Судың төмен қысымы туралы хабарлама жібермес бұрын, алдымен көршілеріңізде су бар-жоғын тексеріңіз. Егер бар болса, мәселе Сіздің үйіңіздегі кіреберіс су құбырындағы су сүзгіңізде. Мұндай жағдайлар өте жиі кездеседі. Адам судың төмен қысымына шағымданады, дегенмен "Атырау облысы Су Арнасы» суды орталық су құбырында қажетті қысымды ұстап, қалыпты режимде жеткізеді. Мәселелер, әдетте, жеке су құбыры желілерінде. Бригадалар су құбыры желілерін тексеруге келгеннен кейін, желідегі жақын үйлерде судың қысымы бар екендігі белгілі болады. Мәселе үйдің тұрғыны су сүзгісін тазартпағандықта. Сондықтан, өтініш - судың қысымы туралы шағым жібермес бұрын, алдымен көрші үйлердегі судың қысымын, екіншіден, үйдің кіреберісіндегі су құбырындағы су сүзгісін тексеріп және де қажет болған жағдайда тазалау керек.