"Атырау облысы Су Арнасы" КМК қызметі туралы
2022 жылдың 1-жартыжылдығы бойынша тұтынушылар алдында есеп
"Атырау облысы Су Арнасы" КМК-ы Атырау облысы әкімінің 2019 жылғы 26 қазандағы №226 қаулысы негізінде құрылды. Кәсіпорын Атырау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының қарамағында.
Атырау облысы әкімінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 306 қаулысымен "Атырау облысы Су Арнасы" КМК теңгеріміне Атырау қаласы мен Мақат ауданының, 04.03.2020 жылғы №15 мүлікті өтеусіз пайдалану шарты бойынша Алмалы және Береке ауылдарының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету және сарқынды суларды бұру үшін негізгі құралдар берілді.
2020 жылғы 8 қаңтардағы № KZ60VFF00002239 куәлігімен кәсіпорын табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тізілімінің жергілікті бөліміне енгізілді.
23.02.2021 ж. Мүлікті тегін пайдалану шартымен жаңа объект - Мақат кентіндегі кәріздік тазарту құрылыстары пайдалануға берілді. Өнімділігі тәулігіне 3000 м3 кәріздік тазарту құрылыстары сарқынды суларды биологиялық тазартуды жүргізеді.
Бүгінде Атырау қаласының сумен жабдықтау және су бұру жүйесі қаланың, қала маңындағы кенттердің және Мақат ауданының 250 мыңнан астам тұрғынына қызмет көрсетеді.
"Атырау Су Арнасы" КМК өз қызметін ашықтық, қолданыстағы заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтау және барлық тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне тең қолжетімділікті ұсыну қағидаларында құрады.
"Атырау облысы Су Арнасы" КМК-ы реттелетін қызметтердің келесі түрлерін жүзеге асырады:
Реттелетін қызметтердің келесі түрлерін атқарады:
- магистральдық және тарату құбырлары арқылы сумен жабдықтау қызметі;
- сарқынды суларды бұру, тазарту бойынша қызмет көрсету;
- І-ші учаскенің тұтынушыларын жылу энергиясымен жабдықтау, тарату және өндіру бойынша қызмет.
"Атырау облысы Су Арнасы" КМК-ы Атырау қаласындағы және қала маңындағы елді мекендердегі, Мақат ауданындағы сумен жабдықтау және су бұру желілерін пайдалануда:
1. Қалалық су тазарту құрылыстарының кешені, құрамында:
-Атырау қаласы және Мақат ауданы бойынша жалпы өнімділігі-сағатына 26 306 м3 I және II көтергіштердің сорғы станциялары.
- жобалық өнімділігі тәулігіне 50 мың м3 сүзгі станциялары.
- жалпы сыйымдылығы 20 мың м3 таза су, жерасты резервуарлары-7 бірлік
- Атырау қаласы бойынша жиынтық өнімділігі 12,063 Гкал/сағ 7 қазандығы, Мақат ауданы бойынша жиынтық өнімділігі 1 Гкал/сағ 3 қазандық.
2. Жалпы ұзындығы 1 752,895 км су құбыры және кәріз желілері, оның ішінде:
– су құбыры – 1 440,930, оның ішінде Атырау қаласы бойынша – 1 274,222 км, Алмалы – 41,321 км, Мақат ауданында-125,387 км.
- кәріз жүйесі – 311,965 км, оның ішінде Атырау қаласы бойынша – 298,035 км, Мақат ауданы бойынша – 13,93 км.
3. Атырау қ. бойынша – 41 бірлік, Мақат ауданы бойынша - 4 бірлік су құбыры көтергіш сорғы станциялары (ПНС)
4. Кәріз сорғы станциялары (КСС) – Атырау қаласы бойынша - 84 бірлік, Мақат ауданы бойынша – 5 бірлік.
5. Жобалық өнімділігі тәулігіне 31 мың м3 болатын буландырғыш тоғаны бар кәріздік тазарту құрылыстары қаланың оң жақ жағалау бөлігінде.
6. Мақат кентіндегі жобалық өнімділігі тәулігіне 3 мың м3 кәріздік тазарту құрылыстары.
01.07.2022 ж. қызметкерлердің тізімдік саны 1015 адамды құрайды.
