Атырау қ., М.Ауэзов қ. 80
"Атырау облысы Су Арнасы" КМК басқармасы: 454017; 454022; 454023; 454026; 454027.
Орталық диспетчерлік қызмет (апаттық): 492002; 492003; 492009; +77011019805.

 «Атырау облысы Су Арнасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – Кәсіпорын) реттеліп көрсетілетін қызметтер туралы туралы 2024 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша есеп беру 2024 жылғы 26 шілде сағат 15.00-де Әуезов көшесі, 80 мекен жайында «Атырау облысы Су Арнасы» КМК әкімшілік ғимаратында өткізілді.

«Атырау облысы Су Арнасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын директорының өндіріс бойынша орынбасары Ғ.Е.Лекеров 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету бағытында атқарылған жұмыстар туралы тұтынушыларға есеп берді.

Есеп беру жиынында қатысушыларды кәсіпорын қызметінің түрлерімен, реттелетін қызметтерді көрсету үшін пайдаланылатын объектілер санымен және олардың өндірістік қуатымен таныстырды.

"Атырау облысы Су Арнасы" КМК-ы Атырау облысы әкімінің 2019 жылғы 26 қазандағы №226 қаулысы негізінде құрылды. Кәсіпорын Атырау облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының қарамағында.

Қазіргі таңда "Атырау облысы Су Арнасы" КМК (бұдан әрі – Кәсіпорын) арқылы реттеліп көрсетілетін қызметтерді жүзеге асырып келеді.

Атап айтқанда:

- магистральдық және тарату құбырлары бойынша су беру қызметі;

- ағынды суларды бұру және тазарту қызметі;

-1-ші учаске тұтынушыларын жылу энергиясымен жабдықтау, суды беру және тарату бойынша өндірістік қызметтер.

«Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ы Атырау қаласындағы және қала маңындағы елді мекендердегі, Мақат ауданындағы сумен жабдықтау және су бұру желілерін пайдалануда:

- қалалық су тазарту құрылғыларының кешені өнімділігі 120 мың м3/тәулік;

- Амангелді селосында су тазарту құрылғылары өнімділігі 600 м3/тәулік;

- Алмалы селосында су тазарту құрылғылары өнімділігі 600 м3/тәулік;

- қаланың оң жақ жағалау бөлігінде буландырғыш тоғаны бар кәріздік тазарту құрылғылары (қазіргі уақытта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде)

- Мақат кентіндегі жобалық өнімділігі тәлігіне 3 мың м3 кәріздік тазарту құрылғылары;

- су құбыры-1464 км, оның ішінде Атырау қаласы мен қала маңындағы поселкелер бойынша -1309 км, Мақат поселкесі (Макат және Доссар кенті)-155 км;

- кәріз құбыры-311 км, оның ішінде Атырау қаласы бойынша-298 км , Мақат кенті бойынша-13 км;

- су қысымын көтеруші сорап станциясы -47 дана;

- кәріз сорап станциясы-90 дана;

01.07.2024 ж. жағдайымен қызметкерлердің тізімдік саны 1025 адамды құрайды.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығына кәсіпорынның көрсеткіштері

 

Атауы

Өлшем бірлігі

2024 жылдың бірінші жартыжылдығына көрсеткіштер

1

Су өткізу көлемі

мың м3

9 438,747

2

Сарқынды суларды бұру

мың м3

5 639,052

3

Жылумен жабдықтау

Гкал

1,60

4

Барлық табыс, соның ішінде:

млн.теңге

2 570,838

 

а) негізгі қызметтен табыс, соның ішінде,

млн.теңге

 

2 338,944

 

Суды өткізу

млн.теңге

1 681,553

 

Сарқынды суларды бұру

млн.теңге

648,611

 

жылумен жабдықтау

млн.теңге

8,780

 

б) басқа да табыстар (негізгі емес қызмет)

млн.теңге

 

231,894

5

Барлық шығындар, соның ішінде:

млн.теңге

 

3 441,754

 

а) негізгі қызметтен

млн.теңге

1946,981

 

Суды өткізу

млн.теңге

1 229,600

 

Сарқынды суларды бұру

млн.теңге

707,691

 

жылумен жабдықтау

млн.теңге

9,690

 

в) қаржыландыру шығындары

млн.тенге

 

6,894

 

г) басқа шығындар (негізгі емес қызмет)

млн.теңге

 

1 487,879

6

Қаржылық нәтиже

млн.теңге

-870,916

2024 жылдың бірінші жартыжылдығына кірістер 2 млрд. 570 млн. 838 мың теңгені құрады, оның ішінде негізгі қызметтен – 2 млрд. 338 млн. 944 мың теңге.

Шығыстар 3 млрд. 441 млн. 754 мың теңгені құрады.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында қаржылық нәтиже – 870 млн. 916 мың 497 теңгені құрады.

Теріс қаржылық нәтиженің себептері:

1. "Атырау Энергосату" АҚ электр энергиясына тарифтің жоғарылауы.

