Құрметті Балауса ықшамауданы тұрғындары!
«Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ы ыстық ауа райының басталуына байланысты қаланың құбырларындағы судың қысымын тұрақтандыру бойынша кешенді жұмыстар жасап жатыр.
Сіздерге су беріліп отырған құбырлардағы жұмысты 6-7 маусым аралығында бітіру жоспарланып отыр.
Қаланың тұрғындары білетіндей, ыстық ауа райының басталуына және үй жанындағы учаскелерді, бау-бақшаларды, жасыл-желектерді суару үшін ауыз суын пайдалануына байланысты жыл сайын маусым айынан бастап, Еркінқала ауылдық округтерінің кейбір поселкелерінде су жетіспеушілік мәселесі басталады.
Қолданыстағы сызба бойынша Балауса, Еркінқала, Еркінқала-2 елді мекендеріне су беру Жұмыскер поселкесіндегі су қысымын көтеруші сорап стансасынан жүзеге асып отырды. Жазғы мезгілде ауыз суымен бау-бақшалар мен үй маңындағы учаскелерді жаппай суаруына байланысты Еркінқала ауылдық
округі поселкелерінің тұрғындары су тапшылығын көре бастады. Сумен жабдықтауды жақсарту мақсатында бізбен Құрманғазы мен Нысанбаев көшелері (бұрынғы «Аптекоуправление» аумағы) қиылысында су қысымын көтеруші сорап стансасының құрылысы бойынша жұмыстар жасалды. Жаңа сорап стансасын пайдалануға бергеннен кейін Балауса поселкесі тұрғындарын сумен жабдықтау аталған сорап стансасынан жүзеге асырылады. Ал Жұмыскер поселкесінде
орналасқан сорап стансасы тек Еркінқала, Еркінқала-2 поселкелеріне су беретін болады. Жаңа сорап стансасын пайдалану беру маусым айының бірінші декадасында жоспарлануда.
Біздің кәсіпорын сумен жабдықтауды жақсарту бойынша үнемі жұмыстар жүргізетініне тұрғындардың назарын аударамыз, сондай-ақ үй жанындағы учаскелердегі ағаштар мен бау-бақшаларды ауыз сумен суаруды түнгі уақытта сағат 21.00-ден 07.00-ге дейін жүзеге асыруды сұраймыз.