2022 жылғы кәсіпорынның көрсеткіштері:
№ |
Атауы |
Өлшем бірлігі |
2022 жылдың 1-ші жартыжылдық көрсеткіші |
1 |
Су өткізу көлемі |
мың м3 |
8 913,86 |
2 |
Сарқынды суларды бұру |
мың м3 |
5 062,25 |
3 |
Жылумен жабдықтау |
Гкал |
1 529,06 |
4 |
Барлық табыс, соның ішінде: |
млн.теңге |
1 500,75 |
|
а) негізгі қызметтен табыс, соның ішінде, |
млн.теңге |
1 449,53 |
|
Суды сату |
млн.теңге |
1 084,63 |
|
суды бұру |
млн.теңге |
356,09 |
|
жылумен жабдықтау |
млн.теңге |
8,81 |
|
б) басқа да табыстар (негізгі емес қызмет) |
млн.теңге |
51,22 |
5 |
Барлық шығындар, соның ішінде: |
млн.теңге |
2 173,41 |
|
а) негізгі қызметтен |
млн.теңге |
2 113,49 |
|
Суды сату |
млн.теңге |
1 550,35 |
|
суды бұру |
млн.теңге |
505,63 |
|
жылумен жабдықтау |
млн.теңге |
23,87 |
|
Құрманғазы филиалының шығындары |
млн.теңге |
8,64 |
|
б) басқа шығындар (негізгі емес қызмет) |
млн.теңге |
59,92 |
6 |
Қаржылық нәтиже |
млн.теңге |
|
2022 жылдың 1 жартыжылдығында кәсіпорын бойынша кірістер 1 млрд.500 млн. 753 мың теңгені құрады, оның ішінде негізгі қызметтен – 1 млрд. 449 млн. 530 мың теңге.
Шығыстар 2 млрд.173 млн. 410 мың теңгені құрады.
2022 жылдың 1 жартыжылдығында шығын: -673 млн. мың теңгені құрады. Теріс қаржылық нәтиженің себептері:
-
Коронавирустық пандемияның салдарынан әлемдегі қазіргі экономикалық жағдай, сондай-ақ халықаралық аренадағы қарқынды геосаяси жағдай кезде зауыт-өндірушілер дайын өнімнің сату бағасын қымбаттағанына байланысты, көптеген жеткізушілер карантиндік шаралар кезінде жіберіп алған тауарлардың/жұмыстардың/қызметтердің құнын арттыру арқылы қаржы-шаруашылық жағдайын түзетуге мәжбүр болды (шикізат және материалдар);
-
Бекітілген тарифтік сметада Мақат ауданының және Атырау қаласының сол жағалау бөлігінің кәріздік тазарту станцияларының шығындары көзделмеген. Сондай-ақ, кәсіпорын Құрманғазы филиалының шығындарын ішінара өтейді;
-
2022 жылғы 1 мамырдан бастап Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 31.03.2022 жылғы № 33-НҚ бұйрығымен сумен жабдықтау және су бұрудың реттелетін қызметтерінің тарифі 17% - ға төмендеді, бұл көрсетілген қызметтер бойынша табыстың төмендеуіне әкелді.
2022 жылдың 1 жартыжылдығында нақты су өткізу 8 млн.913,86 мың м3 құрады, оның ішінде:
- Атырау қаласы және Мақат ауданы: 8 млн. 625 мың м3;
- Алмалы ауылы: 39 мың м3;
- Исатай ауылы: 250 мың м3.
Есепті кезеңде суды өткізу қызметтерінен түскен кіріс - 1 млрд.84 млн. 630 мың теңге, оның ішінде:
- Атырау қаласы және Мақат ауданы: 1 млрд. 40 млн. 843 мың теңге;
- Алмалы ауылы: 3 млн. 445 мың теңге;
- Исатай а.: 40 млн. 342 мың теңге.
Сумен жабдықтау қызметтері бойынша нақты шығындар 1 млрд. 550 млн. 348 мың теңгені құрады, оның ішінде:
- Атырау қаласы және Мақат ауданы: 1 млрд. 485 млн. 961 мың теңге;
- Алмалы ауылы: 9 млн. 350 мың теңге;
- Исатай а.: 55 млн. 37 мың теңге.
Есепті кезеңде сарқынды суларды бұру 5 млн. 062,25 мың м3 құрады, соның ішінде:
- Атырау қаласы және Мақат ауданы: 4 млн. 986,27 мың м3;
- Исатай ауылы: 75,97 мың м3.