2. Жалақы бойынша нақты шығыстар бекітілген сомадан анағұрлым көп. Бап бойынша асыра орындаудың себебі қызметкерлердің орташа айлық жалақысының төмен деңгейде бекітілуі болып табылады.

3. Бекітілген жанар-жағармай шығындары нақты шығындармен салыстырғанда анағұрлым аз. Себебі, тарифтік смета бойынша шығындар бабы негізінде белгіленген сома қажетті сомадан едәуір төмен.

4. Қазіргі таңда елдегі және әлемдік нарықтағы орын алған инфляция деңгейінде кәсіпорынның мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес көптеген материалдар мен қызметтер жоғары бағамен сатып алынуда.

Осы атап өтілген мән-жайлар кәсіпорынның қаржылық жағдайына теріс әсерін тигізуде.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығына нақты су өткізу көлемі 9 млн. 438 мың 747 м3 құрады, оның ішінде:

- Атырау қаласы және Мақат ауданы: 9 млн. 110 мың 744 м3;

- Алмалы ауылы: 51 мың 329 м3;

- Исатай ауылы: 276 мың 673 м3.

Есепті кезеңде суды өткізу қызметтерінен түскен кіріс-1 млрд. 681 млн. 553 мың 851теңгені құрады, оның ішінде:

- Атырау қаласы және Мақат ауданы: 1 млрд. 623 млн. 992 мың 261 теңге;

- Алмалы ауылы: 6 млн. 432 мың 491 теңге;

- Исатай а.: 51 млн. 129 мың 099 теңге.

Атырау қаласы және Мақат ауданы, Алмалы ауылы, Исатай ауданы бойынша суды өткізу қызметтері бойынша нақты шығындар 1 млрд. 229 млн. 600 мың. 322 теңгені құрады.

Есепті кезеңде сарқынды суларды бұру көлемі 5 млн. 639 мың 052 м3 құрады, соның ішінде:

- Атырау қаласы және Мақат ауданы: 5 млн. 556 мың 559 м3;

- Исатай ауылы: 82 мың 493 м3.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығына сарқынды суларды бұрудан түскен қаражат 648 млн. 611 мың 010 теңгені құрады, оның ішінде:

- Атырау қаласы және Мақат ауданы: 641 млн. 373 мың 712 теңге;

- Исатай а.: 7 млн. 237 мың 298 теңге.

Атырау қаласы және Мақат, Исатай аудандары бойынша сарқынды суларды бұру қызметіне нақты шығындар – 707 млн. 691 мың 699 теңгені құрады.

Есепті кезеңде жылумен жабдықтау көлемі 1605,54 Гкал құрады, соның ішінде:

- Атырау қаласы: 699,056 Гкал;

- Исатай ауылы: 906,48 Гкал.

2023 жылдың бірінші жарты жылдығына жылумен жабдықтау бойынша қызмет көрсетуден түскен кірістер 8 млн. 780 мың 389 теңгені құрады, оның ішінде:

- Атырау қ.: 5 млн. 310 мың 271 теңге;

- Исатай а: 3млн. 470 мың 118 теңге.

Атырау қаласы және Исатай ауданы бойынша жылумен жабдықтау қызметі бойынша нақты шығындар 9 млн. 690 мың 660 теңгені құрады.

«Атырау облысы Су Арнасы КМК қызметтерінің тарифтері

Атырау қаласы және Мақат ауданы бойынша:

Тұтынушылар атауы

тенге/м3, ҚҚС-сыз

Магистралды құбырлар және тарату желілерімен су беру

Тұрғындар

108,98

Өзге тұтынушылар

360,94

Сарқынды суларды бұру, тазарту

Тұрғындар

59,08

Өзге тұтынушылар

203,71

 

Исатай ауданы Аққыстау, Томан, Х.Ерғалиев ауылдары бойынша:

Тұтынушылар атауы

тенге/м3, ҚҚС-сыз

Тарату желілерімен су беру

Тұрғындар

178,45

Өзге тұтынушылар

202,91

 

Исатай ауданы Жанбай, Зинеден, Нарын, Исатай ауылдары бойынша:

Тұрғындар

226,44

Өзге тұтынушылар

262,01

Сарқынды суларды бұру, тазарту

Тұрғындар

96,31

Өзге тұтынушылар

157,58

 

Алмалы бойынша:

Тұтынушылар атауы

тенге/м3, ҚҚС-сыз

Магистралды құбырлар және тарату желілерімен су беру

Тұрғындар

108,98

Өзге тұтынушылар

234,86

 

Атырау қаласы 1- участок бойынша жылумен жабдықтау:

Тұтынушылар атауы

тенге/Гкал, ҚҚС-сыз

Тұрғындар және өзге тұтынушылар

7603,50

 

Исатай ауданы бойынша жылумен жабдықтау:

Тұтынушылар атауы

тенге/Гкал, ҚҚС-сыз

Тұрғындар және өзге тұтынушылар

7042,86

 

2024 жылғы 1 шілдеге абоненттер саны:

Атырау қаласы – 120405 абонент

оның ішінде:

тұрғындар – 113893 абонент;

өзге тұтынушылар – 6 512 абонент.

