«Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ы ыстық ауа райының басталуына байланысты қаланың құбырларындағы судың қысымын тұрақтандыру бойынша жасалып жатырған жұмыстар жөнінде Атырау қаласының тұрғындарына хабарлайды.
Қаланың тұрғындары білетіндей, ыстық ауа райының басталуына және үй жанындағы учаскелерді, бау-бақшаларды, жасыл-желектерді суару үшін ауыз суын пайдалануына байланысты жыл сайын маусым айынан бастап Дамбы, Атырау, Еркінқала және Қайыршақты ауылдық округтерінің кейбір поселкелерінде су жетіспеушілік мәселесі басталады.
Дамбы поселкесінде бізбен ауыз суды дайындау бойынша тазарту құрылғыларын жаңғырту және пайдалануға беру бойынша жұмыстар аяқталуда. Жайық өзенінің жағалауында жүзбелі сорап стансасы монтаждалды, жүзбелі сорап стансасынан сүзгілеу стансасына дейін ұзындығы 340 метр су құбыры жүргізілді, жаңа сорап агрегаттары қондырылды, сүзгілер жөнделді, сыйымдылығы 400 м3 болатын қосымша төрт дана таза су резервуарлары қондырылды. Стансаны маусым айының басында пайдалануға беруді жоспарлаудамыз. Дамбы және Атырау ауылдық округтерінің поселкелеріне күніне қосымша 600 м3 су берілетін болады.
Қолданыстағы сызба бойынша Балауса, Еркінқала, Еркінқала-2 елді мекендеріне су беру Жұмыскер поселкесіндегі су қысымын көтеруші сорап стансасынан жүзеге асып отырды. Жазғы мезгілде ауыз суымен бау-бақшалар мен үй маңындағы учаскелерді жаппай суаруына байланысты Еркінқала ауылдық округі поселкелерінің тұрғындары су тапшылығын көре бастады. Сумен жабдықтауды жақсарту мақсатында бізбен Құрманғазы мен Нысанбаев көшелері (бұрынғы «Аптекоуправление» аумағы) қиылысында су қысымын көтеруші сорап стансасының құрылысы бойынша жұмыстар жасалды. Жаңа сорап стансасын пайдалануға бергеннен кейін Балауса поселкесі тұрғындарын сумен жабдықтау аталған сорап стансасынан жүзеге асырылады. Ал Жұмыскер поселкесінде орналасқан сорап стансасы тек Еркінқала, Еркінқала-2 поселкелеріне су беретін болады. Жаңа сорап стансасын пайдалану беру маусым айының бірінші декадасында жоспарлануда.
Ақсай, Ақсай-2, Ақжар, Ақжар-2, Талқайран, Бесікті, Аспа поселкелерін сумен жабдықтауды жақсарту үшін Талқайран поселкесіндегі су қысымын көтеруші сорап стансасында бізбен сыйымдылығы 200 м3 болатын қосымша екі дана таза су резервуарлар монтаждалуда. Жұмыстарды аяқтау маусым айының бірінші декадасында жоспарлануда.
Біздің кәсіпорын сумен жабдықтауды жақсарту бойынша үнемі жұмыстар жүргізетініне тұрғындардың назарын аударамыз, сондай-ақ үй жанындағы учаскелердегі ағаштар мен бау-бақшаларды ауыз сумен суаруды түнгі уақытта сағат 21.00-ден 07.00-ге дейін жүзеге асыруды сұраймыз.