Су құбыры және кәріз желілеріне қосылу үшін техникалық шарттың 2-тармағына сәйкес "Жасыл желектерді және бақшаларды күндізгі уақытта ауыз сумен суаруға тыйым салынады". Ұғым бойынша "күндізгі уақытта" дегеніміз сағат 08.00-ден 22.00-ге дейінді білдіреді.
Қазіргі уақытта үй жанындағы учаскелерді заңсыз суару фактілерін анықтау мақсатында рейдтер жүргізілуде. Бұл қадам ауыз су беру жүйесіне түсетін жүктемені белгілі бір дәрежеде төмендетуге және соның салдарынан сумен жабдықтау желілеріндегі қысымды тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
Барлық тәртіп бұзушыларға тиісті айыппұл санкциялары қолданылатын болады.