2022 жылдың 1 жартыжылдығында кәріз қызметінен түскен табыс 356 млн.93 мың теңге, соның ішінде:
- Атырау қаласы және Мақат ауданы: 349 млн. 46 мың теңге;
- Исатай а.: 7 млн. 47 мың теңге.
Су бұру қызметі бойынша нақты шығындар – 505 млн.633 мың теңге, соның ішінде:
- Атырау қаласы және Мақат ауданы: 496 млн. 979 мың теңге;
- Исатай А.: 8 млн. 654 мың теңге.
2022 жылдың 1 жартыжылдығында жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызмет көрсетуден түскен кірістер 8 млн.811 мың теңгені (1 529,06 Гкал) құрады, оның ішінде:
- Атырау қ.: 4 млн. 761 мың теңге (727,33 гКал);
- Исатай а: 4 млн.49 мың теңге (801,73 гКал).
Жылумен жабдықтау қызметі бойынша нақты шығындар 23 млн. 866 мың теңгені құрады, оның ішінде:
- Атырау қаласы: 18 млн. 629 мың теңге;
- Исатай а.: 5 млн. 237 мың теңге.
Сонымен қатар, тарифтерді қалыптастыру кезінде ескерілмеген шығындар 25 млн.2 мың теңгені құрады (материалдық көмек, әкімшілік айыппұл, өсімпұл, тұрақсыздық айыбы).
2021 жылдың 1 тамызынан бастап 08.07.2021 ж. № 37-НҚ (Атырау қ. жылумен жабдықтау), 13.07.2021 ж. № 39-НҚ (Алмалы ауылы), 2021 жылдың 1 желтоқсанынан бастап 21.10.2021 ж. № 83-НҚ (Атырау қ. сумен жабдықтау және су бұру) бұйрықтарымен, 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 02.08.2021 ж. №48-НҚ бұйрықтарымен (Исатай ауданын сумен жабдықтау және су бұру), 2021 жылғы 1 қазаннан бастап 15.09.2021 ж. №58-НҚ бұйрығымен Атырау облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті (Исатай ауданын жылумен жабдықтау) магистральдық су құбыры және тарату желілері бойынша су беру, сарқынды суларды бұру және тазарту, жылу энергиясымен қамтамасыз ету жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге мынадай мөлшерлерде тарифтер бекітілді:
«Атырау облысы Су Арнасы КМК қызметтерінің тарифтері
Атырау қаласы және Мақат ауданы бойынша:
Тұтынушылар атауы |
тенге/м3, ҚҚС-сыз |
Магистралды құбырлар және тарату желілерімен су беру |
|
Тұрғындар |
78,26 |
Өзге тұтынушылар |
259,19 |
Сарқынды суларды бұру, тазарту |
|
Тұрғындар |
28,1 |
Өзге тұтынушылар |
141,77 |
Исатай ауданы бойынша:
Тұтынушылар атауы |
тенге/м3, ҚҚС-сыз |
Тарату желілерімен су беру |
|
Тұрғындар |
152,54 |
Өзге тұтынушылар |
196,7 |
Сарқынды суларды бұру, тазарту |
|
Тұрғындар |
60,6 |
Өзге тұтынушылар |
118,8 |
Алмалы бойынша:
Тұтынушылар атауы |
тенге/м3, ҚҚС-сыз |
Магистралды құбырлар және тарату желілерімен су беру |
|
Тұрғындар |
83,25 |
Өзге тұтынушылар |
174,47 |
Атырау қаласы 1- участок бойынша жылумен жабдықтау:
Тұтынушылар атауы |
тенге/Гкал, ҚҚС-сыз |
Тұрғындар және өзге тұтынушылар |
6546,46 |
Исатай ауданы бойынша жылумен жабдықтау:
Тұтынушылар атауы |
тенге/Гкал, ҚҚС-сыз |
Тұрғындар және өзге тұтынушылар |
5050,6 |
2022 жылғы 1 мамырдан бастап Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 31.03.2022 жылғы № 33-НҚ бұйрығымен Атырау қаласы мен Мақат ауданының сарқынды суларын бұру және тазарту бойынша магистральдық құбыр және тарату желілері арқылы су беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге мынадай мөлшерлерде уақытша өтемдік тарифтер бекітілді:
Атырау қаласы және Мақат ауданы бойынша:
Тұтынушылар атауы |
тенге/м3, ҚҚС-сыз |
Магистралды құбырлар және тарату желілерімен су беру |
|
Тұрғындар |
64,53 |
Өзге тұтынушылар |
213,72 |
Сарқынды суларды бұру, тазарту |
|
Тұрғындар |
27,33 |
Өзге тұтынушылар |
137,87 |
Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ның 2022 жылдың 1-жартыжылдығында инвестициялық бағдарламасының орындалу барысы туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 07.10.2021 жылғы №72-НҚ және Атырау облысы бойынша энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының 22.10.2021 жылғы №134-Д бірлескен бұйрығымен "Атырау облысы Су Арнасы" КМК-ң Атырау қаласы мен Мақат ауданы суды таратушы желілер және магистральдық құбырлар арқылы, сарқынды суларын бұру және тазарту бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтеріне 2021-2022 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы (бұдан әрі-инвестициялық бағдарлама) жалпы сомасы 513 888 306 (бес жүз он үш миллион сегіз жүз сексен сегіз мың үш жүз алты) теңгеге ҚҚС-сыз бекітілді.
