Құрметті жеке сектордың тұрғындары!
"Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларының" 17 - тармағының негізінде "Атырау облысы Су Арнасы" КМК-ы директорының бұйрығымен Атырау қаласы мен қала маңы тұрғындары үшін 21.00-ден 07.00-ге дейін су құбырынан жасыл желектерді ауыз сумен суару уақыты бекітілгенін еске саламыз.
Қазіргі уақытта үй маңындағы учаскелерді заңсыз суару фактілерін анықтау мақсатында рейдтер (әкімдік, "Атырау облысы Су Арнасы" және ЖПҚ өкілдерінің қатысуымен) жүргізу басталды. Бұл қадам белгілі бір дәрежеде ауыз су беру жүйесіне түсетін жүктемені азайтуға және соның салдарынан сумен жабдықтау желісіндегі қысымды тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
Суару ережелерін бұзу, яғни ауыз суды заңсыз пайдалану фактілері анықталған жағдайда, бұзушыларға тиісті айыппұл санкциялары қолданылатын болады.
Рейдтер тұрақты негізде жалғасатын болады.