Су құбырындағы апатты жағдайға байланысты Балауса, Ракуша, Өркен, Жұмыскер поселкелеріне су беру уақытша тоқтатылады. Апатты жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстардың аяқталу уақыты әзірге белгісіз.
Су құбырындағы апатты жағдайға байланысты Рембаза кентіне су беру уақытша тоқтатылады. Апаттық жөндеу жұмыстардың аяқталу уақыты әзірге белгісіз.
Су құбырындағы апатты жағдайға байланысты Еркінқала-1 кентіне су беру уақытша тоқтатылады. Апаттық жөндеу жұмыстардың аяқталу уақыты әзірге белгісіз.
Су құбырындағы апатты жағдайға байланысты Жұлдыз кентіне су беру уақытша тоқтатылады. Апаттық жөндеу жұмыстардың аяқталу уақыты әзірге белгісіз.
Су құбырындағы апатты жағдайға байланысты Дамбы кентіне су беру уақытша тоқтатылады. Апаттық жөндеу жұмыстардың аяқталу уақыты әзірге белгісіз.
Су құбырындағы апатты жағдайға байланысты Ақжар кентіне су беру уақытша тоқтатылады. Апаттық жөндеу жұмыстардың аяқталу уақыты әзірге белгісіз.
Су құбырындағы апатты жағдайға байланысты Көктем ықшам ауданына су беру уақытша тоқтатылады. Апаттық жөндеу жұмыстардың аяқталу уақыты әзірге белгісіз.
Су құбырындағы апатты жағдайға байланысты Алмалы поселкесіне су беру уақытша тоқтатылады. Апаттық жөндеу жұмыстардың аяқталу уақыты әзірге белгісіз.
«Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ң бос және қолжетімді қуаттары, сыйымдылықтары, орындары, табиғи монополия субъектісі желілерінің өткізу қабілеттерінің резерві, бар-жоғы туралы ақпарат
Жалпы өнімділігі 120 мың м3/тәул. болатын қаланың Су тазарту құрылғылары (СуТҚ) тиісті сапада және қажетті мөлшерде қамтамасыз ету үшін арналған құрылғылар кешенін құрайды.
СуТҚ келесі негізгі құрылғылардан тұрады:
1. Станционарлық станция мен жүзбелі сорап станциясынан тұратын І-ші су көтергіш сорап станциясы – өңделмеген су көтеру үшін.
2. №1, №2, №3, №4 сүзгілеу станциялары – ауыз суын дайындау үшін.
3. №1 ,2 ,3 ,4 ,5 ,6 ,7 таза су резервуарлары – тазалған суды жинау және сақтау үшін, жалпы көлемі 20 мың м3.
4. ІІ-ші су көтергіш сорап станциясы – тұтынушыларға таза суды беру.
5. СуТҚ-ң жылу қазандығы – СуТҚ-ң ғимараттары мен құрылғыларын, 1-ші участок аумағындағы 16 көппәтерлі тұрғын үйлерін жылумен жабдықтау.
І-ші су көтергіш сорап станциясы – жалпы өнімділігі 14 896 м3/сағ., өзінің құрамында келесілер бар:
Станционарлық сорап станциясы – 1939 жылы пайдалануға берілді, 3 сорап агрегатымен жабдықталған, өнімділігі – 7448 м3/сағ.
«Суперблок» жүзбелі сорап станциясы – 1994 жылы пайдалануға берілген, 3 сорап агрегатымен жабдықталған, өнімділігі – 7448 м3/сағ.
№1 сүзгілеу станциясы – жобалық өнімділігі 30000 м3/тәул.
№2 сүзгілеу станциясы – жобалық өнімділігі 30000 м3/тәул.
№3 сүзгілеу станциясы – жобалық өнімділігі 30000 м3/тәул.
№4 сүзгілеу станциясы – жобалық өнімділігі 30000 м3/тәул.,
Таза су резервуарлары сүзгілеу станцияларынан таза суды жинауға арналған. Содан кейін камералар арқылы су ІІ-ші су көтергіш сорап станциясынан, ары қарай тұтынушыларға беріледі.
ІІ-ші су көтергіш сорап станциясы жалпы өнімділігі 11 410 м3/сағ.
СуТҚ-ң жылу қазандығында жалпы өнімділігі 11,83 Гкал болатын үш қазан бар (2 дана әрқайсысы 4,0 Гкал, 1 дана 3,83 Гкал).
«Атырау облысы Су Арнасы» Атырау қаласы мен қала маңындағы поселкелерде, Мақат, Доссор кенттерінде су және кәріз желілерін пайдаланады:
- Су құбыры – 1440,930 км, оның ішінде Атырау қаласы мен қала маңындағы поселкелер бойынша – 1315,543 км, Мақат поселкесі (Мақат және Доссор кенті) – 125,387 км.
- Кәріз құбыры – 311,454 км, оның ішінде Атырау қаласы бойынша – 298,134 км, Мақат кенті бойынша – 13,32 км.