"Көтергіш сорғы станцияларында жабдықтарды сатып алу және ауыстыру" бөлімі бойынша сатып алынды:
- CU 362 контроллерлері 29 дана ҚҚС-сыз 17 275 270 теңге сомасына. Қалған CU 362 контроллері 1 дана, біздің өтінішімізге сәйкес, ағымдағы жылдың соңына дейін жеткізіледі;
- IO 351 контроллерлері 5 дана ҚҚС-сыз 868 695 теңге сомасына.
"Атырау қаласының су тазарту құрылғыларына ысырмалар мен жапқыштарды сатып алу" бөлімі бойынша сатып алынды:
- Д-300 мм жапқыштар саны 50 дана, сомасы 22 500 000 теңге ҚҚС-сыз;
- Д-800 мм жапқыштар саны 1 дана сомасына 3 631 299 теңге ҚҚС-сыз.
"Атырау қаласы мен қала маңындағы кенттердің су құбыры желілеріне кесу ысырмаларын сатып алу" бөлімі бойынша сатып алынды:
- Д-300 мм ысырмалар саны 6 дана сомасы 4 500 000 теңге ҚҚС-сыз;
- Д-500 мм ысырмалар саны 1 дана сомасына 3 121 000 теңге ҚҚС-сыз.
"Атырау қаласы мен қала маңындағы кенттердің су құбыры желілеріне жапқыштар сатып алу" бөлімі бойынша сатып алынды:
- Д-500 мм жапқыштар саны 2 дана 3 554 500 теңге ҚҚС-сыз. Қалған 6 дана Д-500 мм жапқыштар ағымдағы жылдың соңына дейін біздің өтінімімізге сәйкес жеткізілетін болады.
"Көтергіш сорғы станцияларында жабдықтарды сатып алу және ауыстыру" бөлімі бойынша сатып алынды:
-қысым датчиктері MBS1700 (кернеу 9-36в, номиналды ток 4-20мА) саны 10 дана сомасы 400 000 теңге ҚҚС-сыз.
Инвестициялық бағдарлама бойынша қалған барлық іс-шаралар іске асырудың әртүрлі сатыларында және 2022 жылдың соңына дейін орындалатын болады.
2022 жылдың 1 шілдесіне абоненттер саны 126 мың 65 абонентті құрайды, оның ішінде:
жеке тұлғалар бойынша 120 мың 67 абонент:
Атырау қаласы-108 мың 431 абонент;
Мақат кенті-3 мың 632 абонент;
Доссор кенті-2 мың 721 абонент;
Исатай ауылы-5 мың 283 абонент.
заңды тұлғалар бойынша 5 мың 998 абонент:
Атырау қаласы-5 477 абонент;
Мақат кенті-166 абонент;
Доссор кенті-105 абонент;
Исатай ауылы-250 абонент.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тұтынушылар саны 9 мың 941 абонентке, оның ішінде жеке тұлғалар бойынша 5 мың 928 абонентке және заңды тұлғалар бойынша 903 абонентке артты.
"Атырау облысы Су Арнасы" КМК жүйелі негізде дебиторлық берешекті төмендету бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде. 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 425 абонентке 35 млн.417 мың теңге сомасына дебиторлық берешекті өтеу туралы хабарлама таратылды, оның ішінде 12 млн. 140 теңге сомасына 210 абонент төлем жасады.
Жыл сайын су пайдалану саласындағы бұзушылықтарды анықтау мақсатында объектілерге түгендеу жүргізіледі.
