Атырау қ., М.Ауэзов қ. 80
"Атырау облысы Су Арнасы" КМК басқармасы: 454017; 454022; 454023; 454026; 454027.
Орталық диспетчерлік қызмет (апаттық): 492002; 492003; 492009; +77011019805.

 

Screenshot 20220707 191921 Mail

  «Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ң бос және қолжетімді қуаттары, сыйымдылықтары, орындары, табиғи монополия субъектісі желілерінің өткізу қабілеттерінің резерві, бар-жоғы туралы ақпарат

 

Жалпы өнімділігі 120 мың м3/тәул. болатын қаланың Су тазарту құрылғылары  (СуТҚ) тиісті сапада және қажетті мөлшерде қамтамасыз ету үшін арналған құрылғылар кешенін құрайды. 

 

СуТҚ келесі негізгі құрылғылардан тұрады:

1. Станционарлық станция мен жүзбелі сорап станциясынан тұратын І-ші су көтергіш сорап станциясы – өңделмеген су көтеру үшін.

2. №1, №2, №3, №4 сүзгілеу станциялары – ауыз суын дайындау үшін.

3. №1 ,2 ,3 ,4 ,5 ,6 ,7 таза су резервуарлары – тазалған суды жинау және сақтау үшін, жалпы көлемі 20 мың м3.

4. ІІ-ші су көтергіш сорап станциясы – тұтынушыларға таза суды беру.

5. СуТҚ-ң жылу қазандығы – СуТҚ-ң ғимараттары мен құрылғыларын, 1-ші участок аумағындағы 16 көппәтерлі тұрғын үйлерін жылумен жабдықтау.

І-ші су көтергіш сорап станциясы – жалпы өнімділігі 14 896 м3/сағ., өзінің құрамында келесілер бар:

Станционарлық сорап станциясы – 1939 жылы пайдалануға берілді, 3 сорап агрегатымен жабдықталған, өнімділігі – 7448 м3/сағ.

«Суперблок» жүзбелі сорап станциясы – 1994 жылы пайдалануға берілген, 3 сорап агрегатымен жабдықталған, өнімділігі – 7448 м3/сағ.

 

№1 сүзгілеу станциясы – жобалық өнімділігі 30000 м3/тәул.

 

№2 сүзгілеу станциясы – жобалық өнімділігі 30000 м3/тәул.

 

№3 сүзгілеу станциясы – жобалық өнімділігі 30000 м3/тәул. 

 

№4 сүзгілеу станциясы – жобалық өнімділігі 30000 м3/тәул., 

 

Таза су резервуарлары сүзгілеу станцияларынан таза суды жинауға арналған. Содан кейін камералар арқылы су ІІ-ші су көтергіш сорап станциясынан, ары қарай тұтынушыларға беріледі. 

 

ІІ-ші су көтергіш сорап станциясы жалпы өнімділігі 11 410 м3/сағ.

 

СуТҚ-ң жылу қазандығында жалпы өнімділігі 11,83 Гкал болатын үш қазан бар (2 дана әрқайсысы 4,0 Гкал, 1 дана 3,83 Гкал).

 

 

 

 

 

 

 

«Атырау облысы Су Арнасы» Атырау қаласы мен қала маңындағы поселкелерде, Мақат, Доссор кенттерінде су және кәріз желілерін пайдаланады:

- Су құбыры – 1440,930 км, оның ішінде Атырау қаласы мен қала маңындағы поселкелер бойынша – 1315,543 км, Мақат поселкесі (Мақат және Доссор кенті) – 125,387 км.

- Кәріз құбыры – 311,454 км, оның ішінде Атырау қаласы бойынша – 298,134 км, Мақат кенті бойынша – 13,32 км.

 

Сонымен қатар мекеме Атырау қаласы мен Мақат ауданы бойынша пайдаланады:

- Су қысымын көтеруші сорап станциясы – 47 дана.

- Кәріз сорап станциясы – 90 дана.

Мекеме Атырау қаласы мен қала маңындағы поселкелерде 15 ауыз су резервуарларын пайдаланады, оның ішінде:

1. Қалалық СуТҚ-да жеті резервуарлар, жалпы сыйымдылығы 20 000 м3 (3 дана әрқайсысы 5 000 м3-тен, 4 дана әрқайсысы 1250 м3-тен);

2. «Онкология» СуҚКСС-да екі резервуар, жалпы сыйымдылығы 300 м3 (әрқайсысы 150 м3);

3. Талқайран селосы СуҚКСС-да екі резервуар, жалпы сыйымдылығы 300 м3 (әрқайсысы 150 м3);

4. Жұмыскер поселкесі СуҚКСС-да екі резервуар, жалпы сыйымдылығы 200 м3 (әрқайсысы 100 м3);

5. Еркінқала селосы СуҚКСС-да екі резервуар, жалпы сыйымдылығы 1000 м3 (әрқайсысы 500 м3).