Мақат ауданы – 6 729 абонент

оның ішінде:

тұрғындар – 6 379 абонент;

өзге тұтынушылар – 350 абонент.

Барлығы: Атырау қаласы және Мақат ауданы – 127 134 абонент.

«Атырау облысы Су Арнасы» КМК дебиторлық берешекті қысқарту бойынша жүйелі түрде жұмыстар жүргізілуде. Су пайдалану саласындағы бұзушылықтарды анықтау мақсатында жыл сайын су ресурстарына түгендеу жүргізіледі.

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша тұтынушылар тарапынан келесідей бұзушылықтар анықталды.

1. Өзге тұтынушылар тарапынан:

- 35 есепке алу аспаптарындағы пломбалардың істен шығу фактілері;

- 3 өрт гидрантындағы пломбалардың істен шығу фактісі;

- 4 дербес пайдалану фактілері;

- 3 тұтынушыларды сумен жабдықтау жүйесінен ағып кету фактілері;

- 22 абоненттің су есептегішінің жарамсыздығы туралы хабарламау фактілері;

- 11 есепке алу аспабын айналып өту фактісі;

- 2 қол жетімділіктің жоқтығы;

- 2 сорғыны бұзбай қалай пайдалану керектігі туралы фактілер.

2. Тұрғындар тарапынан:

- 9 шартсыз су пайдалану фактілері;

- 70 есепке алу аспаптарындағы пломбалардың істен шығу фактісі;

- 29 есепке алу аспабын айналып өту фактісі;

- 91есептеу аспаптарының ақаулығы фактісі;

- 1 есептеу құрылғысы жоқ факт;

Барлығы 282 бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: өзге тұтынушылар – 82 факт, тұрғындар – 200 факт.

 

«Атырау облысы Су Арнасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының Атырау қаласы мен Мақат ауданына суды таратушы желілер және магистральдық құбырлар арқылы беру, сарқынды суларды бұру және тазарту бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтеріне 2023-2024 жылдарға бекітілген инвестициялық бағдарламаның

2024 жылғы I-ші жартыжылдыққа орындалысы туралы

«Атырау облысы Су Арнасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен 2023 жылғы желтоқсанда бекітілген бірлескен бұйрық негізінде 2023-2024 жылдарға бекітілген инвестициялық бағдарлама бойынша тиісті жұмыстар атқарылды.

Инвестициялық бағдарламаны жүзеге асырудың жалпы сомасы 284 311 000,0 (екі жүз сексен төрт миллион үш жүз он бір мың) теңге.

Инвестициялық бағдарлама негізінен құралдарды жаңғыртуға, нысандарды жөндеуге, техникалар мен жабдықтарды ауыстыруға, сондай-ақ кәріз және су берілісін арттыру сорғы станцияларының жәй-күйін техникалық-экономикалық зерттеуге бағытталған.

Атқарылатын іс-шараларға қарыз қаражатын және республикалық немесе жергілікті бюджеттерден қаражат тартпай, Кәсіпорынның өз қаражаты пайдаланылады.

Кәсіпорын сумен жабдықтау және сарқынды суларды бұру бағыттары бойынша келесідей іс-шаралар жүзеге асырылды:

- Жұмыскер кентіндегі Д-159 мм. болат құбырын күрделі жөндеу аяқталды;

- Амангелді кентінің Су тазарту құрылғыларына Д-250 мм. су құбырын Д-250 мм. су құбырына дейін күрделі жөндеу аяқталды;

- Д-315 мм. КНС-40 және КНС-59 қысым коллекторларын КНС-10 қысым коллекторына ауыстыру аяқталды;

- Д-315 мм. КНС-16 және КНС-15 қысым коллекторларын КНС-14 қысым коллекторына ауыстыру аяқталды.

- ассенизаторлық автомобиль сатып алынды – 1 бірлік;

- жылжымалы автокөлік шеберханасын сатып алынды – 1 бірлік;

- №4 сүзгі станциясын жабдықтау үшін 400/6/0,4 трансформатор қосалқы станциясын сатып алынды – 2 дана;

- Мирный кенті ПНС электрмен жабдықтау үшін 250/6/0,4 трансформаторлық қосалқы станция сатып алынды – 1 дана;

- шасси вакуум ГАЗ-ға арнайы техниканы сатып алынды – 1 бірлік;

- жылжымалы автокөлік шеберханасын сатып алынды – 1 бірлік;

- 160 кВт жиілік түрлендіргішін сатып алынды – 1 бірлік;

- кәріз сорап стансаларына күрделі жөндеуді жобалау – 1 жұмыс.

Іске асырылған іс-шаралардың нәтижесінде сумен жабдықтау және сарқынды суларды бұру және тазарту бойынша тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасының артуына оң ықпалын тигізді.

Кәсіпорын осы бағытта өз жұмысын жалғастыра береді!

WhatsApp Image 2024 07 30 at 09.48.07

WhatsApp Image 2024 07 30 at 09.48.07 1

WhatsApp Image 2024 07 30 at 09.48.07 2