2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша тұтынушылардан бұзушылықтар анықталды:
1. Заңды тұлғалар:
● Есептеу құралындағы пломбалардың бұзылуының 28 фактісі;
● Өз бетінше пайдаланудың 29 фактісі;
● Тұтынушының сумен жабдықтау жүйелерінен ағып кетуінің 10 фактісі;
● Абоненттің суды есепке алу аспабының жарамсыздығы туралы хабарламауының 12 фактісі;
● 27 Айналмалы желі анықтау фактілер;
● Сорғыны бұзбай пайдаланудың 1 фактісі;
● 1 қол жетімділіктің болмауы фактісі;
● Кәрізді төгудің 3 фактісі.
2. Жеке тұлғалар:
● Қызмет көрсетуге жасалған шартсыз суды пайдаланудың 21 фактісі;
● Есептеу құралындағы пломбалардың бұзылуының 26 фактісі;
● Тұтынушының сумен жабдықтау жүйелерінен ағып кетуінің 2 фактісі;
● Есептеу құралдарын айналып өтіп, айналма желінің 18 фактісі;
● Есептеу құралының ақаулығының 11 фактісі;
● Есепке алу аспабынсыз суарудың 1 фактісі;
● Сорғыны бұзбай пайдаланудың 7 фактісі.
Барлығы 197 бұзушылық фактісі анықталды, оның ішінде: заңды тұлғалар объектілері бойынша – 111 Факт, Жеке тұлғалар бойынша – 86 факт.
2022 жылғы 6 айда желілердегі су ысырабы бекітілген норма 17,03% кезінде фактісі 42,9% құрады.
2022 жылдың 1 жартыжылдығында "Атырау облысы Су Арнасы" КМК нысандарында келесі жұмыстар орындалды:
Атырау қаласының су тазарту құрылыстарында:
- №1, 2, 3, 4 сүзгі станцияларында сүзгілерді жууға арналған сорғы агрегаттарын жөндеу;
- ІІ-ші су көтергіштің сорғы станциясында Д-500 мм кері клапандарын ауыстыру;
- №1, 2, 3, 4 сүзгі станцияларындағы суды алу, іріктеу, жуу желілеріндегі және кәріз желілеріндегі ысырмаларды жөндеу және ауыстыру;
- №1 және №2 сүзгі станцияларының тұндырғыштарындағы ысырмаларды және №3 сүзгі станциясының ағартқыштарын жөндеу;
- №4 сүзу станциясының араластыру камералары мен флотаторларындағы бекітпелерді жөндеу және ауыстыру;
- - Алюминий күкірт қышқылы, полиакриламид, натрий және кальций гипохлориті реагенттерінің дозаторларын жөндеу;
- №2 және №4 сүзу станцияларында хлорозаторларды жөндеу;
- №1, 2 сүзу станцияларындағы тұндырғыштарды, №4 сүзу станциясындағы араластыру камералары мен флотаторларды және №3 сүзу станциясындағы ағартқыштарды тазалау;
- №2 және №3 сүзгі станциялары арасында Д-600 мм сүзгілерді жуу желісін қосу;
Алмалы ауылының су тазарту құрылыстарында:
- сорғы және мөлшерлеу жабдықтары мен тиек арматурасын жөндеу;
-І-ші су көтергіштің понтонына жағадан жаңа өтпелі басқышты монтаждау;
- жылу жүйесін жөндеу;
Дамба және Атырау ауылдық округтерінің кенттеріндегі су қысымын жақсарту үшін Амангелді кентіндегі жалпы көлемі 400 м3 таза су резервуарларын орната отырып, қайта жаңарту жүргізілді және су тазартқыш құрылыстар пайдалануға берілді. Сорғы және мөлшерлеу жабдықтары мен тиек арматурасы мен жылу жүйесі жөнделді.
Жұмыскер, Жұмыскер-2, Ракуша, ш / а ауыз су қысымын жақсарту үшін.Құрманғазы және Нысанбаев көшелерінің қиылысындағы (бұрынғы "дәріхана Басқармасы"ауданы) көтергіш сорғы станциясының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Тасқала, Тасқала-2, Тасқала-3, Көкарна, Көкарна-2, Жаңаталап, Жаңаталап-2 поселкелеріне, Мирный поселкесіндегі Зарослый тұрғын алабына 2 бірлік көлемінде жалпы көлемі 200 м3 таза су резервуарлары қосымша құрастырылды.
