Ағымдағы жылдың қараша айының соңында "Атырау облысы Су Арнасы" КМК-ы биллинг жүйесі мен Kaspi.kz қосымшасының деректерін біріктіруді жүзеге асырды. Осыған байланысты, жүйе нақты уақыт режимінде жұмыс істейді. Қазіргі кезеңде биллинг жүйесіне абоненттердің есепке алу аспаптарының енгізілген жаңа көрсеткіштері бірден Kaspi.kz қосымшада төлем сомасында көрсетіледі. Сондықтан, өткен кезеңде суық және ыстық су үшін төлем жасаған абоненттер айдың соңында Kaspi.kz қосымшада ағымдағы ай үшін жаңа есептелген сомалар пайда болу себептеріне соқтығысты. Қазіргі уақытта қателерді жою және интеграцияны аяқтау бойынша жұмыс жүргізілуде.
Қазіргі уақытта Kaspi.kz қосымшада желтоқсан айы үшін төленетін сомалар көрсетілген. Ағымдағы айда қараша айында қарызын төлеген абоненттер желтоқсан айында пайда болған қарызды жаңа жылдың қаңтарында төлеуге құқылы.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!