал" және "Висман" қазандықтарын тазалау - 3 дана.
- №1 және №2 "Уникал" қазандығындағы құбырлық жылу алмастырғыштарды тазалау – 4 дана.
- жылу қазандығындағы құбырлық жылу алмастырғыштарды тазалау – 8 дана.
- жылу қазандығындағы планстиналық жылу алмастырғыштарды тазалау - 3 дана.
- жылу қазандығындағы құбырлық жылу асмастырғыштарды қысымға сынау – 1 дана.
- айналыстағы және қуат сорғыларындағы байланыс сымдарын тарту және техникалық жөндеу - 1 дана.
- №3 және №4 су сүзу станцияларындағы ысырмаларды тексеру - 10 дана.
- №2 және №4 су сүзу станцияларындағы винтельдерді ауыстыру - 8 дана.
- жылу құбырындағы ысырмаларды тексеру - 18 дана.
- І-ші учаске аумағындағы тұрғын үйлердің жылу құбырларындағы ысырмаларды тексеру - 43 дана.
- жылу қазандығындағы ысырмаларды тексеру - 8 дана.
- жылу қазандығындағы жылу құбырында және газ құбырында кранды орнату - 30 дана.
- "Уникал" қазандығындағы қақпақтарды тығыздау - 2 дана.
- өрт дабылының жұмысын тексеру - 1 дана.
- жылу қазандығындағы БӨАжА аспаптарын тексеру - 1 жұмыс.
- СуТҚ-ы цехі аумағындағы жылу құбырларын қысымға сынау - 1 жұмыс.
- жылу құбыры жүйелерін жылыту-қымтау – 250 м.
- СуТҚ-ғы сораптарды тексеру – 57 дана.
- СуТҚ-ғы ысырмаларды тексеру – 168 дана.
- КТҚ-ғы жылу құбырын және тазартылған ағынды суларындағы сораптарды тексеру – 10 дана.
- КТҚ-ы ілмекті арматураны жөндеу – 20 дана.
- КТҚ-ы және желілердегі ілмекті арматураны ауыстыру – 1 дана.
-су құбыры және кәріз құбыры құдығындағы 902 бетонды қақпақтарды жасау және орнату.
- КСС-ы жөндеу - 6 дана.
- СуҚКСС-ы жөндеу - 4 дана.
- ГСМ ғимаратының шатырын жөндеу – 35,1 м2.
Су құбыры құдықтарын жөндеуді орындау – 129 дана.
Кәріз құбыры құдықтарын жөндеуді орындау – 115 дана.
Қалалық ТүКШ, ЖК және АЖ бөлімінен 2020 жылдың 26 тамызында энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың 2020-2021жж. күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігінің №1 паспорты алынды.
Атырау мөлтек ауданы тұрғындарының қалалық әкімдікке су мәселесіне қатысты бірнеше рет жолдаған өтініштерін ескере отырып, қала әкімі «Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ы мекемесіне бұл мәселені шешуді тапсырды. Атырау ықшам ауданында салынбаған жаңа магистралді су құбыры тексерілді. Жалпы ұзындығы 350 м жетіспейтін учаскелерді салу керек екені анықталды. Қазіргі уақытта жетіспейтін орталық магистральдық су құбыры учаскелерін салу аяқталды. Сонымен қатар, клапандар мен құдықтар да орнатылды. «Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ы Атырау ықшам ауданының тұрғындарын Д-315 мм жаңа су құбырына қосуды орындауда. Дутбаев көшесінде ғана қосуды орындау қалды. Жұмыстарды ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Ағымдағы жылдың басынан бастап, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында мердігер мекеме «Сервис НС» ЖШС-і жалпы ұзындығы 2240 погон метр болатын кәріз желілеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді:
- Абай көшесінен Азаттық даңғылы бойымен №40 KСС-ға дейін;
- Абай көшесінен Махамбет көшесі бойымен №10 KСС-ға дейін;
- Гумаров көшесінен Құрманғазы көшесі бойымен №5 KСС-ға дейін.
Жұмыстар аяқталу сатысында және ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін желілер пайдалануға беріледі.