Еркінқала ауылдық округіндегі су беруді жақсарту үшін жұмыскер кентінің ПНС-не жалпы көлемі 200 м3 болатын 2 бірлік көлемінде қосымша таза су резервуарлары құрастырылды.
Ақсай, Ақсай-2, Ақжар, Ақжар-2, Талғайран, Бесікті, Аспа кенттерін сумен жабдықтауды жақсарту үшін ПНС-да Талғайран кентіндегі 2 бірлік көлемінде жалпы көлемі 200 м3 таза су резервуарлары қосымша құрастырылды.
Ауыз суды арттыру сорғы станциялары мен су құбыры желілерінде келесі жұмыстар орындалды:
- Жалпы ұзындығы 243 метр су құбыры желілерінің учаскелерін күрделі жөндеу;
- Ескене кентінің ПНС-да ысырмалар ауыстырылды;
- Еркінқала кентінің ПНС-да ысырмалар ауыстырылды;
- Доссор кентінің ПНС-да бес сорғы агрегаттарына арналған басқару шкафын орнату және іске қосу-жөндеу жұмыстары орындалды;
- су құбыры желілеріндегі тиек арматурасын жөндеу және ауыстыру - 20 бірлік.
Кәріз сорғы станциялары мен кәріз коллекторларында келесі жұмыстар орындалды:
- жалпы ұзындығы 371 метр қысымды және өздігінен ағатын коллекторлар учаскелерін күрделі жөндеу;
-КНС-Химпоселок шахтасын, КНС ТК "Болашақ", Нұрсая шағын ауданындағы № 17-А үй ауданында шағын КНС, Нұрсая ш/а №118 үй ауданында шағын КНС тазалау;
-КНС-2, КНС-18, КНС-14, КНС-10, КНС-вокзал жанындағы лотоктарды тазалау;
-КНС-14, КНС- Нұрсая ш/а ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Су құбыры және кәріз құдықтарында 156 бетон қақпақтар жасалып, орнатылды.
55 дана көлемінде су құбыры және кәріз құдықтарына жөндеу жұмыстары жүргізілді.
45 дана көлемінде су құбыры және кәріз құдықтарына люктер орнатылды.
Осылайша, "Атырау облысы Су Арнасы" КМК кәсіпорын біздің өңірдің халқын және басқа да тұтынушыларын сумен жабдықтау, су бұру және жылу энергиясын беру қызметтерін сапалы қамтамасыз ету үшін барлық тиісті шараларды қабылдауда деп сеніммен айта алады.
Назарларыңызға рахмет!
2022 ж. 27 шілде күні 15.00-де «Атырау облысы Су Арнасы» КМК реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша 2022 жылдың 1-жарты жылдығына тұтынушылар алдында есеп беруі "Атырау облысы Су Арнасы" Facebook парақшасында онлайн түрінде өтеді.
Су құбырындағы апатты жағдайға байланысты Жұлдыз-2 кентіне су беру уақытша тоқтатылады. Апатты жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстардың аяқталу уақыты әзірге белгісіз.
Су құбырындағы апатты жағдайға байланысты Жилгородок ықшам ауданына су беру уақытша тоқтатылады. Апаттық жөндеу жұмыстардың аяқталу уақыты әзірге белгісіз.
Су құбырындағы апатты жағдайға байланысты Жұлдыз кентіне су беру уақытша тоқтатылады. Апатты жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстардың аяқталу уақыты әзірге белгісіз.
Су құбырындағы апатты жағдайға байланысты Сарыкамыс, Өркен поселкелеріне су беру уақытша тоқтатылады. Апатты жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстардың аяқталу уақыты әзірге белгісіз.
Су құбырындағы апатты жағдайға байланысты Геолог кентіне су беру уақытша тоқтатылады. Апатты жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстардың аяқталу уақыты әзірге белгісіз.
«Атырау облысы Су Арнасы» МКҚК-ның 2022 жылғы 2-тоқсандағы инвестициялық бағдарламасын іске асыру барысы туралы ақпарат.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 07.10.2021 жылғы № 72-НҚ және 22.10.2021 ж. No 134-Д бірлескен бұйрығымен. Атырау облысы бойынша Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен «Атырау облысы Су Арнасы» МКҚК-ның тарату желілері және магистральдық құбырлар арқылы су беру, сарқынды суларды шығару және тазарту бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша инвестициялық бағдарламасы бекітілді. Атырау қаласы мен Мақат ауданында 2021-2022 жж. (бұдан әрі – Инвестициялық бағдарлама) ҚҚС есептемегенде жалпы сомасы 513 888 306 (бес жүз он үш миллион сегіз жүз сексен сегіз мың үш жүз алты) теңге.