Сонымен қатар мекеме Атырау қаласы мен Мақат ауданы бойынша пайдаланады:
- Су қысымын көтеруші сорап станциясы – 47 дана.
- Кәріз сорап станциясы – 90 дана.
Мекеме Атырау қаласы мен қала маңындағы поселкелерде 15 ауыз су резервуарларын пайдаланады, оның ішінде:
1. Қалалық СуТҚ-да жеті резервуарлар, жалпы сыйымдылығы 20 000 м3 (3 дана әрқайсысы 5 000 м3-тен, 4 дана әрқайсысы 1250 м3-тен);
2. «Онкология» СуҚКСС-да екі резервуар, жалпы сыйымдылығы 300 м3 (әрқайсысы 150 м3);
3. Талқайран селосы СуҚКСС-да екі резервуар, жалпы сыйымдылығы 300 м3 (әрқайсысы 150 м3);
4. Жұмыскер поселкесі СуҚКСС-да екі резервуар, жалпы сыйымдылығы 200 м3 (әрқайсысы 100 м3);
5. Еркінқала селосы СуҚКСС-да екі резервуар, жалпы сыйымдылығы 1000 м3 (әрқайсысы 500 м3).
Сәрсенбіден бейсенбіге дейін түнде су болмайды
"Атырау облысы Су Арнасы" КМК 22 маусымға қараған түні 23 маусымда сағат 24.00-ден 08.00-ге дейін қаланың тарату желілеріндегі жоспарлы жұмыстарға байланысты суық су беру уақытша тоқтатылатынын хабарлайды.
Құрметті жеке сектордың тұрғындары!
"Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларының" 17 - тармағының негізінде "Атырау облысы Су Арнасы" КМК-ы директорының бұйрығымен Атырау қаласы мен қала маңы тұрғындары үшін 21.00-ден 07.00-ге дейін су құбырынан жасыл желектерді ауыз сумен суару уақыты бекітілгенін еске саламыз.
Қазіргі уақытта үй маңындағы учаскелерді заңсыз суару фактілерін анықтау мақсатында рейдтер (әкімдік, "Атырау облысы Су Арнасы" және ЖПҚ өкілдерінің қатысуымен) жүргізу басталды. Бұл қадам белгілі бір дәрежеде ауыз су беру жүйесіне түсетін жүктемені азайтуға және соның салдарынан сумен жабдықтау желісіндегі қысымды тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
Суару ережелерін бұзу, яғни ауыз суды заңсыз пайдалану фактілері анықталған жағдайда, бұзушыларға тиісті айыппұл санкциялары қолданылатын болады.
Рейдтер тұрақты негізде жалғасатын болады.
Құрметті Балауса ықшамауданы тұрғындары!
«Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ы ыстық ауа райының басталуына байланысты қаланың құбырларындағы судың қысымын тұрақтандыру бойынша кешенді жұмыстар жасап жатыр.
Сіздерге су беріліп отырған құбырлардағы жұмысты 6-7 маусым аралығында бітіру жоспарланып отыр.
Қаланың тұрғындары білетіндей, ыстық ауа райының басталуына және үй жанындағы учаскелерді, бау-бақшаларды, жасыл-желектерді суару үшін ауыз суын пайдалануына байланысты жыл сайын маусым айынан бастап, Еркінқала ауылдық округтерінің кейбір поселкелерінде су жетіспеушілік мәселесі басталады.
Қолданыстағы сызба бойынша Балауса, Еркінқала, Еркінқала-2 елді мекендеріне су беру Жұмыскер поселкесіндегі су қысымын көтеруші сорап стансасынан жүзеге асып отырды. Жазғы мезгілде ауыз суымен бау-бақшалар мен үй маңындағы учаскелерді жаппай суаруына байланысты Еркінқала ауылдық
округі поселкелерінің тұрғындары су тапшылығын көре бастады. Сумен жабдықтауды жақсарту мақсатында бізбен Құрманғазы мен Нысанбаев көшелері (бұрынғы «Аптекоуправление» аумағы) қиылысында су қысымын көтеруші сорап стансасының құрылысы бойынша жұмыстар жасалды. Жаңа сорап стансасын пайдалануға бергеннен кейін Балауса поселкесі тұрғындарын сумен жабдықтау аталған сорап стансасынан жүзеге асырылады. Ал Жұмыскер поселкесінде
орналасқан сорап стансасы тек Еркінқала, Еркінқала-2 поселкелеріне су беретін болады. Жаңа сорап стансасын пайдалану беру маусым айының бірінші декадасында жоспарлануда.
Біздің кәсіпорын сумен жабдықтауды жақсарту бойынша үнемі жұмыстар жүргізетініне тұрғындардың назарын аударамыз, сондай-ақ үй жанындағы учаскелердегі ағаштар мен бау-бақшаларды ауыз сумен суаруды түнгі уақытта сағат 21.00-ден 07.00-ге дейін жүзеге асыруды сұраймыз.