«Үлестіру сорғы станцияларындағы жабдықты сатып алу және ауыстыру» бөлімі бойынша:
- контроллерлер КО 362 29 дана сомасында ҚҚС-сыз 17 275 270 теңге. Қалған контроллер CU 362 1 дана көлемінде қажет болған жағдайда, біздің өтінішіміз бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін жеткізіледі;
- IO 351 контроллерлері 5 дана көлемінде ҚҚС-сыз 868 695 теңге сомасына.
«Атырау қаласының су тазарту құрылыстары үшін арматура мен қақпаларды сатып алу» бөлімі бойынша:
- жапқыш Д-300 мм 50 дана көлемінде ҚҚС-сыз 22 500 000 теңге сомасында;
- жапқыштар Д-800 мм 1 дана көлемінде ҚҚС-сыз 3 631 299 теңгеге.
«Атырау қаласының және қала маңындағы елді мекендердің сумен жабдықтау желілеріне арналған ысырмаларды сатып алу» бөлімі бойынша:
- ысырма клапандары Д-300 мм 6 дана көлемінде ҚҚС-сыз 4 500 000 теңге сомасында;
- ысырма клапаны Д-500 мм 1 дана көлемінде ҚҚС-сыз 3 121 000 теңге сомасына.
«Атырау қаласының және қала маңындағы елді мекендердің су құбыры желілеріне арматураны сатып алу» бөлімі бойынша:
- жапқыш Д-500 мм 2 дана көлемінде ҚҚС-сыз 3 554 500 теңге сомасында. Қалған жапқыштар D-500 мм 6 дана көлемінде қажет болған жағдайда, біздің өтінішіміз бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін жеткізіледі.
«Көтергіш сорғы станцияларындағы жабдықты сатып алу және ауыстыру» бөлімі бойынша:
- қысым датчиктері MBS1700 (кернеу 9-36В, номиналды ток 4-20мА) 10 дана көлемінде ҚҚС-сыз 400 000 теңге сомасына.
Инвестициялық бағдарлама бойынша қалған барлық іс-шаралар іске асырудың әртүрлі кезеңдерінде және 2022 жылдың соңына дейін аяқталады.
«Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ның 2022 жылдың 1 тоқсанына арналған инвестициялық бағдарламасының орындалу барысы туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 07.10.2021 жылғы №72-НҚ және Атырау облысы бойынша энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының 22.10.2021 жылғы №134-Д бірлескен бұйрығымен "Атырау облысы Су Арнасы" КМК-ң Атырау қаласы мен Мақат ауданы суды таратушы желілер және магистральдық құбырлар арқылы, сарқынды суларын бұру және тазарту бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтеріне 2021-2022 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы (бұдан әрі-инвестициялық бағдарлама) жалпы сомасы 513 888 306 (бес жүз он үш миллион сегіз жүз сексен сегіз мың үш жүз алты) теңгеге ҚҚС-сыз бекітілді.
Инвестициялық бағдарлама бойынша барлық жоспарланған іс-шаралар іске асырудың әртүрлі сатыларында және ағымдағы жылдың соңына дейін орындалатын болады.
11.04.2022 ж.
"Атырау Жарық" тарапынан "Мирный" СуТҚ-ға электр энергиясы берілмеуіне байланысты Дамбы су құбырына (Дамбы, Көкарна (Курилкин), Зарослый, Мирный, Водников) және Тасқала су құбырына су беру уақытша тоқтатылады. Су беру уақыты әзірге белгісіз.
Сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні су болмайды
«Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ы 13 шілдеге қараған түні сағ. 24.00-ден 14 шілде сағ. 07.00-ге дейін қаланың су тазарту құрылғылары мен тарату желілерінің маусымдық дезинфекциясына байланысты су беру уақытша тоқтатылатындығын барлық абоненттерге хабарлайды.
Жарбосынов және Құлманов көшелерінде сағат 09.00-ге дейін су болмайды.
Су құбырындағы апатты жағдайға байланысты Балауса кентіне су беру уақытша тоқтатылады. Апатты жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстардың аяқталу уақыты әзірге белгісіз.